ЖАРАТЫЛЫСТАНУ КАФЕДРАСЫ

Жалпы Ақпарат

Кафедрада заманауи оқыту технологияларын жетік меңгерген кәсіби біліктіліктері жоғары мамандар:  г.ғ.д., профессор Қ.М. Баймырзаев, б.ғ.д., профессор Ә.Т. Қанаев, б.ғ.к. доцент А.С.Бахтаулова, б.ғ.к. Ш.Ж.Дауренбекова,  б.ғ.к. Б.К.Оксикбаев, г.ғ.к. Е.А.Токпанов, а/ш.ғ.к.  А.М.Маусумбаева, х.ғ.к. С.А.Сыдыкбаева, п.ғ.к. К.Н. Алдибекова, ғылым магистрлары аға оқытушылар: С.М. Дюсембинова, Ж.С.Иманғазинова, А.Қ.Қабдрахманова, Т.К.Уқушева, Р.А.Мухитдинова,  А.М.Атабаева, оқытушы магистрлер: А.Т. Кыдырбаева, А.Т. Исабаев, жұмыс істейді. ОПҚ ғылыми  дәрежелілігі – 50%.  

Білімгерлердің саны: Жаратылыстану кафедрасында 200 астам білімгерлер оқиды. Қазақстан Республикасының білім беру стандартының талаптарына сәйкес жоғары білімді дипломды мамандар даярлайды. Олардың өндірісте, басқару, білім  беру саласында жоғары сұранысқа ие болуы жас мамандарды жоғары деңгейде дайындайтынын дәлелдейді.

Техникалық-материалдық жабдықтау: Кафедраның материалдық-техникалық базасы оқу процесін және ғылыми-зерттеу жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастыру мүмкіндік береді. Атап айтқанда, оқу және зерттеулер жүргізу үшін қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен жабдықталған оқу кабинеттер, Интернет желісімен компьютерлік сыныптар бар. Мамандық зертханалықтар қажетті жабдықтармен және әдістемелік нұсқаулар жөніндегі қамтамасыз етілген.

Кафедра құрылымында  химиялық оқу зертханалары, биологиялық оқу зертханалары, «Биологиялық мониторинг» зертханасы, «Картография және әлеуметтік экономикалық география», «Жалпы жертану және геология» арнайы кабинеттері және жылыжай бар.

Сабақтар барысында білімгерлер кеңінен оқытудың инновациялық белсенді және аудиовизуалды нысандарын пайдаланады. Оқу процесінде қазіргі заманғы виртуалды модельдер, аспаптар,  карталар мен анимация жиынтығы, интерактивті flash-суреттер, зертханалық бейне-эксперименттер мен виртуалды зертханалар пайдаланылады және т.б.  2019 жылы ҚР БҒМ Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп өткізген рейтингісінде 5В011600-География мамандығы 1-орын, 5В011200-Химия мамандығы 3-орын иеленді.

2019, 2020 жылдары 5В011300-Биология мамандығы білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі рейтингісінде 1-орын иеленді.

Кафедра тарихы

1990 жылы дене тәрбиесі және спорт факультетінде анатомия және физиология  кафедрасы болып құрылды онда 5 оқытушы, 2 зертханашы жұмыс істеді.  1994 жылы 03.03.40-«Мектептегі биология мұғалімі»,  1997 жылы  01.09.40-«Экология және табиғатты пайдалану мамандықтарының  ашылуы одан әрі өркендеуіне мүмкіндік беріп, университет ректорының бұйрығымен «Жаратылыстану» кафедрасы болып қайта құрылды. Оны танымал ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор Смаил Нусіп Наутаевұлы басқарды.

2003 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ғылыми кеңесінің шешімімен таратылып, биология,  химия және экология кефедралары құрылды. Химия және экология кафедрасына х.ғ.к., доцент А.К.Кенжебеков, биология кафедрасына  б.ғ.к, доцент А.С.Бахтаулова меңгерушілік етті. 2006 жылы «География» мамандығының қосылуына байланысты биология және география кафедрасы болып қайта құрылды.

2008 жылы жаратылыстану-математика факультеттінің құрылуына байланысты: география-экология, химия-биология кафедралары енді. 2008-2010 жылдар аралығында география-экология кафедрасын С.М. Дюсембинова, химия-биология кафедрасын б.ғ.к. А.С.Ақмуллаева, 2009-2013 жж. п.ғ.к., доцент С.Б.Қоянбекова басқарды.

