Тәлімгер жұмысын үйлестірудегі мектеп тәжірибесі

04.11.2022 ж. «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ «Барлыбек Сырттанұлы атындағы №25 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Алматы облысы бойынша біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» филиалының Жетісу облысы бойынша өкілдігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ  ұйымдастырған «Тәлімгер жұмысын үйлестірудегі мектеп тәжірибесі» атты семинардың I-кезеңі өтті.

Семинарға І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті педагогика және психология жоғары мектебі деканының орынбасары Г.С. Майлыбаева, оқытушы-дәріскерлер Н.С. Алпысбаева, Г.А. Тажинова және 6В01301 – Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, 6В01201 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламаларының 4 курс студенттері қатысты.

Тәлімгерлік мектебінің жұмысын ұйымдастыру және жақсарту бойынша бірлескен семинардың II-кезеңі 09.12.2022ж. І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде жалғасты. Бұл кезеңде тәлімгердің жұмыс жоспарын іске асыру, нормативтік-құқықтық құжаттаманы бірлесіп зерделеу арқылы жас маманның кәсіби және психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін дамыту, ҰМЖ, ОМЖ  және қысқа мерзімді жоспарларды құру және түзету, кәсіби шеберлік пен дағдыларды дамыту бойынша коучинг өткізілді.

Мақсаты: тәлімгерлік үдерісті жүзеге асыруда тиімді тәжірибені ұсыну.

Семинар барысында студенттер мектептегі тәлімгерлік жүйесінде жас маманға жұмыс орнында практикалық және теориялық көмек көрсетуге және оның кәсіби құзыреттілігін арттыруға дайын тәжірибелі педагог-тәлімгердің қолдауына ие болу қажеттілігі туралы ақпаратпен танысты.