1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні

Жаратылыстану факультеті жаратылыстану-ғылыми бағыт бойынша білім беру бағдарламасының биология мамандығының 4 курс БҚ 411, БПҚ 411 топ білімгерлері мен топ кураторы Атабаева Айнур Муратовна Тұңғыш Президент күніне орай онлайн форматта кураторлық сағат өткізді. Мақсаты: 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу. Білімгерлердің бойында      Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру.

Еліміздің тәуелсіздігі мәңгі болып, қазақ елі ертегідей күн кешіп, татулық пен тұрақтылықты ту етіп келеді. Сондықтан егемендігіміз баянды болып, халқымыз аман, ел жұртымыз тыныш болсын деп тілейміз.