2013 жылы жаңа жаратылыстану-техникалық факультетінің ашылуына байланысты жаратылыстану пәндері кафедрасы құрылды. 2017 жылы қайта ұйымдастыруға байланысты химия және биология кафедрасы құрылды. 2019 жылы жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау бағытына сәйкес кафедра жаратылыстану кафедрасы болып өзгертілді. Кафедра 6В01506-Химия, 6В01507-Химия-биология,  6В01508-Биология, 6В01509-География, 6В01510-География-тарих, 7М01505-Биология, 7М01506-География, 8D01503-Биология білім беру бағдарламалары бойынша мамандықтар дайындайды. Кафедраны 2013 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін б.ғ.к. Б.К.Оксикбаев басқарады.

Түлектері:  Білім беру бағдарламаларының көптеген түлектері карьералық өсу жасады. «Химия-биология» мамандығының түлегі Бутенова А.К.  техникалық факультеті  деканының оқу-әдістемелік, ғылым және тәрбие жөніндегі орынбасары, Муртазин Болат Талдықорған қаласындағы облыстық санитарлық эпидемиологиялық станциясында аға лаборант болып жұмыс істейді, б.ғ.к. Даулетбаева Сания қазіргі уақытта әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің генетика кафедрасында сабақ береді.

«Химия және биология» мамандығының түлектері Мырзаханова Г. Ph.D докторлық диссертациясын ҚазҰПУ-де қорғады, қазіргі уақытта Абай атындағы ҚазҰПУ биология кафедрасында доцент, «Химия» мамандығының түлегі Кажмуханулы Орал «Талдықорған Еркін ауылдық округінің әкімі аппаратының   жетекші маманы. Жаратылыстану кафедрасында келесі түлектер жұмыс істейді: магистр, аға оқытушы Укушева Т.К., магистр, аға оқытушы Мукашева Д.М., магистр, оқытушы Исабаев А.Т., кафедраның лаборанты магистр Баримбекова Г.Б. қызмет атқаруда.

 

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
  • 6ВВ01506 (5В011200) - Химия (Бакалавр);
  • 6В01508 (5В011300) - Биология (Бакалавр);
  • 6В01509 (5В011600) - География (Бакалавр);
  • 6В01510 (5В012900 ) - География-Тарих (Бакалавр);
  • 6В01507 - Химия-Биология (Бакалавр);
  • 7М01505 – Биология (Магистратура);
  • 7М01506– География (Магистратура);
  • 8D01503- Биология (Докторантура).
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІ

Білім беру сапасы мамандықтардың бәсекелестікке қаблеттерін қамтамасыз етумен тығыз байланысты. Сондықтан  кафедраның оқу-әдістемелік жұмыстары қызыметінің басым бағыттарының бірі оқу үрдісін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, оқытылатын пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін жетілдіру және жаңарту, білім  сапасын бақылау болып табылады.

Оқу-әдістемелік жұмыстырдың жоспарында оқу-әдістемелік материалдарды дайындау; оқу үрдісінде техникалық оқыту құралдарын пайдалану; оқулықтар мен оқыту құралдарын шығару; әдістемелік семинарлар ұйымдастыру; дәрістер мен тәжірибелік-зертханалық сабақтарға инновациялық әдістер мен технологияларды енгізу қарастырылған. Кафедра оқытушылары тақырыптық жоспарға сай оқу құралдарын, оқу-әдістемелік құралдарын, оқулықтар мен монографияларды жарыққа шығарады.

Жаратылыстану кафедрасында жоғары білікті мамандар жұмыс атқарады. Кафедра оқытушылары университеттегі ғылыми-әдістемелік семинар отырыстарына және оқу-әдістемелік конференция жұмыстарына да үнемі қатысады

Жаратылыстану кафедрасының негізгі іс-қызметі ғылыми-жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлауға бағытталған. Осыған байланысты жыл сайын білім беру бағдарламалары бойынша жұмыс оқу жоспарлары дайындалады. Сонымен қатар, кафедра оқытушылары ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстарға қатысады, жыл сайын оқу жылының басында Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру стандарттары негізінде жұмыс оқу бағдарламаларын жасайды.

