Қайырымдылық шарасы
Жетісу университетінде Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің ұйымдастыруымен «Айналайын» орталығымен достықтың 9 жылдығына арналған дәстүрлі «Шын жүректен-9» атты ізгілік кеші өтті. Шара наурыз айындағы қайырымдылық күніне тұспа-тұс келіп отыр. Оған Жетісу университетінің білімгерлері және айналайындық достарымыз қатысты. Жиын барысында Басқарма мүшесі-жастар саясаты жөніндегі проректор Б.А Сериев құттықтау лебізін білдіріп, бірқатар ұстаздарды марапаттады. Сондай-ақ, балалардың қамқор әкесі, …









