ЕСІРТКІ ЖАСЫРУШЫ
19.03.2026 ж. физика-математика факультетінің студенттері арасында «Заң және тәртіп» акциясы аясында тәрбиелік мәні зор бейнефильм көрсетілді. Іс-шара барысында «есірткі жасырушы» тақырыбындағы бейнеролик ұсынылып, қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі кеңінен қозғалды. Фильмде жастарды заңсыз әрекеттерге тарту жолдары, түрлі манипуляциялық тәсілдер және оның қауіпті салдары нақты мысалдар арқылы көрсетілді. Көрсетілімнен кейін студенттер арасында белсенді талқылау ұйымдастырылып, олар …










