2022 жылдың қыркүйегінде «Оптика», «Атом және атом ядросының физикасы» пәндері бойынша зертханалық жұмыстарға арналған қосымша аспаптар сатып алынды: әмбебап газ тұрақтысын анықтауға арналған зертханалық қондырғы, Френель бипризмасы, интерференциялық сүзгілері бар Ньютон сақинасы, неон түтігі бар Франк-Герц экспериментіне арналған қондырғы, Планк тұрақтысын анықтау, электронның меншікті зарядын анықтауға арналған қондырғы, жарық жылдамдығын өлшеуге арналған құрал, «Малюс Заңы» қондырғысы.
Зертханалық сабақтарда «6В01503 Физика», «6В01504 Физика-информатика» БББ білім алушылары оқытушылар мен лаборанттардың басшылығымен оқу зертханасы жағдайында арнайы әзірленген тапсырмалар негізінде өз бетінше тәжірибелер, өлшеулер, зерттеулер жүргізеді.
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2022/11/IMG_2478-1-1024x768.jpg)
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2022/11/IMG_2481-1-1024x768.jpg)
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2022/11/IMG_2496-1-1024x768.jpg)