Информатика және білімді цифрландыру кафедрасы
Оқытушылар құрамының сандық және сапалық көрсеткіштері.
Информатика және білімді цифрландыру кафедрасында 18 оқытушы сабақ жүргізеді, олардың: 2 ғылым докторы (п.ғ.д.), 5 ғылым кандидаттары (ф.-м.ғ.к, п.ғ.к) және 11 магистр (педагогикалық ғылым магистрлері, білім магистрлері)
Профессор-оқытушылардың ғылыми дәрежесі 39%-ды құрайды.
Білім алушылар саны:
Бакалавриат:
- 6В01505 (5В011100) — «Информатика» — 21
- 6В01502 — Математика-информатика — 21
- 6В01504 — Физика-информатика — 20
Магистратура:
- 7М01503 — «Информатика» — 36
- 7М01504 — «Менеджмент ИКТ в образовании» — 4
Докторантура:
- 8D01504 — Информатика — 1
Материалды-техникалық жабдықталуы:
Сабақ сапасын арттыру және оқыту программалары бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізу мақсатында Информатика және білімді цифрландыру кафедрасы төмендегі материалды-техникалық базамен жабдықталған:
- Кафедраға қарасты информатиканы оқыту әдістемесі кабинеті
- интерактивті тақталармен жабдықталған оқу кабинеттері
Ұйымдармен және әріптес жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық
Информатика және білімді цифрландыру кафедрасы отандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиясының салалық ғылыми-зерттеу институттарымен тығыз ғылыми ынтымақтастықты жүзеге асырады:
- Абай атындағы ұлттық педагогикалық университет;
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ;
- Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
- Ы. Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми-зерттеу институты ;
- Т.Шевченко атындағы Киев Мемлекеттік университеті (Украина);
- Czech University of Life Sciences Prague (Чехия);
- Рига техникалық университеті (Латвия);
1985 жылы қазан айынан бастап, Талдықорған педагогикалық институты физика-математика факультетіне қарасты «Информатика және есептеуіш техникасы» кафедрасы құрылды. Алғашқы кафедра меңгерушісі және ұйымдастырушысы болып физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Т. Ермеков болды. Алғашқыда оқу үрдісінде «КУВТ-86», «Электроника», «Корвет», «Агат», «БК-0010», IBM «YAMAHA-MSX» (Ямаха-2») , кейінгі жылдары Compaq, ІВМ РС-386, 486 және Pentium -IV дербес компьютерлерімен жабдықталса, бұл күнде соңғы үлгідегі компьютерлермен жабдықталған.
1985 – 1992 жж. «Информатика және есептеуіш техникасы» кафедрасы – меңгерушісі физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Т. Ермеков;
1996-2001 жж. Информатика кафедрасы - меңгерушісі физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент К.В. Тұрмағамбетова;
2001-2002 жж. Информатика кафедрасы - меңгерушісі аға оқытушы К.Н. Нуридинова;
2002-2003 жж. Информатика кафедрасы - меңгерушісі физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент К.В. Тұрмағамбетова;
2003-2004 жж. Информатика кафедрасы - меңгерушісі физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Н.С. Уалиев;
2004-2008 жж. – Информатика кафедрасы - меңгерушісі физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Н. Нысамбаев;
2008 - 2009 жж. – факультеттің құрылымдық өзгеруіне байланысты «Информатика» кафедрасы «Информатика» және «Ақпараттық технологиялар» кафедраларына бөлініп меңгерушісі педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Л.А. Смагулова;
2009 – 2011 жж.- Информатика кафедрасы - меңгерушісі педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Ж. Жанатбекова;
2011 – 2012 жж.- Информатика кафедрасы - меңгерушісі педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Т.Ж. Байдильдинов;
2012 – 2016 жж.- Информатика кафедрасы 2013 жылы Информатика және информатиканы оқыту әдістемесі» болып өзгеріп, меңгерушісі педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Ж. Жанатбекова атқарды.
2016-2019 жж. - Информатика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасы, меңгерушісі педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Т.Жиембаев болды;
2019-2021 жж. – Математика және информатика кафедрасы, меңгерушісі педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Ж.Т.Жиембаев болды;
2021 жылдың 1 қыркүйегінен – осы күнге дейін «Педагогикалық информатика бойыншы білім беру бағдарламалары», жетекшісі педагогика ғылымдарының кандидаты, оқытушы-дәріскер Ж.Т.Жиембаев.
