МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ САЛАСЫ БОЙЫНША БББ

Жалпы ақпарат

Қазіргі уақытта БББ ПОҚ 12 оқытушыдан тұрады, оның ішінде 2 экономика ғылымдарының докторы, 1 философия докторы (PhD), 2 экономика ғылымдарының кандидаты және 7 оқытушы ғылым магистрі академиялық дәрежесіне ие.

ПОҚ сандық және сапалық көрсеткіштері;

БББ-ның білім беру қызметін келесі құрамда жоғары кәсіби деңгейімен ерекшеленетін ПОҚ білікті құрамы жүзеге асырады:

  1. Лемещенко Олеся Витальевна – БББ жетекшісі;
  2. Қалдияров Данияр Алтайұлы – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Еуразия Халықаралық экономикалық академиясының академигі (2005);
  3. Сәдуақасова Айгүл Бағынбайқызы – экономика ғылымдарының докторы, профессор;
  4. Байтаева Гульнара Рахметовна – э. ғ.к., қауымдастырылған профессор, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері (2009ж.), «Ы.Алтынсарин»;
  5. Шомшекова Балхия – экономика ғылымдарының кандидаты, «Ы.Алтынсарин» 07.08.2014 ж., Медаль «25 лет Независимости РК» (2016);
  6. Қыдырбаева Эльмира Өмірсерікқызы –  философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор (доцент), «ЖОО үздік оқытушысы – 2016» атағының иегері;
  7. Турысбекова Райхан Кундашовна – экономика ғылымдарының магистрі, оқытушы-дәріскер;
  8. Нуртаева Асель Какеновна – экономика  магистрі, оқытушы-дәріскер;
  9. Кенжасарова Айгерим Муратовна – экономика ғылымдарының магистрі, оқытушы-дәріскер;
  10. Толамисова Анар Габдылкаримовна – экономика ғылымдарының магистрі, оқытушы-ассистент;
  11. Шалабаева Гаухар Мухамадиевна – магистр, оқытушы-ассистент;
  12. Тасыбек Милана Сайлауқызы – лаборант.
БББ тарихы

«Мемлекеттік басқару және менеджмент» кафедрасының өзіндік қалыптасу және даму тарихы бар. 1996 жылдан Саяси экономика және философия кафедрасы негізінде Экономика және менеджмент кафедрасы құрылды. 2002 жылы Экономика және менеджмент кафедрасы негізінде екі жаңа кафедра құрылды: "Экономика және құқық" кафедрасы, "Есеп және Қаржы" кафедрасы. 2010 жылы "Мемлекеттік басқару және менеджмент" кафедрасы құрылды.

Кафедра құрылған сәттен бастап оқытушылар экономика және басқару саласындағы түрлі конкурстарға, жобаларға, бағдарламаларға, экономика және басқару саласындағы бірқатар ғылыми-практикалық жобаларды әзірлеуге белсенді қатысады, оқытудың заманауи әдістері мен нысандарын зерделейді және пайдаланады.

Осы уақыт ішінде Менеджмент және мемлекеттік басқару саласы бойынша БББ университет пен аймақтың жетекші оқытушылары басқарды:

  • Шомшекова Б.К. – э. ғ. к., доцент 1996-1999 жж;
  • Блеутаева К.Б. – э. ғ. д., профессор. 2000-2004 жж.
  • Торегожина М.Б. – э. ғ. к., доцент 2005-2007 жж. 2009 жылғы "Қазақстанның үздік оқытушысы" грантының иегері;
  • Бисенова С.Ш. - э. ғ. к., доцент 2008-2010 жж.;
  • Тулешова Г.Б. - э. ғ. к., доцент 2010-2012 жж.;
  • Байтаева Г.Р. – э. ғ. к., қауымдастырылған профессор, 2013-2020 жж.;
  • Қыдырбаева Э. Ө. – PhD докторы, қауымдастырылған профессор. 2020-2023 жж.;
  • Лемещенко О.В. – 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін.
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ

БББ оқу – әдістемелік жұмысы оқу – әдістемелік семинарлар, силлабустар әзірлеу, Оқу-әдістемелік әдебиеттер шығару, ашық оқу сабақтарын өткізу түрінде жүзеге асырылады.

07.02.2020 ж. аға оқытушы, магистр Бекметова А. К. «Оқытудың инновациялық әдістері студенттердің ойлау қызметін жандандырудың тәсілі ретінде» атты әдістемелік семинар өткізілді»

26.02.2020 Ж. «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенттері ББ практикаға енгізілуді іске асыру шеңберінде Талдықорған қаласы мәслихатының кезекті сессиясына қатысты. Студенттер мәслихат қызметін ұйымдастырудың теориялық мәселелерінің практикалық іске асырылуымен танысты.

