Ақындық пен азаматтық шамшырағы

Рухани жаңғыру аясында Жаратылыстану жоғары мектебінде Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Ақындық пен азаматтық шамшырағы – Мұхтар Шаханов» атты білімгерлер арасында сайыс өтті, ұйымдастырушылар Химия-Биология мамандығының 3 курс білімгерлерімен топ кураторы Укушева Т.К. Қатысушылар Жаратылыстану ғылыми бағыт бойынша БББ білімгерлері: Биология 1 және 2 курс – кураторы Мукашева Д.М.; Химия 1 курс білімгерлері-кураторы Маманова С.А.; Химия-Биология 2 курс білімгерлері-кураторы Ыбраймжанова Л.К. Сайыс 4  кезеңнен тұрды.Сайыс әділқазылар алқасында төрешілдік еткен: Жаратылыстану ғылыми бағыт бойынша БББ жетекшісі Оксикбаев Б.К., оқытушы-дәріскерлер Имангазинова Ж.С., Ыбраймжанова Л.К.

Сайыста М.Шахановтың шығармашылығынан өлеңдер оқылып, ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты интеллектуальды ойын ұйымдастырылды.Іс-шара жеңімпаздары Алғыс хаттармен марапатталынды.

Мұхтар тұлғасы ғасырлар кешінде талай-талай мақтала берері хақ!
Өмір мен өнер заңдылығына әлдеқашан айналып, ой- санамызға табиғи түрде сіңісіп, уақыттың ағымымен ұдайы жаңғырып тұратын құбылыс, ұлы сезім!