- 6В01505(5В011100) - Информатика (Бакалавриат);
- 6В01504 - Физика-Информатика (Бакалавриат);
- 6В01509 - Математика және информатика (Бакалавриат);
- 7М01505(6М011100) – Информатика (Магистратура);
- 7М01504 - Білім берудегі АКТ менеджмент (Магистратура);
- 8D01504 - Информатика (Докторантура).
- ЭПК Информатика (Бакалавриат) 2021
- ЭПК Математика и информатика (Бакалавриат)
- ЭПК Математика и информатика (Бакалавриат) 2021
- ЭПК Информатика (Магистратура) 2021
- ЭПК Информатика (Докторантура) 2021
- ЭПК Білім берудегі АКТ менеджмент (Магистратура) 2021
- ЭПК Математика и информатика 2022
- ЭПК Информатика (Бакалавриат) 2023
- ЭПК Информатика (Магистратура) 2023
- ЭПК Информатика (Докторантура) 2023
- ЭПК Информатика (Бакалавриат) 2024
- ЭПК Информатика (Магистратура) 2024
- ЭПК Информатика (Докторантура) 2024
- ЭПК Математика-Информатика (Бакалавриат) 2024
- ЭПК Физика-Информатика (Бакалавриат) 2024
6В01505(5В011100) — Кафедраның мақсаты: Дублин дискрипторларына сәйкес математика, педагогика, психология мен математиканы оқыту әдістемесі саласындағы түйінді және әлуметтік құзыреттерге ие болатын жоғары білікті мамандарды даярлау.
Аталған білім беру бағдарламасының түлегіне 6В01505(5В011100) — Информатика мамандығы бойынша «білім бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.
Қызмет саласы: білім беру саласы.
Кәсіби қызмет нысандары:
-негізгі және бейіндік мектептер;
-мамандандырылған мектептер;
-техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары болып табылады.
ЖОО бітірушісінің жалпы құзыреттері жалпы білімділікке, әлеуметтік-этикалық құзыреттерге, экономикалық және ұйымдастыру-басқару құзыреттеріне, арнаулы құзыреттерге қойылатын талаптар негізінде қалыптасады, атап айтсақ: жалпы білімділікке қойылатын талаптар, әлеуметтік-этикалық құзыреттерге қойылатын талаптар, экономикалық және ұйымдастыру-басқару құзыреттеріне қойылатын талаптар, өзгерістер мен белгісіздіктердің динамизмі жағдайында әлеуметтік, экономикалық, кәсіби рөлдердің ауысуына, географиялық және әлеуметтік ұтқырлыққа байланысты дайындыққа қойылатын талаптар.
Арнайы құзыреттер жұмыс берушілердің талаптары мен қоғамның әлеуметтік сұраныстарын ескере отырып анықталады.
7М01505(6М011100) – «Информатика» білім беру бағдарламасының мақсаты- іргелі білімі бар жаңа формациядағы бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, инновациялық тәсілдер, жоғары білім, білім беруді басқару органдарының, оқу орындарының, ғылыми ұйымдардың, ғылыми, кәсіби және практика үшін ғылыми-зерттеу дағдыларын іске асыру.
Профильдік дайындау бағдарламасының түлектері 7М01505(6М011100) – «Информатика» бойынша академиялық дәрежесі «Білім магистрі» тағайындалады, ғылыми және педагогикалық дайындық бойынша 6M010900-математика мамандығы бойынша академиялық дәрежесі «Педагогика ғылымдарының магистрі» тағайындалады.
Кәсіби қызметінің бағыттары: ЖОО, ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар, инженерлік, технологиялық және жобалау ұйымдары, үкіметтер, білім беру мекемелері (педагогикалық оқу мектептер, гимназиялар, лицейлер, колледждер, математикалық профильді арнайы мектеп), өнеркәсіп өндірісі, т.б.
7М01505(6М011100) – «Информатика» мамандығының түлегінің кәсіби объектілері:
Профильдік:
- мекемелер, компаниялар мен қауымдастықтардың ғылыми-зерттеу, өндірістік және технологиялық процестер;
- халықаралық мемлекеттік мекемелер, фирмалар мен компаниялардың ұйымдық және басқарушылық процестерді, соның ішінде мемлекеттік;
Ғылым және педагогикалық:
- жоғары және орта оқу орындарының оқу – тәрбие процесстері.