Сонымен қатар, 7М01505-«Биология» және 7М01506-«Георгафия» білім беру бағдарламалары бойынша магистрлерді даярлау жүзеге асырылады. Ғылыми және педагогикалық бағыттың бітірушілері жалпы білім беретін, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында оқытушы, ғылыми-зерттеу институттарында аға және кіші ғылыми қызметкер, табиғатты қорғау және мониторинг мекемелерінде эксперт, сондай-ақ басшылық қызметтерінде жұмыс атқара алады. 

Оқыту түрі – күндізгі, оқу мерзімінің ұзақтығы профилді бағыт бойынша мерзімі – 1 жыл және ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша мерзімі – 2 жыл. Оқу үдерісін кафедра қамтамасыз етеді, базалық және таңдаулы пәндердің жүргізуін, педагогикалық және кәсіби іс-тәжірибелерге басшылық етіп, магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын іске асырады. 

8D01503-«Биология» білім беру бағдарламасы бойынша докторантура даярланады.

Диссертациялық жұмыстарға ғылыми жетекшілігін кафедраның профессорлары мен шет елдік профессорлар, ғылым докторлары жүзеге асырады.

 

 

Академиялық ұтқырлық

Академиялық ұтқырлық пен халықаралық ынтымақтастық біліктілігі жоғары мамандар даярлауда, ғылыми зерттеу жұмыстарының басым бағыттарын құруда  жаратылыстану  кафедрасының қызметінде маңызды орын алады. 

Академиялық ұтқырлық аясында Қазақстан Республикасының мен алыс жақын шет елдердің жетекші жоғарғы оқу орындарының ғалымдарын шақыртып, оларға кафедра дайындайтын мамандықтардың  білімгерлерді бір және оданда көп семестр оқуға жіберіледі.  ҚР, ТМД елдерінің білімгерлерін қабылдап сапалы білім береді.  

Кафедра  шет елдердің жоғағы оқу орындары Лодзъ  техникалық университетімен (Польша), Жилин университетімен (Словакия), Малайзия университетімен т.б жоғарғы оқу орындарымен,  ғылыми-зерттеу мекемелерімен ғылыми-зерттеу, білім беру мен тәрбие мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық байланыс орнатқан.

2014-2015 оқу жылының бірінші жарты жылдығында 5В011300-«Биология» мамандығының БҚ 311 топ білімгерлеріне Словакия мемлекетінің Жилин университетінің профессоры, доктор Мариян Жанига «Өсімдіктер және жануарлар экологиясы» пәнінен,  Польша мемлекетінің Лодзъ университетінің профессоры, м.ғ.д. Эдита Борковска «Генетика» пәнінен дәріс оқыды.

2015-2016 және 2016-2017 оқу жылдарында ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, б.ғ.д. Айдарбаева Докторхан Кайсарбековна 5В011300-«Биология» мамандығының БҚ 311, БР311 топ білімгерлеріне «Өсімдіктер және жануарлар экологиясы» пәнінен дәріс оқыды. 

2014-2015 оқу жылының бірінші жарты жылдығында 5В011300-«Биология» мамандығының БҚА 311 топ білімгерлері Жүйрікбаева М.К., Құдайберген А.Ә., Лентаева А.Е., Улдахан Ш. Польша мемлекетінің Лодзъ университетінде білім алып қайтты.

2014-2015 оқу жылының екінші жарты жылдығында ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ 5В011300-Биология мамандығының 3- курс студенттері Усерхан Сая және Шалкарова Еркежан бір академиялық кезең біздің университетте білім алып қайтса, аталмыш университетте біздің кафедрадан 5В011300-Биология мамандығының 3-курс студенті Советова Нұргүл білім алып келді.

2015-2016 оқу жылының бірінші жарты жылдығында 5В011300-Биология мамандығының 3-курс студенттері Сатаев Мадияр, екінші жарты жылдығында  Мукашева Құндыз Лодзъ университетінде (Польша) білім алып қайтты.

2016-2017 оқу жылының 1-жарты жылдығында 5В011300-Биология мамандығының 3-курс студенті Турсыбаева Талшын аталмыш университетте білім алып келді.

