«Географ-зерттеуші» студенттік клубының студенттерге арналған кезекті семинары

12.10.2023 ж. 3-курс География-Тарих білім беру бағдарламасының білімгерлері Болатпаев Жәнібек пен Нурахметов Нурсултанның жазғы демалыс аясында сыртқы, ішкі туристік экспедициясынан студенттерге арналған семинар өтті.

Семинар кезіңде Болатпаев Жәнібек туристік экспедициясы барысында Солтүстік Америка материгі Мэн штатына «Work and Travel USA» программасы аясында жазғы демалыс уақытында 3 айға барғанын, Жәнібек өзінің Мэн штатына қалай барғаны қалай бару керектігі туралы, өзінің жұмыс істегені туристік саяхаты жайында студентерге кеңінен айтып қойылған сұрақтарға толық жауап берді. Сонымен қатар, Нурахметов Нурсултан Әлкей Марғұлан атындағы Археология институты жетекшілігімен Шығыс Қазақстан облысына «Туристік өлкетану» археологиялық экспедициясы барысында 05.06.23-05.07.23ж. күндер аралығында Катон-Карагай Аққайнар ауылына, 20.08.23-15.09.23ж. күндері Катон-Қарагай ұлттық паркі Таутекелі аумағына барған археологиялық экспедициясы барысында болған қызықты деректерімен бөлісті, суреттерін видеоларын көрсетті.

Оқытушылар, студенттер саяхатты, экспедицияны қызығушылықпен талқылап, сұрақтар қойып, тілектерін айтты.