Кафедра оқытушылары университетте өткізілетін оқыту семинарларына белсенді қатысады: «Болон процесі контекстіндегі академиялық ұтқырлық», «халықаралық аккредиттеу:мәселелері мен болашағы», «гуманитарлық мамандықтар үшін қашықтықтан оқыту технологияларын әзірлеу», «тиімді басқару дағдылары», «ғылыми зерттеулерге арналған Thomson Reuters ресурстары бойынша», «ИСО 9001: 2008 МС талаптарына сәйкес СМЖ ішкі аудиті» және т. б.
Кафедраның жетекші ғалымдары бюджеттік іргелі ғылыми зерттеулерді орындауға қатысады:
— п.ғ. д., профессор А. Нугусова 1 млн. теңге сомасына грантты жеңіп алды. педагог-психологтың кәсіби құзыреттілігі » жобасы бойынша»
2012 ж. — п. ғ. к. Г. Т. Қыдырбаева, орта және техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесін енгізу;
2012-2014 жж. п. ғ. к. Г. Т. Қыдырбаева, магистр Р. Ж. Жексембаева, онлайн тестілеудің көпфункционалды адаптивті жүйесін жобалаумен тестілік жүйелерді құрудың адаптивті әдістерін зерттеу;
2013 ж. п. ғ. д. е. ж. Смағұлов, «математикалық модельдеу» пәні бойынша магистранттарға арналған оқу-әдістемелік құралын әзірлеу»;
2015 ж. п. ғ. к. т. ж. Байдильдинов, интеграцияланған ақпараттық ортаны дамыту ЖОО-ның оқу процесін ұйымдастыру үшін оқыту;
2014-2017 жж. п.ғ. к. н. Ж. Жанатбекова, білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагогикалық ЖОО студенттерін инновациялық кәсіби қызметке даярлаудың әлеуметтік-педагогикалық негіздері;
2015-2019 жж.т. ғ. д. Андасбаев Е. С., П. ғ. к. Қыдырбаева г. Т. жаратылыстану-техникалық және математикалық пәндер бойынша білім беру бағдарламаларын жетілдіру: теория және әдістеме.
Информатика және білімді цифрландыру кафедрасы әлеуметтік-тәрбие жұмысы І.Жансүгіров атындағы ЖУ-і тәрбие жұмысының жоспарымен сәйкес жүргізіледі.
Академиялық топтардың куратолары студенттермен келесі модульдармен тәрбие іс-шаралар өткізуде: патриоттық – азаматтық тәрбие модулі, рухани – өнегелі тәрбие, интеллектуалды – шығармашылық, эстетикалық және валеологиялық, кәсіби және корпоративті тәрбие модулі, салауатты өмір сүруді қалыптастыру тәрбие модулі, құқық бұзушылықпен алдын – ала күрес жүргізу тәрбие модульдері. Кафедра «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іс – шаралар өткізеді. Академиялық топтар университеттің іс – шараларына белсене қатысады. Спорт күні мен қала күні, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Күні, Наурыз мейрамы, Халықаралық Әйелдер күні, спорттық іс – шаралар, Ашық Есік күндері мен ҚР Мемлекеттік Рәміздер Күні және т.б.
Рухани жаңғыруға қатысты прагматизм бөліміндегі ысырапшылық пен астамшылыққа қатысты және болашақты жоспарлау туралы айтылды. Ысырапшылық туралы айтқанда, негізінде тұщы су проблемасына басты назар аударылды. Жетісу жеріндегі судың көбі тұщы. Сондықтан осындай суды дұрыс пайдалану, яғни үнемдеу, ысырапқа жібермеу жайлы ашып айтылды.
Информатика БББ меңгерушісі м.а., .ғ.к. А.О.Алдабергенова жатақхана студенттерімен кездесіп, «Адамгершілік – рухани тәрбиенің маңызы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Кездесу мақсаты – жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру. Студенттер руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасатындығы, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік қасиеттері дамитындығы жайында сөз қозғады.
