Факультет физической культуры и искусства

Дене шынықтыру және өнер факультеті бойынша жыл қорытындысы

Дене шынықтыру және өнер факультеті бойынша жыл қорытындысы жасалды, факультет жұмысының бағыттары бойынша кемшіліктер мен жетістіктер аталып өтті. Әр түрлі деңгейдегі спорттық жарыстар мен үздік оқып көзге түскен белсенді білім алушылар марапатталды.

Таза сессия

Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы-ассистенті С. Маталыцкий «Таза сессия» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.Кездесу барысында студенттермен академиялық адалдық қағидаттары, сессия кезеңіндегі жауапкершілік, ішкі тәртіп ережелерін сақтау және емтихандарға адал дайындалудың маңыздылығы кеңінен талқыланды.

“ЕРЛІК” әскери-патриоттық еріктілер тобы

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің “ЕРЛІК” әскери-патриоттық еріктілер тобы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебінің әскери бөліміне барып, әскери бөлімнің күн тәртібімен танысты. Сонымен қатар, студенттер Ұлы Отан және Ауған соғысы ардагерлеріне арналған мұражайды тамашалап, тағылымды әсер алды.

Құттықтаймыз

Сәуір айының 24–26 күндері аралығында Париж қаласында джиу-джитсудан “PARIS OPEN GRAND PRIX” халықаралық турнирі өтті. Аталған жарыста І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенттері жоғары нәтижелерге қол жеткізді:– Талғатқызы Данагүл (+70 кг салмақ дәрежесінде) – ІІ орын– Кенжебай Дарын (62 кг салмақ дәрежесінде) – ІІ орын Бұл жетістік – спортшылардың тынымсыз …

Құттықтаймыз Read More »

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің профессор-оқытушы құрамы арасында өткен жазғы Президенттік тест қорытындысы бойынша Дене шынықтыру және өнер факультетінің профессор-оқытушылар құрамы жүлделі І орынды иеленді.Факультет ұжымын жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жетістік – ұйымшылдықтың, жоғары дайындық пен салауатты өмір салтына деген жауапкершіліктің айқын көрінісі. Алдағы уақытта да толағай табыстар мен биік белестер тілейміз!

Құттықтаймыз

2026 жылдың 19–24 сәуір аралығында Тараз қаласында бочча спорт түрінен Жамбыл облысының ашық турнирі өтті. Аталған жарыста І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Аскарбеков Қуаныш жоғары нәтиже көрсетіп, І орынға ие болды. ⚜️ Бұл жетістік – спортшымыздың тынымсыз еңбегі мен табандылығының нәтижесі. Жеңісті күндеріңіз көп болсын!

Құттықтаймыз

2026 жылдың 22–24 сәуір аралығында Шымкент қаласында жеңіл атлетикадан U-20 (2007–2008 жылы туған жастар арасында) Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған жарыста І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенттері жоғары нәтижелер көрсетті: Күнболатқызы Жансая – 5000 м қашықтықта І орын Тумарбекова Дагара – 5000 м қашықтықта ІІ орын ⚜️ Бұл жетістік – …

Құттықтаймыз Read More »

Дене шынықтыру және өнер факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері Б. Римова атындағы академиялық драма театры сахнасында қойылған «Мұғалім» спектаклін тамашалады.

Дене шынықтыру және өнер факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері Б. Римова атындағы академиялық драма театры сахнасында қойылған «Мұғалім» спектаклін тамашалады. Тағылымы мол бұл қойылым ұстаз тұлғасының қоғамдағы маңызын, оның шәкірт тәрбиесіндегі рөлін терең ашып көрсетті. Спектакль көрермендерге ерекше әсер қалдырып, рухани ой салды. Аталған мәдени шараға факультеттің белсенді әрі үздік оқитын студенттері арнайы апарылды. Іс-шараның …

Дене шынықтыру және өнер факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері Б. Римова атындағы академиялық драма театры сахнасында қойылған «Мұғалім» спектаклін тамашалады. Read More »

Мырзаканов Мадвакас Сексембаевичтің 70 жас

Дене шынықтыру және өнер факультетінің Шығармашылық білім беру кафедрасының оқытушы-дәріскері, педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚР Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, Педагогикалық білім беру халықаралық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР Суретшілер одағы мен ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі Мырзаханов Мадвакас Сексенбаевичтің 70 жас мерейтойына арналған салтанатты құттықтау кеші жоғары деңгейде өткізілді. Мерекелік шара барысында әріптестері, шәкірттері мен қонақтар мерейтой иесіне …

Мырзаканов Мадвакас Сексембаевичтің 70 жас Read More »

Құттықтаймыз!

2026 жылдың 12–18 сәуір аралығында Түркістан қаласында садақ атудан ересектер және юниорлар арасындағы Қазақстан Республикасы Кубогының ІІ кезеңі өтті.Аталған жарыста І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенттері жоғары нәтижелер көрсетті:Землянова Александра:• Іріктеу кезеңі – 1-орын• Жеке біріншілік (ОК) – 1-орын• Аралас команда – 1-орын• Командалық біріншілік – 2-орын Турысбеков Асанали Айдынбекович• …

Құттықтаймыз! Read More »