2017-2018 оқу жылының 2-жарты жылдығында 5В011200-«Химия» мамандығының 3-курс студенті Мерешкова Ксения Рига техникалық университетінде (Латвия) білім алды.

2018-2019 оқу жылының бірінші жартысында 5В011300-«Биология» мамандығының 3-курс студенті Турысбаева Айгерім мен 4-курс студенді Жумагалиев Алияр Малайзия мемлекеттік университетінде, 4-курс студенттері Болатхан Үміт және Орынғазы Айнур Польша мемлекетінің Лодзъ университетінде білім алды.

Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2018-2019 оқу жылының бірінші жартысында Қостанай мемлекеттік университетінің 5В0101200-«Химия» мамандығының 3-курс студенттері Маханбетжан Мадина, Жәли Бекзада, Скендір Гүлмарал және  С. Аманжолов атындағы ШҚМУ 5В011300-«Биология» мамандығының 3- курс студенттері Сапарбай Айдана, Тілеген Айтолқын, Шерманбет Асылзат білім алды.

2018-2019 оқу жылының бірінші жарты жылдығында 5В011300-«Биология» мамандығының студенттеріне Тарту университетінің (Эстония) профессоры, доктор Мари Ярвелайд «Иммунология» және «Нuman and animals physiology»  пәндерінен дәріс оқыды.

2019-2020 оқу жылының бірінші жарты жылдығында Mevlana халықаралық бағдарламасы аясында кафедраның аға оқытушысы г.ғ.к. Тоқпанов Е.А. ғылыми жоба жұмыстарымен Түркия мемлекетінің Hacettepe университетіне іс сапармен барып келсе, аталмыш бағдарлама аясында 5В011200-Химия мамандығының 2-курс студенті Асубекова Назерке бір академиялық кезең Hacettepe университетінде білім алды.  5В011300-«Биология» мамандығының студенті Қабдығалиева Сағдана Польша мемлекетінің Лодзъ университетінде білім алды.

Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2019-2020 оқу жылының бірінші жартысында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 5В011200-«Химия» мамандығының 2-курс студенті Курсарина   Жайнар, 5В012900-География-тарих мамандығының 2-курс студенті Қажыкен Жәнібек І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде  білім алды.

2020-2021 оқу жылының бірінші жартыжылдығында ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, б.ғ.д. Айдарбаева Докторхан Кайсарбековна 5В011300-«Биология» мамандығының 3-курс білімгерлеріне «Өсімдіктер және жануарлар экологиясы», 7М01505-Биология білім беру бағдарламасының 2-курс магистрантарына  «Биоалуантүрлілікті қорғау және сақтау» пәндерінен виртуалды дәріс оқыды. 

2020-2021 оқу жылының екінші жарты жылдығына сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасымен 5В011200-«Химия» мамандығының  3-курс ХПҚ-311 тобының білімгерлері Арқашқызы Еркежан, Тайлакова Аяулым, Жаирбекова Талшын Омск мемлекеттік педагогикалық университетінде (Ресей Федерациясы), ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 6В01506- «Химия» білім беру бағдарламасының  2-курс ХПҚ-211 тобының білімгері Нұрахмет Таңшолпан Серікқызы Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде виртуалды білім алуда.

 Сонымен қатар, 2020-2021 оқу жылының екінші жарты жылдығында жаратылыстану кафедрасының аға оқытушысы, б.ғ.к. Оксикбаев Берикжан Кылышбекович С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 8D01503-Биология мамандығының 1-курс докторанттарына «ҚР биоресурстарын тиімді пайдаланудың ғылыми аспектілері» пәнінен виртуалды дәріс оқуда.   Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің доценті, г.ғ.к. Сарқытқан Қастердің 7М01506-География білім беру бағдарламасының 2-курс магистрантарына «Information and communication technology teaching geographic disciplines at the university» пәнінен виртуалды дәріс оқуы  жоспарлануда.    

Мамандықтар бойынша білім беру бағдарламасының мақсаттарын қалыптастырудың құзыреттілігі сыртқы әлеуметтік-экономикалық ортаның жағдайын анықтайды және білім беру бадарламасының студенттерін оқыту және тәрбиелеуде инновация және шығармашылық үшін қолайлы жағдай тудыруға ықпал етеді.