28.02.2020 ж.құқық және экономика факультеті мемлекеттік басқару және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы М. К. Аяжанова, ішкі мемлекеттік аудит департаментінің өкілі О. С. Байбукшаевпен бірлесіп, факультеттегі оқу-әдістемелік апта аясында 6в04102 – мемлекеттік басқару және менеджмент мамандығының 3 курс студенттерімен «тапсырыстарды орналастыру жөніндегі комиссия және олардың функциялары» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2016-2020 жылдар аралығында Менеджмент және мемлекеттік басқару саласы бойынша БББ  профессорлық-оқытушылық құрамымен келесі жұмыстар атқарылды:

Это заголовок

18.01.2021 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Д.Ж. Байзақов "Мемлекеттік және жергілікті басқару"ББ студенттерімен мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу ережелері туралы түсіндіру семинарын өткізді. Студенттерге баяндамашыдан оның мемлекеттік қызметші болуға деген жеке уәждерін, сондай-ақ еңбек қызметіндегі кәсіби мысалдарды есту қызықты болды.

Это заголовок

17.02.2021 ж.білім беру бағдарламаларын жаңарту жобалық кеңсесімен бірге "мемлекеттік және жергілікті басқару" ББ жобалық тобы мүшелерінің отырысы өтті. Мемлекеттік басқару және менеджмент кафедрасы білім беру бағдарламаларын әзірлеуге жұмыс берушілерді тартуға ерекше көңіл бөледі, сонымен қатар құқық және экономика факультетінде жұмыс берушілер кеңесі табысты жұмыс істейді.

Это заголовок

Мемлекеттік және жергілікті басқару ББ жобалық тобының құрамына консультант – жұмыс берушілер кіреді: Имангалиева Ж.А. - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы, Байзаков Д. Ж. - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы және кафедраның жетекші оқытушылары мен бакалавриат және магистратура студенттері. Кездесуде білім беру бағдарламасының мазмұны талқыланды, жұмыс берушілер ББ-ға қосу үшін курстар ұсынды. Болашақ түлектің негізгі құзыреттері анықталып, мемлекеттік қызметке орналасу мәселелері қаралды. Жұмыс берушілердің мамандарды даярлау сапасы туралы пікірін зерделеу студенттер мен магистранттардың өндірістік практикадан өту процесінде де жүзеге асырылады.

Ғылыми-зерттеу қызметі

Менеджмент және мемлекеттік басқару  БББ саласы бойынша ғылыми қызметі ғылыми-әдістемелік семинарлар, проблемалық үйірмелер жұмысы, магистрлік диссертацияларды талқылау, конференцияларға қатысу, ҚР Білім және ғылым министрлігі және халықаралық ұйымдар қаржыландыратын жобалар мен гранттарға қатысу түрінде іске асырылады.

2018-2020 жылдары Э.О.Кыдырбаева ҚР БҒМ және Дүниежүзілік банк қаржыландыратын «Инновациялық-композициялық материалдардан санитарлық – техникалық бұйымдар өндірісі» атты жобаны іске асыру барысында коммерцияландыру жөніндегі маман ретінде № АРР –JRG-17/0160F кіші ғылыми қызметкерлер тобында (КҒҚТ) қатысты.

2018-2020 жылдары ҚР БҒМ МҚ, 2020 жылғы 23 ақпандағы №67 шарты бойынша  «Ауылдық аумақтардың инвестициялық тартымдылығын арттыру арқылы олардың тұрақты даму тетігін қалыптастыру (Алматы облысы мысалында)» атты жобасында Д.А.Калдияров – бас ғылыми қызметкер және А. Е. Беделбаева – ғылыми қызметкер.

2020-2022 жылдары БҒМ МҚ, 2020 жылғы 24 қарашадағы №339 шарты бойынша «Инклюзивтік жоғары білім беру жүйесінде денсаулық мүмкіндіктері шектеулі адамдарды жоғары оқу орнына дейінгі даярлауды ұйымдастыру» атты жобасында Д.А. Қалдияров – бас ғылыми қызметкер және  А. Е. Беделбаева – аға ғылыми қызметкер.

БББ-ның ғылыми зерттеулері бойынша «Басқарушы» және «Маркетинг» проблемалық топтары жұмыс істейді . Үйірмелер мен проблемалық топтардың отырыстарында талқыланатын мәселелер кафедраның ғылыми зерттеулерімен үйлеседі. Студенттер мен магистранттардың ҒЗЖ нәтижелері семинарлар, конференциялар жұмысында апробацияланады, материалдар жинағында жарияланады.

