2023 жылғы 13 сәуір күні Ғылым айы аясында жаратылыстану жоғары мектебінде п.ғ. д., профессор Е. Ж. Смагулов «Математика – цифрлық дәуір құзыретінің негізі» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Семинарға физика-математика бағыты бойынша білім беру бағдарламаларының магистранттары, докторанттары мен оқытушылары қатысты. Семинар аясында цифрлық технологияларды пайдалана отырып, математикалық білім беруді дамытудың ерекшеліктері мен перспективалары талқыланды.
Семинарға қатысушылар мазмұнның қанықтылығын, іс-шараның практикалық бағыты мен өзектілігін атап өтті.
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/04/IMG-20230413-WA0010-1-1024x768.jpg)
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/04/IMG-20230413-WA0015-1-1024x768.jpg)
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/04/IMG-20230413-WA0012-1-1024x768.jpg)