2022 жылдың 29 наурызында «Облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығы» КММ, «Алматы облысының білім басқармасы» ММ ұйымдастыруымен «Математиканы оқыту: жағдайы мен мәселелері» тақырыбында облыстық конференция өтті. Конференцияға Алматы облысының тәжірибелі математика мұғалімдері қатысты.
Конференцияда жаратылыстану жоғары мектебінің оқытушы-дәріскері Забиева Камшат Казбековна «Болашақ педагогтарды математиканы оқыту әдістемесіне қалай оқыту керек?» тақырыбында баяндама жасады. К.К.Забиева конференцияға қатысқаны үшін алғыс хат алды.
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2022/03/WhatsApp-Image-2022-03-30-at-16.56.01-1.jpeg)
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2022/03/WhatsApp-Image-2022-03-30-at-16.55.26-2-1024x768.jpeg)