Ел басшысы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2030» стратегиялық даму бағдарламасында: «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткі, темекі мен алкагольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған,»- дейді. Осыған орай, математика және МОӘ кафедрасының аға оқытушысы К.Б.Ескендировтың ұйымдастыруымен физика-математика факультетінің оқытушылары мен білімгерлері арасында шағын футболдан жарыс өтті. Жарысқа факультеттің әр курсынан құралған білімгерлер командалары мен физика-математика факультетінің профессор-оқытушылары құрамасы қатысты. Тартысқа толы өткен жарыстың нәтижесінде 1 орынды – 2 курс білімгерлері, 2 орынды – ФМФ ПОҚ, 3 орынды – 3 курс білімгерлері иеленді. Үздік ойын көрсеткен командалар мен ойыншылар мақтау қағазы мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бұл спорттық іс-шараның мақсаты оқытушылар мен білімгерлер арасында достық қатынасты нығайту,салауатты өмір салтын ынталандыру болды.
Кураторлық сағаттың мақсаты – білімгерлердің сыбайлас жемқорлық туралы білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге шақыру, саяси сауаттылыққа баулу.
Информатика БББ оқытушылары білімгерлерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заңнамаларды өмірде қолдана білу бойынша түсінік беріп, оларды таза және адал еңбек етуге үндеді.
Информатика БББ аға оқытушысы Б.Д.Байтаракова № 2 жатақханада студенттеріне арнап «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты – жемқорлықтың салдары туралы түсінік беріп, онымен күресу жолдарын қарастыру.
Жетісу университетінің № 2 оқу ғимаратының № 310 аудиториясында Информатика БББ аға оқытушысы Б.Д.Байтаракова және «Математика» мамандығы бойынша МҚ 211 тобының білімгерлері «Рухани жанғыру» бағдарламасы аясында «Алтын ұя университетім» атты кураторлық сағат өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты – патриоттық сезімді ынталандыратын ұлтық құндылықтарды қайта қолға алу және рухани жанғыруды сипаттау. Білімгерлер аталған тақырыпқа арнап презентация көрсетіп, баяндама жасап, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Информатика БББ аға оқытушысы Ескендиров К.Б. математика мамандығының 3 топ білімгерлерімен « Рухани жаңғыру – ұлттық бірегейлік тұғыры» атты кураторлық сағат өткізді. Тәрбие сағаттың мақсаты : Білімгерлерді Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау. Білімгерлер аталған тақырыпқа баяндама жазып, оз ой – пікірлерін айтты.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Е.Ж. Смағұлов "2019 жылдың құрметті профессоры"номинациясында үздік деп танылды.
Педагогика ғылымдарының кандидаты қауымдастырылған профессор (доцент) м.а. Алдабергеновой Айгуль Оналбековна 2021 жылғы "ЖОО үздік оқытушысы" атағының иегері.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Е.Ж. Смағұлов 2020 жылғы "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағының иегері.
Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттырға қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасымен Жиембаев Жомарт Тумарбекович марапатталған.
Наурыз мерекесіне орай жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі және қоғамдық өмірге белсене атсалысқаны үшін Құрмет Грамотасымен Танабаева Әдемі Мергенбайқызы марапатталды.
Жиембаев Жомарт Тұмарбекұлы
педагогика ғылымдарының кандидаты, оқытушы-дәріскер
jomart73@mail.ru
Толығырақ
Смағұлов Есенғали Жексембайұлы
физика-математика ғылымдарының кандидаты, педагогика ғылымдарының докторы
Smagulovezh@mail.ru
Толығырақ
Алдабергенова Айгуль Оналбековна
Педагогика ғылымдарының кандидаты қауымдастырылған профессор (доцент) м.а.
aigul_ao@mail.ru
Толығырақ
Кыдырбаева Галия Турыспаевна
педагогика ғылымдарының кандидаты, оқытушы-дәріскер
kidirbaeva@gmail.com
Ермекова Набира Сагидуллаевна
Педагогика ғылымдарың магистрі, оқытушы-дәріскер
nabira.ermekova@mail.ru
Толығырақ
Кастеева Гульмира Далелхановна
Педагогика ғылымдарың магистрі, оқытушы-дәріскер
Kasteevagd@gmail.com
Толығырақ
Шетиева Қарлығаш Жантемировна
оқытушы-дәріскер
Толығырақ
Есейқызы Айым
Педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы ассистент
aiym.yesseykyzyy@gmail.com
Кабдуалиев Дастан Кайратович
оқытушы-ассистент
Толығырақ
Улдаханова Айжан Еркінқызы
Аға лаборант
Толығырақ