Алғыс айту күні даналықтың биігі

2023 жылдың 23 ақпанында Жаратылыстану жоғары мектебінде «Алғыс айту күні даналықтың биігі» атты тәрбиелік іс шара өтті. Ұйымдастырушылар: куратор Укушева Т.К. және «Химия-Биология», «Биология» мамандықтарының 3 курс білімгерлері. Іс-шара мақсаты: «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту; ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру; үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту; әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу. Іс-шараға Тәрбие және әлеуметтк жұмыс жөніндегі бөлімінің мәдени ұйымдастырушысы Марат Еламан Саятұлы, жаратылыстану ғылыми бағыт бойынша БББ жетекшісі Оксикбаев Берикжан Кылышбекович және БББ оқытушылары қатысты. Іс-шарада Алғыс айту күнінің тарихы, мәні ашылып, талданды. Шағын мерекелік бағдарлама қойылды.

Білімгерлер жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ещқашан ешкімнен аямаңдар, «Рахмет» деген жақсы сөзді жиі айтыңыздар! Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңізге сақтаңыздар! Әлемде бейбітшілік болсын!