№ | Результаты обучения |
1 | көптілді ортада тұлғааралық және мәдениаралық коммуникация барысында әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық ғылым салаларындағы іргелі білім мен дағдылар негізінде олардың казақстандық қоғамды жаңғырту мен цифрландырудағы рөлі аясында белсенді азаматтық позицияны танытады. |
2 | құқықтық, кәсіпкерлік, өндірістік, экологиялық ортада қоғамдық, әлеуметтік маңызға ие құбылыстар мен үдерістерді түсінудің инновациялық әдістерін бағалау мен қолдануға қабілетті. |
3 | орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқу-әдістемелік үдерісті білім алушылардың даму үдерісінің физиологиялық және функционалдық ерекшеліктерін, жеке білім алу қажеттіліктерін ескере отырып, жоспарлап, болжай және басқара алады. |
4 | қазіргі қазақ тілінің фонетикалық, лексикологиялық, морфологиялық, синтаксис, стилистика салаларынан, тіл білімінің жаңа бағыттары, жазу теориясы мен тәжірибесінен толыққанды білім мазмұнын игерген және кәсіби іс-әрекетінде тиімді қолданып, нәтиже шығаруға қабілетті, тілді ұлттық мәдениетті таныту формасы, тіл мен халық тарихының өзара байланысы ретінде игерген. |
5 | әдебиет теориясы, поэтикасы, негізгі кезеңдері мен өкілдері жайлы ғылыми білімді игерген, қазақ тілі мен әдебиеттің зерттеу мәселелерін анықтау мен шешуде алған теориялық және практикалық білімін нәтижелі қолдануға қабілетті. |
6 | қазақ және орыс тілдеріндегі теориялық материалдарды салыстырмалы түрде меңгертуге қабілетті, қазақ және орыс тілдерінде ауызша және жазбаша аударма жасау дағдысы қалыптасқан, қазақ және орыс тілдерінде іс қағаздарын жүргізеді, электронды құжат айналымды ұйымдастыруға қабілетті. |
7 | жоғары эмоционалды интеллекті, шешендік өнер мен сөйлеу әдебін көрсетеді, жоғары әлеуметтік құндылықтар мен ізгілікті педагогикалық құндылықтарын ұстанады, қазақ тілі мен әдебиетін меңгертуде тәрбие үдерісін ұлттық құндылықтар негізінде ұйымдастырады, әлеуметтік, мәдени, білім беру салаларында сараптамалық, консалтингтік, аналитикалық қызмет көрсете алады. |
8 | қазақ тілі бойынша оқу материалын екінші тіл ретінде игертуге сәйкес топтастырады, өз бетімен дидактикалық материалдарды дайындап, оның тиімділігін тәжірибеде дәлелдей алады, оқу үдерісінде ақпараттық-техникалық құралдарды пайдалануды сәйкестендіреді; білім беру сапасын арттыруға ықпал ете отырып педагогикалық мәселелерді шеше алады, кәсіби қызметінің нәтижесін бағалайды және рефлексия жасайды. |
9 | қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқытуды педагогиканың теориялық-әдістемелік, дидактикалық, этнопедагогикалық негіздеріне сүйене отырып ұйымдастырады, шағын жинақталған мектептерде педагогикалық қызметті басқаруға, жоспарлауға, болжауға икемді, білім беру мекемелеріндегі әдістемелік, ғылыми-зерттеу, шығармашылық жұмыстарды іске асыруға икемді, пән бойынша базалық – нормативтік құжаттар мен оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеп, оларды оқыту үдерісінде басшылыққа алып, түрлендіру дағдылары қалыптасқан; өз бетімен білім алу және өзін-өзі тану қабілеттеріне ие. |
10 | оқыту нәтижелерін бағалаудың өлшемдік құралдарының әдіснамалық жүйесін жинақтайды, оқыту әдістемесі ғылымының әлемдік тәжірибесін, оқыту саласындағы теориялық бағыттар мен мектептер, теориялық, әдіснамалық ортақтастық мәселелері, қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының даму, қалыптасу жүйесіне тән кезеңдік тәжірибелерді (жаңартылған білім беру мазмұны) тұжырымдайды. |
11 | филологиялық зерттеу әдіснамасы мен әдістерін меңгеріп, қазақ тілі мен әдебиеті бойынша ғылыми жұмысты негіздейді, ұйымдастырады, бағалайды, ғылыми жұмыс нәтижесін апробациялайды және оны қорытындылауға қабілетті |
12 | қазақ тілін екінші тіл ретінде меңгертудің педагогикалық-психологиялық негіздерін, әдістемелік мәселелерін ғылыми тұрғыда бағалайды, жаңа тұжырымдарды негіздейді және қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне меңгертудің тиімді әдістерін саралай алады. |