Ашық сабақ

Жаратылыстану факультеті жаратылыстану-ғылыми бағыт бойынша білім беру бағдарламасының 2 курс магистранттары  25.10.2021 – 20.11.2021 ж. аралығында педагогикалық іс-тәжірибеден өтті. 7М01505-Биология білім беру бағдарламасының магистранттары педагогикалық практика кезінде 1-4 курс студенттеріне дәріс, практикалық сабақ, зертханалық сабақтар жүргізді. Практиканттардың сабақтары практика жетекшілері мен пән оқытушылары тарапынан бақыланып, кеңестер беріліп отырды. Биология білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттары Сыдыканова Маржан мен Оразғалиева Айжан педагогикалық іс-тәжірибе кезінде  2-4 курс -білімгерлеріне онлайн форматта лекциялар, офлайн практика сабақтарын жүргізді. Оразғалиева Айжан 20.11.2021 күні Оқушылардың даму физиологиясы пәнінен 2 курс шет тілі білім беру бағдарламалары студенттеріне онлайн форматта «Шығару жүйесінің физиологиясы» тақырыбында  ашық дәріс сабағын өткізді.  Сыдыканова Маржан 21.11.2021 күні Паразитология жане микология пәнінен  3 курс химия-биология білім беру бағдарламалары студенттеріне онлайн форматта «Базиодимицеттер классы» тақырыбына ашық дәріс өткізді. Ашық сабақ оқытушылар тарапынан жоғары бағаланды. Қорытынды конференцияда магистранттар практика нәтижесі жөнінде есеп беріп, күнделік және қажетті құжаттарын өткізеді.