Жемқорлықсыз ел гүлденген ел!

2022 жылдың қараша айының 28 күні І.Жансүгіров  атындағы Жетісу университеті жаратылыстану жоғары мектебінің 6В01506 «Химия» және 6В01507 «Химия-биология» мамандықтары білімгерлерінің және топ кураторы  оқытушы-дәріскер, PhD  Құрманғажы Гүлнарханның ұйымдастыруымен «Жемқорлықсыз ел гүлденген ел!» атты жемқорлыққа қарсы тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатында білімгерлер жемқорлыққа қарсы толыққанды ақпарат алды, сонымен қатар мемлекетіміздің білім сапасының жоғары деңгейде қалыптасуы мақсатында кез-келген азамат парасат биігінен көрінуге тиісті деп есептейміз.