Жас ұрпақтың рухани жаңғыруы- ұлттық сананың кемелденуі

Жаратылыстану жоғары мектебінде Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту мақсатында 6В011509-«География»,6В011510 «География-Тарих»  мамандығының 3-4 курс 311 ГТҚ,  411 ГҚ, 411 ГТҚ,411 ГИР білімгерлері және куратор С.М.Дүйсембинова «Жас ұрпақтың рухани жаңғыруы- ұлттық сананың кемелденуі» тақырыбында  тәрбие іс-шарасын өткізді.

Рухани жаңғыру – қазақстандықтардың салт-санасы мен дүниетанымын өзгертетін қозғаушы күш. Елбасы Нұрcұлтан Назарбаевтың мақаласын оқып шығып, осындай ой түйдім. Оның айтуынша, бұл ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, жаһандық жаңашылдыққа жетелейтін жол. Қазіргі қоғам көзқарасы қалыптасқан зерделі де, зерек тұлға тәрбиелеуі тиіс. Ол үшін ілім-білімге ұмтылып, жан-жақты жетілген жөн.