2024 жылғы 24-25 маусым. Молекулалық генетика және геномика зертханасының меңгерушісі Ермекбаев Қ.А. Ұйымдастырушы.

«2nd Central Asian Workshop on Wheat Genetics and Genomics» – халықаралық семинар. 

«2nd Central Asian Workshop on Wheat Genetics and Genomics» атты халықаралық семинар өтті. Семинар Қазақстанның бидай генетикасы мен селекциясы саласындағы жетекші ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының жетекші мамандары мен ғалымдарын біріктірді. Олардың қатарында: Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, И. Жахаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Ұлттық биотехнология орталығы, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты.

Семинарға Пәкістан Ислам Республикасының Исламабад қаласындағы Ұлттық ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу орталығының мүшесі доктор Zahid Mahmood және Түркияның Адана қаласындағы Çukurova университетінің ауыл шаруашылығы факультетінің далалық дақылдар кафедрасының профессоры доктор Хакан Озкан шақырылды.

Семинар барысында өсімдіктерді селекциялаудың қазіргі заманғы схемаларында «Speed Breeding» және «Hybrid Breeding» әдістерінің рөліне қатысты негізгі мәселелер қарастырылды, сондай-ақ бидайдың молекулалық селекциясының құралдары, соның ішінде эксперименттік дизайн және деректерді талдау әдістері талқыланды.

2024 жылғы 29 мамыр. Молекулалық генетика және геномика зертханасының меңгерушісі Ермекбаев Қ.А. Спикер.

«Эксперимент дизайны және деректерді талдау (R бағдарламасында)» тақырыбында ғылыми семинар. 

Іс-шара барысында қарастырылған мәселелер: эксперимент дизайнының ұғымы; сәтті және сәтсіз эксперимент дизайны; деректерді статистикалық өңдеу; эксперименттегі репликация, рандомизация және блоктау және т.б. Сонымен қатар, Канат Абаевич R-studio бағдарламасымен жұмыс істеудің негіздерін түсіндіріп өтті.

2024 жылғы 19-22 ақпан. Молекулалық генетика және геномика зертханасының меңгерушісі Ермекбаев Қ.А.

Пәкістан Ислам Республикасының Фейсалабад қаласында өткен «Бидай өсірудің озық әдістерін үйрену» атты семинар. Ұйымдастырушы –  IOFS (Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымы) білім мен озық тәжірибе алмасу мақсатында жүзеге асырылды. Семинар барысында ауыл шаруашылығы дақылдарын селекциялау үдерісін едәуір жеделдетуге мүмкіндік беретін speed breeding технологиясы сияқты ең жаңа әдістер мен технологиялар талқыланды. Бұл ынтымақтастық халықаралық серіктестікті тереңдетуге және зертханамыздағы ғылыми зерттеулерге заманауи тәсілдерді енгізуге ықпал етті.