Кафедраның студенттері ғылыммен айналысуға және халықаралық, республикалық, аймақтық ғылыми-практикалық конференцияларға, конкурстарға қатысуға, отандық және шетелдік журналдарда өзінің ғылыми еңбектерін жариялауға, ғылыми жобаларға қатысуға, проблемалық үйірмелер мен клубтар жұмыстарына араласуға мүмкіншілктері бар.

Словакия мемлекетінің Жилин университетінің профессоры, доктор Мариян Жанига «Биология» мамандығының БҚ 311 топ білімгерлеріне «Өсімдіктержәне жануарлар экологиясы» пәнінен дәріс беруде, 2014 ж.

Польша мемлекетінің Лодзи университетінің профессоры, доктор Эдита Борковска «Биология» мамандығының БҚ 311 топ білімгерлеріне «Генетика» пәнінен дәріс оқуда, 2014 ж.

Биология мамандығы БҚА 311 тобының білімгерлері Жүйрікбаева М., Лентаева А., Құдайбергенова А. Лодзы университетінің профессоры М.Залевскиймен бірге, 2015 ж.

Биология мамандығы БҚА 311 тобының білімгерлері Лодзы университетінің оқытушылары Магдаленна Урбаник және  Моника Кролмен (Польша), 2015 ж.

Биология мамандығы БҚА 311 тобы білімгерлерінің сертификаттары.

Эстония  мемлекеті,Тарту университетінің профессоры, м.ғ.д. Мари Ярвелайд «Биология» мамандығының БҚ 311 топ студенттерімен, 2018 ж.

Польша және Малайзия мемлекеттерінде білім алған студенттер, 2018-2019 оқу жылы.

Ғылыми-зерттеу қызметі

Жаратылыстану  кафедрасының  негізгі ғылыми бағыттары:

  1. Алматы облысының табиғи ресурстарын сақтау және тиімді пайдалану жолдары.
  2. Адам организмінің физиологиялық күйін кешенді бағалау.
  3. Агроөнеркәсіптік кешен үшін биологиялық материалдар жасау саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер.
  4. Жаратылыстану бағытындағы педагог мамандарын даярлауда тиімді инновациялық технологияларды зерттеу.

Соңғы 5 жылда кафедра мүшелерімен 30 оқу, оқу-әдістемелік құралдар және 1 ұсыныс, 1 оқулық, 7 монография қазақ және орыс тілдерінде дайындалды. Импакт-факторлы журналдарда (Thomson Reuters, Scopus) 18 мақала шығарылды, 5 зияткерлік меншікке ұлттық патенттер алынды.

Кафедраның ПОҚ 5 жылдық мерзім ішінде ТМД-ның жетекші ғылыми журналдарында, атап айтқанда: Ресей жаратылыстану академиясының журналы экспериментальді білім берудің халықаралық журналы, қалпына келтіру медицинасының Жаршысы, Зоровье и болезнь, Высшая школа журналы, International journal of experimental education, European journal of natural history, International journal of applied and fundamental research, Australian Journal of Basic and Applied Sciences, International Journal ofr engenering RESEARSH and Applications, World Journal of Medical Sciences, The Journal of Agricultral Science, Journal of Вiotechnology, Journal of Engineering Research and Applications, Oecology Montana, Applied Biochemistry and Microbiology, Applied science end advanced materials international, Chemistry of Natural Compounds, In Vitro Cellular & developmental biology – Plant, European Online Journal of natural and Social Sciences, World Journal of Medical Sciences, Қазіргі жаратылыстану жетістіктері журналы, РФ, Мәскеу, Халықаралық қолданбалы және іргелі зерттеулер журналы, Ғылым жолы журналы т.б..

2016 жылында Талдықорған қаласының  №25 орта мектебінде және Ескелді ауданының Б. Жолбарысұлы атындағы орта мектебінде кафедра филиалдары ашылды.  Филиалдармен бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүзеге асырылады, онда студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуі қамтамасыз етіледі. Жоңғар Алатау ұлттық мемлекеттік паркінде, Алтын Емел және Оңтүстік-Шығыс аймақтық филиалының агрохимиялық қызметінің Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығында магистранттар жыл сайын өндірістік тәжірибеден өтеді.

