«Нашақорлық – ғасыр дерті»

05.04.2023 ж. Жаратылыстану жоғары мектебі, педагогикалық информатика бойынша БББ-ның ИҚ111, ИР111  топтарына арналған «Нашақорлық – ғасыр дерті» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты топ куртаторы Есейқызы Айымның ұйымдастырылуымен өткізілді. Өткізілген тәрбие сағатының мақсаты – нашақорлық  адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Студенттермен нашақорлыққа байланысты видеолар көріліп, осы видеоларды қорытындылау мақсатында денсауллыққа, өмірге байланысты мақалдар сұратылды. Топ кураторы тәрбие сағатының соңында, әрбір азаматтың міндеті  әлеуметтік тұрмыстарын жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әрекеттерден аулақ болу қажеттілігін атап айтты. Сонымен қатар, қазіргі кезде етек алған заманымыздың  шылым шегу, нашақорлық сияқты дерттерінен бойын аулақ ұстауды кеңес беріп өтті. Әр адамның бақытты, салауатты өмір сүруі – өз қолында!