БББ – ның ПОҚ ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі бағыты:

                                                                           Қазақстан Республикасында тұрақты даму перспективалары

Соңғы 3 жылда БББ – ның зерттеліп отырған мәселелері бойынша халықаралық және республикалық ғылыми журналдарда 115-тен астам ғылыми мақалалар жарық көрді. Жыл сайын импакт-факторы бар жарияланымдар мен мақалалар саны артып келеді.

Академиялық ұтқырлық

Академиялық ұтқырлық-білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі бір академиялық кезеңге (оқу немесе өндірістік практикадан өтуді қоса алғанда), әдетте, семестрге немесе оқу жылына, өз ЖОО-да кредиттер түрінде игерілген білім беру бағдарламаларын белгіленген тәртіппен міндетті түрде қайта есепке ала отырып, оқыту немесе зерттеулер жүргізу үшін басқа жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) ауыстыру.

Кез-келген заманауи университет үшін шетелдік және отандық басқа университеттермен ынтымақтастық маңызды. Бұл тармақ оның имиджінің, талапкерлер үшін танымалдылығы мен тартымдылығының көрсеткіші болып табылады, сонымен қатар адам қызметінің барлық салаларына, соның ішінде жоғары білімге әсер ететін интернационализация және жаһандану процестерінің табиғи салдары болып табылады. Жоғары оқу орындарының интеграциясы қазіргі заманғы жоғары білімнің негізгі үрдісі болып табылады.

Қазақстанның және Еуропаның түрлі елдерінің оқыту жүйелерінің өзара қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік басқару және менеджмент кафедрасы шетелдік жоғары оқу орындарымен: Шыңжан Университетінің Экономика институтымен (ҚХР), Фатих университетімен (Түркия), им. В. Корфантого (Польша), Омбы гуманитарлық академиясы (РФ), Қырғыз Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы (КР), Алтай экономикалық университеті (РФ) тығыз байланыста.

Сыртқы академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру мақсатында э. ғ. д., Қырғыз-Ресей Славян университетінің профессоры Бровко Наталья Анатольевна (Brovko Natalia) 12.10.2020 ж. – 28.11.2020 ж. аралығында келесі пәндер бойынша дәріс оқыды:

1) 5В050700″ Менеджмент «мамандығының 3 курс студенттеріне арналған  «Инновациялық менеджмент» пәні бойынша;

2) 7М04102 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 2 курс магистранттарына арналған «Шағын және орта бизнестегі экономикалық саясат» пәні бойынша.

2020-2021 оқу жылында 18.01.2021-22.05.2021 аралығында академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 2-курс студенттеріне қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, «академиялық ұтқырлық терезесі» бағдарламасы бойынша келесі студенттер бір академиялық семестрге оқуға қабылданды:

1.Тұңғышбек Арман Мейрамұлы

2.Салхимбаева Эльмира Тулигенқызы

  1. Муратова Салтанат Муратқызы
  2. Бағынтаев Мирас Арманұлы

Студенттермен алмасу бағдарламасы аясында «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының  2 курс студенттері Б. Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей Славян университетіне (Бішкек, Қырғыз Республикасы) 2020-2021 оқу жылының бір семестрінде 08.02.2021 ж. – 30.06.2021 ж. аралығында виртуалды форматта оқуға жіберілді:

  1. Жетпісбай Назерке Дастанқызы;
  2. Иманғабасова Зарина Болатбекқызы;
  3. Балтабеков Арлан Арнайұлы.

 

2023-2024 оқу жылында 06.11.2023-30.11.2023  аралығында сыртқы виртуалды академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында экономика ғылымдарының докторы, Б.Н. Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей Славян университетінің профессоры Наталья Анатольевна Бровко Zoom платформасы арқылы «Стратегиялық басқару» пәні бойынша 6В04102 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасының студенттеріне сабақ өткізді. Студенттер стратегияны әзірлеу, тестілеу және енгізудің ең тиімді әдістері мен құралдарымен танысты. Жүйелік, интуитивті, аналитикалық, сценарийлік және сыни ойлау элементтері пысықталды.

 

2023-2024 оқу жылында 23.10.2023-25.11.2023  аралығында ішкі виртуалды академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында экономика ғылымдарының магистрі, Алматы Менеджмент Университетінің аға оқытушысы Кошкина Наталья Валентиновна Zoom платформасы арқылы «Жобаларды басқару» пәні бойынша 6В04109 –  «Ақпараттық ресурстарды басқару» білім беру бағдарламасының студенттеріне сабақ өткізді. Білім алушылар жобалық басқару әдіснамасының негізгі ережелерімен танысып, оны өз жобасын әзірлеу және қорғау арқылы тәжірибеде қолдана алды.

