Высшая школа физической культуры и искусства

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын іске асыру» атты тақырыпта тәрбие  сағаты

2022 жылдың 28 ақпан күні І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің, дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің  тәрбие жұмысы бойынша үйлестіруші А.Кунбосынның ұйымдастыруымен жоғары мектептің белсенді білімгерлерімен тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын іске асыру» атты тақырыпта тәрбие  сағаты өткізілді. Тәрбие сағатқа жоғары мектептің «Саналы ұрпақ» клубының жетекшісі, оқытушы-дәріскер С.Онгарбаева қатысты. Іс-шараның мақсаты …

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын іске асыру» атты тақырыпта тәрбие  сағаты Read More »

Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің бітіруші түлектерімен онлайн кездесу

25.02.2022 ж. сағат 16.00-де І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің, дене шынықтыру және өнер жоғары мектебі мансап және жұмысқа орналастыру орталығының басшысы С.Смагулованың қатысуымен, 2021-2022 оқу жылы мемелекеттік білім беру тапсырысы, ауылдық квота бойынша білім алған бітіруші түлектеріне міндеттемені жұмыспен өтеу мәселелерін түсіндіру мақсатында онлайн форматта кездесу өткізді. Кездесу барысында бітіруші түлектер қойылған сұрақтарына толықтай жауап алды.

Семинар

«Студенттердің, магистранттар мен докторанттардың білімін критериалды бағалау және жазбаша бақылау бойынша емтихан материалдарын әзірлеу жүйесі» тақырыбындағы оқыту семинарларының бағдарламасына сәйкес, 2022 жылғы 24 ақпанда дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің оқытушы-дәріскері Р.Садуакасова жоғары мектеп оқытушыларына «Бақылаудың жазбаша нысандары бойынша білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері»семинарын өткізді. Семинар барысында Блум таксономиясы негізінде емтихан материалдарын дайындау, білім беру …

Семинар Read More »

Түлектермен кездесу

09.12.2021 ж. Дене шынықтыру және өнер факультетінде 4 курс студенттері және Алматы облысы Ішкі істер департаментінің қызметкерлерімен түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатында кездесу ұйымдастырылды.  Кадр қызметі бастығының орынбасары полиция майоры Е.Шалбаев ішкі істер қатарына  жұмысқа қабылдау ережелерін түсіндірді, сондай-ақ полиция подполковнигі А.Мухамадиева және «СОБР» жедел әрекет ету қызметінің қызметкері капитан О. Құрманғалиев сөз сөйледі. Ішкі істер …

Түлектермен кездесу Read More »

Жеңімпазды құттықтаймыз!

2021 жылдың 19 қарашасында   Орал қаласында әйелдер  арасындағы дзюдодан ҚР чемпионатында 78 кг салмақ дәрежесінде  1  орын иеленген Дене шынықтыру және өнер факультетінің 2 курс магистранты  Берликаш Камиланы  құттықтаймыз!

Академиялық адалдық

30.11.2021 ж. Дене шынықтыру және өнер факультетінің «Саналы ұрпақ» клубының жетекшісі С.Оңғарбаеваның ұйымдастыруымен «Академиялық адалдық» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Іс-шара шеңберінде дене шынықтыру және спорт, музыкалық білім беру бағдарламаларының 2 курс білімгерлері білім берудегі шыншылдық, сенім мен құрмет, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын сақтау мәселелерін талқылады. Іс-шараға университеттің «Саналы ұрпақ» жобалық кеңесінің төрағасы Е. Беисов қатысты.

Академиялық концерт

2021 жылдың 22 қарашасында дене шынықтыру және өнер факультетінде музыкалық білім берудің 3 курс студенттері Менщикова Евгения мен Лазгиева Елизаветаның ұйымдастыруымен 2 курс студенттерін жаңа және жағымды тәжірибе алу үшін фортепианолық классикалық өнерге баулу мақсатында академиялық концерт өтті. Дәріс барысында XIX – XX ғасырлардағы шетел композиторларының шығармалары орындалды. Студенттерімізге шығармашылық табыс тілейміз! Бейнеге сілтеме: https://youtu.be/JtHnhQwTYj0

Көрме

19.11.2021 ж Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің, дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы-дәріскері Б.Ахметовтың ұйымдастыруымен Көркем еңбек, графика және жобалау мен Дизайн білім беру бағдарламаларының оқытушылары мен білімгерлерінің шығармашылық жұмыстарынан жинақталған көрмесін университетіміздің бас оқу ғимаратында өткізді. 1.Бейнеге сілтеме: https://youtu.be/1PsHdxEV5sw 2. Бейнеге сілтеме: https://youtu.be/1PsHdxEV5sw

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

13.11.2021 ж. Алматы қаласында ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдығына орай «Жас Дарын» республикалық орталығының ұйымдастыруымен «Өнер, білім бәріде, оқуменен табылған» республикалық байқауында дене шынықтыру және өнер факультетінің 1 курс студенті Бейбіт Мейірбек «Дәстүрлі ән» номинациясында I орын иеленді және жетекшісі шығармашылық оқыту білім беру бағдарламасының оқытушы-дәріскері С.Онғарбаева алғыс хатпен марапатталды.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОН ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

14 қараша 2021 жылы Түркістан қаласында ҚР 30 жылдығына арналған Республикалық марафонда І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, дене шынықтыру және өнер факультетінің білімгерлерін  жартылай марафонда жүлделі 1 орын иеленуімен құттықтаймыз! Ормаңғали Данияр-4курс студенті Керимова Мадина-3 курс студенті