Гуманитарлық факультет

«ЖЕТІСУ ӨҢІРІНІҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІ»

2022 жылдың 07 қазанында 15:00-де І. Жансүгіров атындағы Жетісу Университеті, гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі, әлеуметтік-гуманитарлық білім беру бағдарламаларының ұйымдастыруымен «Қазақстанның сакралды орындары аясындағы студенттердің аймақтық экспедициясы» атты тұжырымдама негізінде тарих және тарих-география білімгерлері арасында  «Жетісу өңірінің киелі жерлері» атты ғылыми-танымдық жобалар байқауы өткізілді. Байқаудың алғы сөзін «Рухани жаңғыру ғылыми білім беру орталығының» аға ғылыми қызметкері, …

«ЖЕТІСУ ӨҢІРІНІҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІ» Read More »

«ПРЕЗИДЕНТТІК ТЕСТ» 

Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің  шетел тілдері және аударма ісі білім беру бағдарламасының оқытушылары  28.09.2022 күні өткен «Президенттік тест»  жарысына қатысты. Мүлік Дәулеткерей 35-40 жас арасындағы оқытушылар арасында I орын алды , Оспан Айдана Қаниқызы 18-23 жас аралығының I орын иегері,  ал Доскельдина Айдана Серікболқызы 26-30 жас аралығының II орын иегері атанды. Құттықтаймыз!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

19.09.2022 күні   Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің  шетел тілдері және аударма ісі білім беру бағдарламасының жетекшісі Орынбаева Ұлсерік Қыдырбайқызы Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінің шетел тілі: екі шетел тілі  мамандығы бойынша PhD философия докторы дәрежесін алды. Құттықтаймыз!

ӘДЕБИ ЛИГА «КҮЗ КӨҢІЛДІ ТЕРБЕЙДІ»

27 қыркүйекте 6В01703 – «Орыс тілі мен әдебиеті» және 6В01704 – «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламаларының 2 және 3 курс студенттері «Күз көңілді тербейді»  атты  Қазақстан халқының тілдері күніне 1 курс студенттеріне арналған әдеби лигасын өткізді. Тілдер күні – көпұлтты  халықтың  достығы мен бірлігінің мерекесі. 1 курс студенттері өлеңдер …

ӘДЕБИ ЛИГА «КҮЗ КӨҢІЛДІ ТЕРБЕЙДІ» Read More »

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті білімгерлерінің 2022 жылғы археологиялық маусымы

2022 жылғы 23 қыркүйекте Әлеуметтік-гуманитарлық бағыт бойынша білім беру бағдарламаларының ұймдастыруымен «І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті білімгерлерінің 2022 жылғы археологиялық маусымы» атты дөңгелек үстел өтті. Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтымен орнатылған меморандум негізінде университетіміздің білімгерлері 2022 жылдың шілде-тамыз айларында 2 халықаралық археологиялық экспедициялардың жұмыстарына қатысты. Бірінші экспедиция Жетісу облысы Ақсу ауданы Баянжүрек жазығында өтті. Археология Институты …

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті білімгерлерінің 2022 жылғы археологиялық маусымы Read More »

«ДӘУІР ДАНАСЫ»

2022 жыл 21 қыркүйекте Гуманитарлық ғылымдар жоғарғы мектебінің ҚТӘ 211 және ТҚ 411 топ білімгерлері Жетісу облысының М. Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайының ұйымдастыруымен өткен  «Дәуір данасы» атты Қонаев мұражайының көшпелі көрмесіне қатысты.

ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ»

2022 жылдың 21 қыркүйек «Әлеуметтік-гуманитарлық бағыт бойынша» БББ оқытушы-дәріскері Д. Қаратаева 6В01601 – «Тарих» және 6В01510 – «География-тарих» мамандығының  211 топ және ТҚ 311 топ білімгерлерін Талдықорған қаласының мемлекеттік архивінің «ашық есік күніне» орай өтілген іс-шараға апарып, архив құжаттарымен таныстырды. Білімгерлерді архивкі апарудың негізгі мақсаты білім беру бағдарламасының оқу үрдісіне сай «Мұражайтану және мұрағаттану» пәнінің …

ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» Read More »

«ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ АРАСЫНДАҒЫ МӘДЕНИ БАЙЛАНЫС: БІЛІМ БЕРУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ӨНЕР»

15.09.2022ж. Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі шетел тілдері және аударма ісі бойынша білім беру бағдарламасының ұйымдастыруымен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени байланыс: білім беру, ғылым және өнер» тақырыбында Түркия Республикасы Мармара университеті саясаттану және халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры Эрхан Доған мырзамен кездесу өтті. Кездесуге «Шетел тілі: екі шетел тілі» …

«ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ АРАСЫНДАҒЫ МӘДЕНИ БАЙЛАНЫС: БІЛІМ БЕРУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ӨНЕР» Read More »

ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ  МЕКТЕБІНЕ ЖАҢА ДЕКАН ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

 І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Баймырзаев Қуат Маратұлының бұйрығымен 2022 жылдың 1 қыркүйек айынан бастап гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы қызметіне философия ғылымдарының кандидаты Рысбеков Қадыр Қойшыбекұлы тағайындалды.

АЛТЫНЕМЕЛ АСУЫНЫҢ АЙТАРЫ КӨП

Оқу ордамыз Жетісу университетінің 50 жылдық мерейтойына байланысты «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұстазымыз Ілескен Әлбатырұлының жетекшілігімен 120 шақырымды құрайтын сапарға шығуды жоспарлағанымызға 2 апта болған.  Алғашында уатсап желісінен Журналистика және ақпарат білім беру бағдарламасының ЖҚ111 және ЖҚ211 тобының басын қосқан ақылдасу ашық алаңы құрылды.  Мүмкін онлайн хабар алысып отырғаннан болар барлығымыз бірден етене араласып кете …

АЛТЫНЕМЕЛ АСУЫНЫҢ АЙТАРЫ КӨП Read More »