Жоңғар Алатау, Алтын Емел мемлекеттік ұлттық табиғи парктерімен, «Генетика және цитология» ғылыми-зерттеу институтымен, «Микробиология және вирусология» институтымен, «Адам және жануарлар физиологиясы» институтымен ғылыми байланыс орнату бойынша келісім-шарттар жасалған. 

Жыл сайын білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін оқытушылар жоспарлы түрде біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

Жыл сайын кафедраның білім беру бағдарламаларының білім алушылары республикалық және халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференцияларға қатысады. Білім алушылар республикалық және халықаралық ғылыми конкурстарға қатысады. Сонымен қатар, студенттер мен магистранттар жыл сайын «Менің StartUp-ым»байқауына қатысады.

 

       

  

Әлеуметтік-тәрбие қызметі

Жаратылыстану кафедрасының және топ кураторларының тәрбие жоспары 7 модуль бойынша құрылған:

  1. Азаматтық және патриоттық  тәрбие беру модулі
  2. Әлеуметтік-психологиялық тәрбие модулі
  3. Адамгершілік және рухани тәрбие модулі
  4. Дене және еңбек тәрбиесі модулі
  5. Интеллектуалдық және шығармашылық тәрбие модулі
  6. Жемқорлыққа қарсы күрес және құқықтық тәрбие модулі
  7. Рухани жаңғыру жобасы бойынша тәрбие жұмысы және ұлттық тәрбие модулі

Осы аталған  модульдер  бойынша  топ  кураторлары  тәрбиелік  іс-шаралар өткізеді. Азаматтық  және  патриоттық  тәрбие беру модулі  бойынша «Ұстаз ұлы есім» тақырыбында іс-шара өтті.

Рухани жаңғыру жобасы модулі бойынша  «Шапағат»  Текелі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында  «Қарттарым асыл  қазынам»  тақырыбында қайырымдылық акциясы  өтті.

«Айналайын» балалар үйінде  «Қуанса бала қуансын!»  тақырыбында  қайырымдылық акциясын өткізді.

Интеллектуалдық және шығармашылық тәрбие модулі бойынша

«Қызыққа толы студенттік шақ»  атты 1 курс студенттерін студенттер қатарына қабылдау кеші өтті.

Жемқорлыққа қарсы күрес және құқықтық тәрбие модулі  бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті» тақырыбында тәрбиелік іс-шаралар өткізілді.

                                                                            

                                                   

Кафедра жетістіктері

2019, 2020 жылдары 5В011300-«Биология» мамандығы Қазақстан ЖОО білім беру бағдарламалары рейтингісінде 1-орынды иеленді.

2018 жылы кафедраның қауымдастырылған профессоры, б.ғ.к. Бахтаулова Алефтина Сембаевна «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы –2018» атағын иеленді.

2019 жылы кафедраның профессоры, Канаев Ашимхан Токтасынович «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы –2019» атағын иеленді.

Тоқпанов Е. А.

ҚР БҒМ құрмет грамотасы, 27.09.1994. «ҚР Білім беру ісінің үздігі» ведомстволық төсбелгісі, 01.08. 2000. «Ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін» ведомстволық төсбелгісі, 01.10.2017.

БІЗДІҢ ОҚЫТУШЫЛАР
Берикжан Кылышбекович

    Оксикбаев Берикжан Кылышбекович

    Жаратылыстану кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы, б.ғ.к.

    ++7(7282)25-44-79
    (2217)
    berikjan-kil@mail.ru

    ТОЛЫҒЫРАҚ

      Баймырзаев Қуат Маратұлы

      Профессор, г.ғ.д.

      +7(728)222-00-91
      baimyrzayev_km@zhgu.kz

      ТОЛЫҒЫРАҚ

        Канаев Ашимхан Токтасынович

        Профессор, д.б.н.

        +7(728)222-25-42
        (1175)
        ashim1959@mail.ru

        ТОЛЫҒЫРАҚ

        Бахтаулова Алефтина

          Бахтаулова Алефтина Сембаевна

          Қауымдастырылған профессор, б.ғ.к.

          +7(7282)22-16-06
           (1110)
          bahtaulova@mail.ru

          ТОЛЫҒЫРАҚ

          Дауренбекова Шолпан

            Дауренбекова Шолпан Жумабековна

            Аға оқытушы, б.ғ.к.

