Высшая школа физической культуры и искусства

Дене шынықтыру және өнер факультетінің, дизайн білім беру бағдарламасының 3 курс білімгерлері 2021 ж. 17-22 қыркүйек аралығында, Талдықорған қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Алматы облысы орталығының 20 жылдығы және қала күніне орайарнайы ұйымдастырылған «ЖАҢАРҒАН ТАЛДЫҚОРҒАН» атты суретшілер плэнеріне қатысып ұшқыр қиялын шеберлікпен бейнелеп, белсенді ат салысқандары үшін алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

15.09.2021 ж. дене шынықтыру және өнер факультетінде «Креативтілік және медиа» виртуалды зертханасының ашылуы өтті. Оқу зертханасы заманауи технологиялармен толық жабдықталған, интерьері білім алушыларды сапалы оқытуға арналған бірегей дизайнда безендірілген. Ашылу салтанатына ғылыми жұмыс жөніндегі Проректор А.Бахтаулова, ПОҚ және «Дизайн» білім беру бағдарламасының білім алушылары қатысты.

«Апамның алашасы» көрмесі өткізілді

2021 жылдың 9 маусымында Алматы облысының Көркемөнер галереясында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультеті, Шығармашылық білім беру кафедрасының аға оқытушысы Ахметов Бақыт Базарбекұлының «Апамның алашасы» атты жеке шығармашылық көрмесі ұйымдастырылып, өткізілді. І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ректоры Баймырзаев Қуат Маратұлы атынан Дене шынықтыру және өнер факультетінің деканы Утегенов Ерлан Казбекұлының құттықтау …

«Апамның алашасы» көрмесі өткізілді Read More »