Высшая школа физической культуры и искусства

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің 4 курс білімгері  Орманғали Данияр 2022жылы 25 маусымда өткен Республикалық «Шаған Тау» жартылай марафон жарысында 1 орын алып,Алтын медалін иеленді. Бейнеге сілтеме: https://youtube.com/shorts/29dlI-JF1As?feature=share

Халықаралық турнир волейболдан

14-20.06.2022 жылы Тәжікстан мемлекетінің  Душанбе қаласында өткен волейболдан халықаралық турнирде І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің білімгерлерінің ерлер командасы жүлделі 1 орын иеленуімен құттықтаймыз! Бейнеге сілтеме:

«ПАЛИТРА ЖЕТІСУ» халықаралық жазғы мектеп-пленэрі

2022 жылдың 09-11 маусым аралығында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 50 жылдығына орай дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің ұйымдастыруымен «ПАЛИТРА ЖЕТІСУ» халықаралық жазғы мектеп-пленэрі өтті. Жазғы мектеп-пленэрге Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің жоғары оқу орындарымен қатар Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шәкәрім атындағы Семей университетінің оқытушылары …

«ПАЛИТРА ЖЕТІСУ» халықаралық жазғы мектеп-пленэрі Read More »

Қарлығаш спорттық-сауықтыру базасында сенбілік

03.06.2022 ж. Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің оқытушы-қызметкерлері мен білімгерлері І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің  Қарлығаш спорттық-сауықтыру базасында университетіміздің 50 жылдығына орай сенбілік өткізді.

«Көмек қолы» акциясы Талдықорған «Айналайын» балалар үйіне

28.05.2022 ж. дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің ерікті-білімгерлері  І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 50 жылдығына орай жоспарланған «Көмек қолы» акциясы аясында Талдықорған «Айналайын» балалар үйіне тиесілі Ескелді ауданы Көкжазық ауылындағы «Айналайын» демалу – сауықтыру лагерінде орналасқан ғимаратқа балалар күніне арналған қабырға суретін салды

«Оқу орындарындағы жастарды патриоттық тәрбиелеу жүйесін дамыту жолдары» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция (online)

2022 жылдың 27 мамыр айында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 50 жылдығына орай дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің ұйымдастыруымен «Оқу орындарындағы жастарды патриоттық тәрбиелеу жүйесін дамыту жолдары» аймақтық ғылыми-тәжірибелік (online) конференция өтті. Конференцияны дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің деканы Е.Утегенов ашты, оған мектеп, жоғары оқу орындарының ғылыми-педагогикалық қызметкерлері қатысты.

Пара пауэрлифтингтен ҚР Чемпионаты

25-29.04.2022 ж Талдықорған қаласында тірек қимыл аппараты және көру мүшелері зақымданған спортшылар арасында пара пауэрлифтингтен командалық және жастар арасында  ҚР Чемпионатында  54 кг салмақ дәрежесінде І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, дене шынықтыру және өнер жоғары  мектебінің 3 курс білімгерлері Буймов Захар жүлделі 1 орын иеленді.

Флешмоб

2022 жылдың 6 мамырында   дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің оқытушы-дәріскері Б.Ш. Шаяхметов «Бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламасының білімгерлерімен І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 50 жылдығына және 1942-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысының 77 жылдық жеңісіне арналған «Жас ұлан – 2022» патриоттық өлен флешмобын өткізді.

Академиялық адалдық

05.05.2022 ж Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің деканы Е. Утегенов  профессорлық-оқытушылар құрамымен Академиялық адалдық саясаты және Саналы ұрпақ жобасы талаптарының сақталуын бақылау мақсатында кездесу өткізді.

Фотокөрме

2022 жылдың 25 сәуірінде І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 50 жылдығына орай Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінде білімгерлер арасында «ТУҒАН ӨЛКЕМ» атты фотокөрме өткізілді. Фотокөрмеге 34 білімгер қатысты. Фотокөрменің нәтижесі бойынша білімгерлердің жұмыстары іріктеліп, озып шыққан жеңімпаздар диплом  және алғыс хаттармен марапатталды,                          Баркытова Салтанат Аскаровна,   І –  орын                          Даулетхан Жанерке Талғатқызы   ІІ-  орын    …

Фотокөрме Read More »