РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР

2023 жылғы 4 сәуір күні Абай атындағы ҚазҰПУ-де «Цифрлық білім беру жағдайында мектеп пен педагогикалық жоғары оқу орындарында математика мен физиканы оқытудың сабақтастық мәселелері» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді. Семинарға п.ғ.к., қауымд.профессор м.а. Н.Ж.Жанатбекова, п.ғ.к., қауымд.профессор (доцент) Г.О.Кожашева, PhD, физика-математика бағыты бойынша білім беру бағдарламаларының жетекшісі Е.Н.Гаврилова, оқытушы-дәріскер Ә.Б.Абдулаева қатысты. Оқытушы-дәріскер «Бакалавриат және магистратура білім беру деңгейлері бойынша «физика» білім беру бағдарламаларының сабақтастығы туралы» баяндамасын оқыды. Семинар жоғары деңгейде өтті, онда мектеп пен ЖОО-да математика мен физиканы оқытудың сабақтастығы бойынша өзекті мәселелер талқыланды.