Босаған білім беру гранттарының конкурсы туралы хабарландыру
#SDG #ЦУР #ТДМ
Құрметті талапкер! 🎓 І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті сіздерді Ашық есік күніне шақырады. ⚜️ Бұл шараға жоғары сынып оқушылары қатыса алады. ⚜️ Сіздер білім беру бағдарламаларымен танысып, оқуға түсу шарттары туралы толық ақпарат аласыздар. Сонымен қатар, университет базасымен танысасыздар. ⚜️ 20.05.2026 — Жансүгіров көшесі 187 А, Бас оқу ғимараты⚜️ 21.05.2026 — Желтоқсан көшесі 220, №2 …
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2026 жылғы бітіруші түлектердің міндетті жұмыс өтімі бойынша Жетісу облысы білім басқармасының өкілімен кездесу өткізгелі отыр. 🗓️ 15.05.2026 🕒 15:00 📍 Желтоқсан көшесі 220, №4 оқу ғимараты І.Жансүгіров дәріс залы #SDG #ЦУР #ТДМ
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындары студенттері арасында «ӘРЕКЕТ-2026» республикалық бизнес-стартап жобалар байқауы өтті. Биыл 4-рет өткізіліп отырған жобаға 20 команда қатысып, өз жобаларын қорғады. Жас зерттеушілер «IT және әлеуметтік жобалар», «Өндіріс және қызмет көрсету» бағыттары бойынша бақ сынап, стартаптарын таныстырды. Байқау нәтижесі бойынша «Enactus Zhetysu» командасының студенттері …
«ӘРЕКЕТ-2026» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БИЗНЕС-СТАРТАП БАЙҚАУЫ Read More »
Бүгін Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Әскери кафедрасында 135 студент салтанатты түрде Әскери ант қабылдады. Салтанатты шарада Басқарма Төрағасы – Ректор Ермек Бөрібаев студенттерді ант қабылдау рәсімімен құттықтап, әскери борыш әрбір азамат үшін Отан алдындағы қасиетті міндет екенін айтты. «Ант қабылдау – бұл тек рәсім емес, Отан алдындағы адалдық пен сенімнің белгісі», – деді ректор. …
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде мемлекеттік басқару және менеджмент бағытындағы білім беруді жетілдіру аясында «Қазақстандағы мемлекеттік қызмет: миссия және құндылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Жетісу облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, өңірлік кадр резервінің мүшесі Ілияс Түстікбаев, сондай-ақ құқық және экономика факультетінің деканы Ғалым Телеуов, Жетісу облысы әкімі аппараты персоналды басқару қызметінің бас инспекторы …
Мемлекеттік басқару және менеджмент кафедрасының жұмыс берушілермен өзара ынтымақтастығы Read More »
4 мамыр 2026 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті құқық және экономика факультетінің құқықтық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Құқық саласындағы мамандарды дайындаудың жаңа үрдістері мен талаптары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің директоры Галия Кыдырбаева жүргізді. Кездесу барысында құқық қорғау саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлаудың заманауи талаптарды ескере отырып, …
Сәуір айының 24–26 күндері Париж қаласында джиу-джитсудан “PARIS OPEN GRAND PRIX” халықаралық турнирі өтті. Аталған жарыста І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенттері жоғары нәтижеге қол жеткізді:– Талғатқызы Данагүл (+70 кг салмақ дәрежесінде) – ІІ орын– Кенжебай Дарын (62 кг салмақ дәрежесінде) – ІІ орын Бұл жетістік – спортшылардың тынымсыз еңбегі …
2026 жылдың 28 сәуір күні І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті мен Алматы технологиялық университеті арасында спорттық жолдастық кездесу өтті. Аталған жолдастық кездесу волейбол (ұлдар/қыздар), футзал (ұлдар) және шахмат (ұлдар/қыздар) сияқты спорттың үш түрінен ұйымдастырылды. Жарыстың мақсаты – жоғары оқу орындары арасындағы спорттық- жолдастық қарым-қатынастарды нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және студенттердің жеке спорттық шеберліктерін жетілдіру. …
Астана қаласында «Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен «Инновациялық. Тұрақтылық. Болашақ» атты ауқымды хакатон жоғары деңгейде өтіп, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған дарынды жастардың басын қосты. Аталған шара инновациялық идеяларды қолдау, тұрақты даму бағытындағы тың жобаларды дамыту және жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында өткізілді. Білім мен бәсеке тоғысқан додада І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері де белсенділік танытып, жоғары нәтижелерге …
Жетісу университетінің студенттері хакатонда топ жарды Read More »