ЖОҒАРЫ МЕКТЕП БЛОГ
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары Республикалық байқауы
Агрономия мамандығының 3-курс білімгерлері 2022 жылғы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары Республикалық...
Read More«Қазақ киносының тарихы»
2022 жылдың 29 желтоқсанында ақпараттық жүйелер БББ 4 курс студенттеріне...
Read MoreЖОҒАРЫ МЕКТЕП ТАРИХЫ


Техникалық ғылымдар жоғары мектебі 2012 жылы «Биология», «Химия», «Экология», «География», «Стандарттау, сертификаттау және метрология», «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» және «Кәсіптік оқыту» мамандықтарының негізінде: білімдегі және техникадағы жоғары квалификациялы мамандарды дайындау мақсатымен құрылды
Жоғары мектептің алғашқы деканы болып (2012-2014 жылдары) педагогика ғылымдарының кандидаты, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі (МАИН), Ресей жаратылыстану академиясының профессоры Ильяс Жансеркеұлы Есенгабылов тағайындалды.
2015 жылдың қаңтар айынан жоғары мектеп деканы техника ғылымдарының докторы, физика және физиканы оқыту әдістемесі кафедрасының профессоры Андасбаев Ерлан Сүлейменұлы тағайындалды.
2016 жылы И.Ж.Есенгабылов болып қайта тағайындалды. Жаратылыстану – техникалық факультеті 13.06.2019 жылы ректордың бұйрығымен (№205L) Техникалық факультет болып ауысты. Факультет деканы болып И.Ж. Есенгабылов тағайындалды.
Қазіргі таңда «Экология», «Агрономия», «Стандарттау және сертификаттау », «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі»«Ақпараттық жүйелер»,«Информатика» «Ақпараттық жүйелердің архитектурасы», «Ауылшаруашылық экологиясы» мамандықтарының негізінде: білімдегі және техникадағы жоғары квалификациялы мамандарды дайындау үстінде
Бакалавриат 6В06101/5В060200
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ЖЕТІСТІКТЕРІ


Техникалық жоғары мектебінің барлық жетістіктері ұйымшыл, кәсібиалдына қойған мақсаттарына жетуге ұмтылатын белсенді, тілге шешан және отан сүйгіш білімгерлермен байланысты. Барлық жетістіктері студенттермен тығыз байланысты-тату, кәсіби, мақсатқа бағытталған, белсенді, эрудицияланған және патриоттық. Біздің түлектер Қазақстанның түрлі салаларында табысты жұмыс істейді. Студенттер университетте және одан тыс жерлерде өткізілетін олимпиадаларға, ғылыми конкурстарға, семинарлар мен конференцияларға, мәдени-бұқаралық және патриоттық іс-шараларға белсене қатысады.
Әр жылы жоғары мектеп студенттері республикалық пәндік олимпиадаларда және халықаралық конкурстарда жүлделі орындар иеленеді.
2020 жылдың қорытындысы бойынша студенттер мен магистранттар үздік ғылыми-зерттеу және шығармашылық үлгерімін көрсетті, бұл әртүрлі деңгейдегі конкурстарда, олимпиадаларда және конференцияларда жүлделі орындарды дәлелдейді.


ПОҚ әр жылдары қоғамдық, мемлекеттік наградалармен марапатталды. Атап айтсақ «Тәуелсіз Қазақстанның үздік мұғалімі-2020». ҚР БҒМ Құрмет грамотасы, «Ы. Алтынсарин атындағы Медаль»., «Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасы», «Үздік педагог» Астана, «2020 жылдың үздік оқытушысы»


ПОҚ жыл сайын біліктілікті арттыру курстарынан өтеді (Өрлеу, "Назарбаев Зияткерлік мектептері"ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы).


Техникалық ғылымдар жоғары мектебінің оқытушылары өнертапқыштық қызметке белсенді қатысып, табысты зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Жоғары мектептің өмірінің маңызды қағидасы - білім мен ғылымды ұштастыру.
Оқытушылар мен студенттердің белсенді зерттеу жұмысын жүргізеді. Академиялық және ғылыми жұмыстардың жүйелі үйлесімімен, таңдалған ғылым саласы бойынша мамандандырумен іргелі дайындықпен сипатталады.
Оқытушылар мен студенттер үнемі ғылыми ізденіс үстінде. Мұғалімдердің зерттеу жұмыстары әр түрлі бағытта жүзеге асырылады. Бұған түрлі ғылыми іс-шаралар: конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, ғылыми-әдістемелік мектептер ықпал етеді.
Оқытушылар студенттермен ғылыми идеяларымен және жетістіктерімен бөліседі.
Студенттік пәндік олимпиадалар өткізіледі. Осы олимпиадалардың қорытындылары бойынша республикалық олимпиадаларға қатысу үшін команда құрылады. Команда өкілдері Республикалық студенттер олимпиадасының жеңімпазы.
ДЕКАНАТ




Оразбаева Асель Айтмухамедовна
+7(7282)22-27-35
(2208) 87085699592
asel.orazbaeva@mail.ru


Ауелбек Мурат Ауелбекұлы
(2208) 87714677700
m.auyelbek@zu.edu.kz
БІЗДІҢ Түлектер


Бекиш Улан Абдилкаилулы

