Высшая школа физической культуры и искусства

ІІІ-орын иеленуімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Алматы облысы, Қарасай ауданында Республикалық олимпиадалық даярлау базасында Еркін күрестен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің 2 курс білімгері Шаймұран Бедел 65 кг салмақ дәрежесінде ІІІ-орын иеленуімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

«Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күні»

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Наурыз мерекесіне орай өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес, Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебі, Техникалық ғылымдар жоғары мектебімен бірлесе отырып «Мәдениет және ұлттық салт – дәстүр күніне» арналған іс-шара өткізді.

«Шабыт» еріктілер тобы

Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің «Дизайн»,«Көркем еңбек, графика және жобалау» білім беру бағдарламаларының білімгерлерінен құрылған «Шабыт» еріктілер тобы қаламыздағы «облыстық мамандандырылған балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі кішкентай бүлдіршіндерімізбен түрлі конкурстар және ойындар ойнатып көңілдерін көтере отырып, естен кетпес кеш сыйлады. Кішкентай бүлдіршіндеріміз өз алғыстарын білдірді.

«Бумеранг»еріктілер тобы

Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің «Бумеранг» еріктілер тобы Талдықорған қаласындағы «Жетісу облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорған қаласының облыстық №1 «балабақша-мектеп-интернат» арнайы кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде балларды рухани қолдау үшін «Бақытты балалық шақ» атты спорттық-сауықтыру жарысы өткізілді. Мектеп оқушылары ерекше қызығушылық таныта отырып ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдірді.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Астана қаласында Орынбасаров Сұлтанбекті еске алуға арналған боччадан ашық республикалық турнирда Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің 1 курс білімгері Аскарбеков Куанышты І орын иеленуімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

«Қазақстан әрқашан да көп этносты мемлекет болады және ешкім ешқашан қандайда бір ұлттық тазартуды жүргізбейді»

Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің оқытушы-ассистенті А. Аннабигин «Қазақстан әрқашан да көп этносты мемлекет болады және ешкім ешқашан қандайда бір ұлттық тазартуды жүргізбейді» тақырыбында дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасының 3-курс білімгерлерлерімен кураторлық сағат өткізді.

СҰЛТАНЫ атануымен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

01.03.2024 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Жастар Орталығының ұйымдастыруымен «ЖУ Сұлтаны – 2024» байқауында Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің білімгері Сейсенбек Қуаныш Ермекұлын І орын иеленіп, Жетісу университетінің СҰЛТАНЫ атануымен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

«Ұлан» еріктілер тобы

Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің оқытушы-ассистенті А. Жаңабай мен «ҰЛАН» еріктілер тобының білімгерлері бастама көтеріп қаламыздың екі отбасына (көпбалалы жалғызбасты аналарына) азын-аулақ көмектерін азық-түлікпен ұсынып қайтты.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

27.02.2024 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Жастар Орталығының ұйымдастыруымен «ЖУ Аруы – 2024» байқауында Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің білімгері Серикбаева Азиза Расуловнаны ІІ орын иеленуімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!