Мен өз елімнің патриотымын!

21 ақпан 2023 жылы Жаратылыстану жоғары мектебінде «Биология» мамандығының білімгерлері мен кураторы Т.К. Укушева «Мен өз елімнің патриотымын!» атты іс-шараны өткізілді.

Іс-шара мақсаты: білімгерлерді туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Ұлттық  сана  –  сезімі,  мәдениет,  парасаты, ар –  ожданы  мол,  еңбекқор  бойына  игі қасиеттер   қалыптастыратын  азаматтар  тәрбиелеу. Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу. Отанға деген мақтаныш, патриоттық сезімін дамыту. «Патриот» сөзінің терең мәнін түсіндіріп өту, патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын тұлғаны тәрбиелеу.

Іс-шара барысында білімгерлер Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі – туған Отанды сүюден басталатынын, шыр етіп дүниеге келгенде, кіндік қаны тамған жерін – Отанға деген сезімдерін білдірді. Адамзаттың парызы – туған Отанын гүлдендіріп, сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу.

Елімізде мәңгі тыныштық болсын! Сүйікті Отанымыз Азат Қазақстан мәңгі жайнай берсін, жарқырай берсін!