Тамшыбұлақ табиғат ескерткішіне саяхат

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғарғы білім министрлігі бекіткен «Қазақстанның киелі жерлері бойынша студенттік аймақтық экспедициясының тұжырымдамасын» жүзеге асыру мақсатында  2022 жылдың 24 қыркүйегінде 6В01509-География, 6В01510-География-Тарих білім беру бағдарламаларының білімгерлерінің қатысуымен Қазақстанның қасиетті орындары картасына енгізілген Тамшыбұлақ табиғат ескерткішіне саяхат ұйымдастырылды. Танымдық жорық барысында болашақ география және тарих пәнінің мұғалімдері еспе сулардың түзілу заңдылықтарымен пайда болу жолдарымен танысты.

Сирек кездесетін бірегей табиғи киелі орындарды қорғаудың маңызы анықталды.

Білімгерлерге ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесін беріп, отан сүйгіштік сезімдерін оятуда ерекше орын алатын танымдық іс шараны ұйымдастыруға қолау көрсеткені үшін университет басшылығына, Жаратылыстану жоғары мектебінің деканына ризашылығымызды білдіреміз.