            +7(7282)22-16-06
             (2217)
            shdaurenbekova@mail.ru

            ТОЛЫҒЫРАҚ

              Токпанов Еркин Аипович

              Аға оқытушы, к.г.н.

              +7(7282)25-44-79
               (2217)
              tokpanov1960@mail.ru

              ТОЛЫҒЫРАҚ

              Маусумбаева Айда

                Маусумбаева Аида Макеновна

                Аға оқытушы, а/ш.ғ.к.

                +7(7282)25-44-79 
                 (2217)
                аida_28.65@mail.ru

                ТОЛЫҒЫРАҚ

                Сыдыкбаева Сандугаш

                  Сыдыкбаева Сандугаш Аубакировна

                  Аға оқытушы, х.ғ.к.

                  87017594636
                   (2217)
                  Sandugash78@mail.ru

                  ТОЛЫҒЫРАҚ

                  Канаева З

                    Канаева Зылиха Кожамкуловна

                    Қауымдастырылған профессор, х.ғ.к.

                    +7(7282)25-44-79
                     (2217)
                    zkk.da@mail.ru

                    ТОЛЫҒЫРАҚ

                      Алдибекова Кулдархан Нурсапаевна

                      Аға оқытушы, п.ғ.к.

                      +77752254088
                      aldibekova-gulden@mail.ru

                      ТОЛЫҒЫРАҚ

                      Дюсенбинова Сауле

                        Дюсембинова Сауле Мырзабековна

                        Аға оқытушы, магистр

                        +7(7282)25-44-79
                         (2217)
                        saule_dyusembinova@mail.ru

                        ТОЛЫҒЫРАҚ

                        Имангазинова Жемисжан

                          Имангазинова Жемисжан Саттыбековна

                          Аға оқытушы, магистр

                          +7(7282)25-44-79
                           (2217)
                          gema.232@mail.ru

                          ТОЛЫҒЫРАҚ

                          фото Мухитдинова РА

                            Мухитдинова Роза Абдыгалиевна

                            Аға оқытушы, магистр

                            +7(7282)25-44-79
                             (2217)
                            mra050977@mail.ru

                            ТОЛЫҒЫРАҚ

                            Кабдрахманова Айнур

                              Кабдрахманова Айнур Канатовна

                              Аға оқытушы, магистр

                              +7(7282)25-44-79
                               (2217)
                              ainurkabdrahmanova@mail.ru

                              ТОЛЫҒЫРАҚ

                              Укушова Толкын

                                Укушева Толкын Калиаскаровна

                                Аға оқытушы, магистр

                                +7(7282)25-44-79
                                 (2217)
                                ukushevatolkyn@mail.ru

                                ТОЛЫҒЫРАҚ

                                Атабаева Айнур

                                  Атабаева Айнур Муратовна

                                  Аға оқытушы, магистр

                                  +7(7282)25-44-79
                                  ainur_atabaeva@bk.ru

                                  ТОЛЫҒЫРАҚ

                                    Мукашева Данагул Мадияровна

                                    Аға оқытушы, магистр

                                    +7(7282)25-44-79
                                     (2217)
                                    danagul.mukasheva.84@mail.ru

                                    ТОЛЫҒЫРАҚ

                                    Курманғажы Гулнархан

                                      Құрманғажы Гүлнархан

                                      Аға оқытушы, магистр

                                      +7(7282)25-44-79
                                       (2217)
                                      gulnarkhan@mail.ru

                                      ТОЛЫҒЫРАҚ

                                        Ыбраймжанова Лаура Кайролдаевна

                                        Аға оқытушы, магистр

                                        +7(7282)25-44-79
                                         (2217)
                                        ybraymzhanova@mail.ru

                                        ТОЛЫҒЫРАҚ

                                        Кыдырбаева А.Т

                                          Кыдырбаева Ардак Толегеновна

                                          Оқытушы, магистр

                                          +7(7282)25-44-79
                                           (2217)
                                          ardak_jgu@mail.ru

                                          ТОЛЫҒЫРАҚ

                                          Исабаев Ануар

                                            Исабаев Ануар Токтамысович

                                            Оқытушы, магистр

                                            +7(7282)25-44-79
                                             (2217)
                                            аnuar_1089@mail.ru

                                            ТОЛЫҒЫРАҚ