ХІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫ

2022 жылы 22 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған 6В01300 – Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерін дайындау бағыты бойынша ХІІІ Республикалық пәндік олимпиадасы өтті.

Олимпиаданың мақсаты: болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық идеяларын насихаттау, білім алушылардың кәсіби құзыретттіліктері мен даярлық сапаларын анықтау, ғылыми инновациялық әрекет әлеуетін ашуға жағдай жасау.

Олимпиадаға Республика бойынша 18 команда қатысты.

Соның ішінде І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, педагогика және психология жоғары мектебі оқыту және тәрбиелеу әдістемелері білім беру бағдарламаларының ф.ғ.к., оқытушы-дәріскер Р.О. Асылова мен п.ғ.м., оқытушы-дәріскер Н.С. Алпысбаеваның жетекшілігімен 6В01301 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 3 курс БҚ 311, БҚ 312 топ студенттері Галиоллаева Айжан, Тумарбаева Маржан, Чинетова Аяулым, Аязбек Айзада қатысып, нәтижесінде жүлделі 3 орынға ие болды.