ПАТРИОТИЗМ СЕЗІМІН НЫҒАЙТУ ЖӘНЕ ІЛГЕРЛЕТУГЕ БАҒЫТТАУ

Шығармашылық оқыту білім беру бағдарламаларының оқытушысы М.Турганованың ұйымдастыруымен КЕҚ211 және КЕҚ311 топ студенттерінің қатысуымен «Патриотизм сезімін нығайту және ілгерлетуге бағыттау» атты  тәрбие сағаты өтті. Мақсаты – әрбір азамат өз Отанын сүюге, тарихын біліп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білуге үлес қосу. Тәрбие сағаты Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталып,  студенттер Отанға деген сүйіспеншіліктерін өлең жолдарымен, ұлы ақындардың сөздерімен жеткізді. Сонымен қатар, екі топқа бөлініп, «Патриоттық сезім – заманауи тұрғыда қазіргі жастардың бойында барма әлде жоқпа» деген пікірталас жүргізілді. Тарихқа шолу жасап, тәрбиелік сағатта айтылған әр ойды көкейімізге түйіп, өз еліміздің патриоты болуды бойымызға нық қондырдық.