Жаратылыстану бағытындағы білім беру бағдарламаларында заманауи белсенді және интербелсенді оқыту әдістері мен технологияларын пайдалану

2023 жыл 01 наурызда екінші оқу ғимаратының 206 дәрісханасында жаратылыстану ғылыми бағыт бойынша білім беру бағдарламаларының оқытушы-дәріскері, г.ғ.к. Е.А. Тоқпанов 6В01510-География-Тарих білім беру бағдарламасының 311 ГТҚ тобында географияны оқыту әдістемесі пәнінен «Географияны оқыту әдістері мен заманауи жаңа технологиялары» тақырыбында ашық дәріс өткізді.

Дәріс барысында өзекті оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, Б.Блумның таным деңгейлерінің таксономиясы, пікір сайыс, шағын топтағы жұмыс, ой қозғау пікір сайыс сияқты заманауи белсенді және интербелсенді оқыту әдістері мен технологиядары қолданылды.

Қоғамдық білім байқау түрінде өткізілген дәріскер сабақта білімгерлер бағалау өлшемдері мен дескрипторларына сәйкес деңгейлік тасырмаларды орындап өз беттерімен білім алу тиімді ұйымдастырды.

Шағын топта жұмыс істеген білімгерлер табиғи үрдістер мен құбылыстардың түзілу заңдылықтарын ашуда сандық Интернет карталарды, электронды білім беру ресурстарын тиімді пайдаланды.