Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайы

2022 жылдың 1 желтоқсанында оқытушы және куратор Есімбекова А.Ж. Математика білім беру мамандығының 1 курс студенттерімен бірге Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайына барды. Тәрбие жұмысының басты мақсаты – оқушылардың тарихи ойлау дағдысын қалыптастыру, оқушылардың ақыл-ой және танымдық қабілеттерін жетілдіру, туған өлке тарихына деген қызығушылықты сақтау және дамыту, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

Мұражай қорларында Жетісу өңірінің табиғи байлықтары, өсімдіктері мен жануарлары, археологиялық құндылықтар, қазақ халқының тұрмыстық заттары, қолданбалы өнер туындылары, халық ақындары, батырлар, мемлекет қайраткерлері, тарихи оқиғалар туралы материалдар жинақталған. Оқушылар әр көрмеге қызығушылық танытып, бір-бірімен араласып, алған әсерлерімен бөлісті.