Жаратылыстану факультеті

Педагогикалық практиканың қорытынды конференциясы

2022 жылғы 4 наурызда Педагогикалық информатика бойынша БББ 3-курс ИПҚ 311, ИР 311, ИА 311 топ 6В01505 – «Информатика», 3-курс МИҚ 311 топ 6B01502 – «Математика-Информатика» және 3-курс ФИПҚ 311, ФИР 311 топ 6B01504 – «Физика-Информатика» білім беру бағдарламаларының білімгерлерімен педагогикалық практикадан өткендігі туралы қорытынды конференциясы өтті. Конференцияға Педагогикалық информатика бойынша БББ жетекшісі, п.ғ.к., Ж.Жиембаев, …

Педагогикалық практиканың қорытынды конференциясы Read More »

«Елім менің»

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында 28.02.2022 ж физика-математика бағыты бойынша білім беру бағдармаларының оқытушы-дәріскер Д. Куатбаева ФПҚ 311 тобының білімгерлері арасында «Елім менің» атты патриоттық тәрбие сағатың өткізіді. Кураторлық тәрбие сағатының мақсаты: – елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға; – еліміздің тәуелсіздігін паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егеменді елімізге қамқор болуға; – еліміздің …

«Елім менің» Read More »

Жаңартылған мазмұндағы мектеп химиясынан есептер шығару әдістемесі

2022 жылдың 28 ақпанында  Жаратылыстану жоғары мектебінің оқытушылары үшін « Жаңартылған мазмұндағы мектеп химиясынан есептер шығару әдістемесі» атты әдістемелік семинарды оқытушы-дәріскер PhD Гүлнархан Құрманғажы өткізді. Семинар барысында жаңартылған мазмұндағы химия оқулықтарындағы термодинамика және кинетика бойынша берілген есептердің шығару әдістемесі талқыланды.

Педагогикалық іс-тәжірибе – болашақ маманның кәсіби біліктілік кепілі

 2022 жылғы 24 ақпанда 6В011100- «Физика-Информатика»  мамандығы ФИПҚ 311 топ білімгері Айтан Динар педагогикалық іс-тәжірибе барысында Талдықорған қаласы, Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектеп КММ 9«б» сыныпта «Планк гипотезасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында Динар Планк формуласын есеп шығару барысында қолдануды , Фотоэффект құбылысын түсіндіру мақсатын көздеп, көзделген нәтижеге қол жеткізді. Сабақта білімгер …

Педагогикалық іс-тәжірибе – болашақ маманның кәсіби біліктілік кепілі Read More »

Жазбаша бақылау нысандары бойынша емтихан материалдарын әзірлеу стандарттары

2022 жылдың 18 ақпанында жаратылыстану жоғары мектебінің оқытушылары үшін «Білім алушыларға жазбаша билеттер әзірлеу» әдістемелік семинарды тіркеу офисінің директоры Р.К. Есимханова және оқытушы-дәріскер Е.Н. Гаврилова өткізді. Семинар барысында жазбаша билеттер бойынша емтихан материалдарын дайындау мәселелері және бағалау критерийлері, сондай-ақ сұрақтарды тұжырымдауға қойылатын талаптар талқыланды.

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»

2022 жылдың 16 ақпанында ХБҚ тобының білімгерлері мен топ кураторы Т.К.Укушева «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» атты тәрбие жұмысы өтті. Мақсаты: Жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті боламыз десек, әлемдік деңгейдегі ең озық оқулықтардан, ғылыми әдебиеттерден білім алған абзал. Біз әлі күнге дейін көбінесе орыс тіліндегі шетелдік әдебиеттерді қолданамыз. Бұл қазақ тілінің ғылым тіліне …

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» Read More »

Патриотизм

2022 жылдың 11 ақпанында Жаратылыстану Жоғары мектебі «Биология» мамандығының 211 топ білімгерлері мен куратор, оқытушы-дәріскер Т.К.Укушева білімгерлердің отаншылдық қазақстандық патриотизм сезімдерін нығайтуға және ілгерлетуге бағытталған «Патриотизм» атты тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: білімгерлерге патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. Білімгерлер жалпы патриотизм дегеніміз …

Патриотизм Read More »

Педагогикалық (өндірістік) іс-тәжірибе бастапқы конференциясы

2021 жылғы 21 желтоқсанда 3-курс “Физика-информатика”, “Математика-информатика” “Информатика” БББ және 4 курс  “Информатика”  мамандығы ФИҚ, ФИР, МИҚ, ИПҚ, ИР,ИА топ білімгерлерімен «Педагогикалық іс-тәжірибеден өту туралы»  конференциясы өтті. Конференцияға БББ жетекшісі  Ж. Жиембаев,  іс- тәжірибеге жауапты әдіскер  Н.Ермекова ,  А.Онгарбаева және білімгерлер қатысты. Сөз кезегі білімгерлерге беріліп, олар іс- тәжірибе туралы өз сұрақтарын қойып, оларға жауап …

Педагогикалық (өндірістік) іс-тәжірибе бастапқы конференциясы Read More »

Құттықтаймыз!

27.12.2021 күні «І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕ АҚ жанындағы докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңесінде 6D0109000 – Математика мамандығы бойынша философия (PhD) докторы дәрежесін алу үшін Жаратылыстану факультетінің (педагогикалық информатика бойынша БББ) оқытушы-дәріскері Забиева Камшат Казбековна «Болашақ математика мұғалімдерінің интеллектуалды қабілетін дамытуға WEB технологияларды қолдану әдістемесі» тақырыбында дайындалған докторлық диссертациясын сәтті қорғап шықты. Әріптесімізді табысты …

Құттықтаймыз! Read More »

Докторанттардың қорытынды педагогикалық конференциясы

2021 жылы 20 желтоқсанда 8D01502 – Физика, 8D01501 – Математика білім беру бағдарламаларының докторанттарына педагогикалық практикасының қорытынды конференциясы физика-математика бағыты бойынша білім беру бағдарламаларының жетекшісі Ә.Ә. Ақжолова және педагогикалық практикаға жауапты оқытушылар Д.А. Турсынбаева мен К.Б. Ескендировтың жетекшілігімен өткізілді. Конференция барысында докторанттар бакалавриатқа сабақ беру процесі мен сабақ кезінде қолданылған заманауи оқу технологияларының ерекшеліктерін презентация …

Докторанттардың қорытынды педагогикалық конференциясы Read More »