Әлеуметтік-тәрбие қызметі

БББ – ның тәрбие жұмысы тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Тұрақты оқу-тәрбие жұмысын жүзеге асыру үшін барлық оқу кезеңі ішінде БББ – ның кураторлары мен эдвайзерлері білім беру бағдарламаларын меңгеруге көмек көрсетуге бағытталған студенттермен ұйымдастырушылық-әдістемелік және кеңес беру жұмыстарын жүргізеді.

2019 жылы 9 қарашада «Сыбайлас жемқорлық біздің өмірімізде орын жоқ» атты кураторлық сағат өткізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеудің мақсаты оқушыларда сыбайлас жемқорлық мінез-құлық практикасынан саналы түрде бас тартуға мүмкіндік беретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеудің міндеттері сыбайлас жемқорлықтың көріністерімен таныстыру: мінез-құлқымен, себептерімен, салдарларымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мүмкіндіктерін көрсету.

2019 жылдың 14-қараша күні Құқық және экономика факультеті «Мемлекеттік басқару және менеджмент» кафедрасынфың  ұйымдастыруымен Рухани Жаңғыру бағдарламасы аясында «Отан – от басынан басталады» деген тақырыпта ашық тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты: білімгерлердің сана-сезімін, ақыл-ойын, кемелдендіріп, отбасындағы құндылықтарды насихаттау мен қатар болашақ тек жастардың қолында екендігін дәріптеу. Кездесуге облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторының орынбасары Жұматай Оспанұлы мен Алматы облыстық дін істері басқармасының дінтанушы маманы Қанат Маратұлы қатысты.

2020 жылдың 10-ақпан күні Құқық және экономика факультеті Менеджмент және мемлекеттік басқару саласы бойынша БББ-ның ұйымдастыруымен №2 жатақхана студенттерімен «Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты негізгі жұқпалы аурулардың алдын алу болып табылады. Кездесуге №3 корпустың фельдшері Рамазанова Альбина Байгалиевна қатысты.

БББ-ның жетістіктері
2018-2020 жж.

Тұрдаш Мәдина Алматы облысы әкімінің "Көшбасшы-2020" Жастар сыйлығының "Үздік студент"номинациясының жеңімпазы атанды.

2016 ж.

Қалдияров Данияр Алтайұлы - экономика ғылымдарының докторы, профессор - "ЖОО үздік оқытушысы-2016" атағының иегері»

2016 .

Қыдырбаева Эльмира Өмірсерікқызы – кафедра меңгерушісі, PhD докторы , қауымдастырылған профессор (доцент), "ЖОО үздік оқытушысы - 2016" атағының иегері»

2009 ж.

Байтаева Гульнар Рахметовна - э.ғ. к., қауымдастырылған профессор, "ЖОО үздік оқытушысы-2009" атағының иегері, "Ы.Алтынсарин".

Біздің оқытушылар

Кыдырбаева Эльмира Омирсериковна

PhD докторы, қауымдастырылған профессор (доцент)

8(7282) 22-21-23

87017585263

 ekydyrbaeva@mail.ru

ТОЛЫҒЫРАҚ

Байтаева Гульнар Рахметовна

Э. ғ. к., қауымдастырылған профессор

8(7282) 22-21-23

87015303383

 baytaeva@mail.ru

ТОЛЫҒЫРАҚ

    Калдияров Данияр Алтаевич

    э.ғ.д, профессор

    8(7282) 22-21-23

    87772827771

     kaldiyarov@gmail.com

    ТОЛЫҒЫРАҚ

    Кенджасарова Айгерим Муратовна

    Экономика ғылымдарының магистрі, оқытушы - дәріскер

    8(7282) 22-21-23

    87759741464

     9-aika@mail.ru

    ТОЛЫҒЫРАҚ

    Лемещенко Олеся Витальевна

    БББ жетекшісі

    (7282) 222123

    olesya__lemeshenko@mаil.ru

     

      ТОЛЫҒЫРАҚ

    Шалабаева Гаухар Мухамадиевна

    Экономика ғылымдарының магистрі, оқытушы - ассистент

    (7282) 222123

     

    gauki_93@mail.ru

    ТОЛЫҒЫРАҚ

    Толамисова Анар Габдылкаримовна

    Экономика ғылымдарының магистрі, оқытушы - ассистент

    8 (7282) 22 21 23

    +7 701 5707502

    zhantokab@mail.ru

    ТОЛЫҒЫРАҚ

    Турысбекова Райхан Кундашовна

    Экономика ғылымдарының магистрі, оқытушы- дәріскер

    Нуртаева Асель Какеновна

    Экономика ғылымдарының магистрі, оқытушы - дәріскер

    Шомшекова Балхия

    Экономика ғылымдарының кандидаты

    8(7282) 22-21-23

    bshomshekova@mail.ru

    ТОЛЫҒЫРАҚ

    +7/701/758-52-64