ҚОРЫТЫНДЫ КОНФЕРЕНЦИЯ

16.02.2023 ж. Жаратылыстану жоғары мектебі, физика – математика бағыты бойынша БББ – да 6В01501 – «Математика»  мамандығының  3 курс студенттерінің педагогикалық практика бойынша қорытынды конференциясы өтті.

Студент – практиканттар Талдықорған қаласы мен Жетісу облысының түрлі мектептерінде педагогикалық практикадан өтті. Теориялық білімді бекітуге бағытталған тәжірибеде студенттер математика мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің жұмысын орындады. Қорытынды конференцияда олар жеке мектептер бойынша атқарылған барлық жұмыстарды көрнекі түрде ұсынып, өз есептерін тапсырды. Талқылау барысында әдіскерлер есеп құжаттаманы қабылдап, педагогикалық тәжірибені қорытындылады. Конференцияда БББ жетекшісі  Е.Н.Гаврилова сөз сөйлеп, білімгерлерге оқуда табыс тілеп, пәнді оқытуда және оқу қызметінің барлық нысандарын орындауда жоғары деңгей көрсеткен студенттерге алғысын білдірді.