Әдістемелік семинар

2023 жылғы 20 ақпанда физика-математика бағыты бойынша білім беру бағдарламаларының жетекшісі Е. Н. Гаврилова және педагогикалық информатиканың білім беру бағдарламаларының оқытушы-дәріскер А. Есейкызы «Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау технологиялары» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді. Семинарға жаратылыстану жоғары мектебінің оқытушылары және оқу-әдістемелік бөлімінің бас әдіскері И. К. Нысанбаева қатысты. Семинар барысында оқытушылар университеттің білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жөніндегі негізгі нормативтік-құқықтық құжаттарымен, сондай-ақ сапалы оқу процесін қамтамасыз ету үшін білім алушылардың жетістіктерін диагностикалаудың заманауи әдістері мен технологияларымен танысты. Емтихан сұрақтарының тұжырымдамасын әзірлеу және оларды бағалау критерийлерін жасау бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.