ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМА

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 8D01501 – «Математика» білім беру бағдарламасының 3-курс докторанттары: Койшыбекова Айжан Кумарбековна, Абдуалиева Рима Ергалиевна, Мейрамбек Әділет Мейрамбекұлы, Токанов Мансур Маратович, Сатқұлов Бақтияр Бағланұлы 24.10.2022 – 05.11.2022 аралығында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің физика, математика және цифрлық технологиялар институты, математика кафедрасында ғылыми тағылымдамадан өтті. Ғылыми тағылымдаманың мақсаты: докторанттың кәсіби құзіреттілігін үздіксіз жүзеге асыру және университеттің жетекші мамандарының озық тәжірбиелерімен танысу, кәсіби білім, білік және дағдыларды игеру. Докторанттар Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғылыми кітапханасына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық Кітапханасы мен Орталық ғылыми кітапханаға барып, диссертациялық жұмыстарының тақырыптары аясында зерттеулер жүргізді. Ғылыми тағылымдама соңында зерттеу нәтижелері бойынша ғылыми мақалалар дайындалды.