2023 жылғы 11 сәуірде Жаратылыстану жоғары мектебінің педагогикалық информатика бағыты бойынша білім беру бағдарламасының оқытушы-дәріскері Г.Д.Кастеева «Математика-информатика», «Физика-информатика», «Информатика» мамандықтарының 2 курс білімгерлерімен «Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу» атты тәбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: Жасөспірімдерге есірткінің зияны туралы ақпарат беру, құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы олардың есірткіге тәуелді болмау жолдарының алдын алу. Арнайы бейнебаян мен жинақтаған материалдарымен бөліскен, көкейдегі сұрақтарға жауап табылған басқосу болды.
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/04/WhatsApp-Image-2023-04-12-at-11.28.03-1-1-603x1024.jpeg)
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/04/WhatsApp-Image-2023-04-12-at-11.28.04-1-1024x768.jpeg)
![](https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/04/WhatsApp-Image-2023-04-12-at-11.28.03-2.jpeg)