«Отбасылық құндылықтар» тәрбиелік іс-шара

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп ұлттық жаңғырудың негізгі алғышарттары айқындалған. Осы орайда, 06.10.2022 жылы Жаратылыстану жоғары мектебі, Педагогикалық информатика бойынша БББ п.ғ.қ., доцент Алдабергенова А.О. және оқытушы-лектор Есейқызы А. ұйымдастыруымен 1 курс (Информатика, Математика-Информатика) білімгерлері арасында «Отбасылық құндылықтар» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында білімгерлер арасында Отбасы құндылығы туралы түсініктер, отбасыны сүйе білуге, ата-ана және бала қарым-қатынасының өзара байланысын қалыптастыру, отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту туралы пікірлер айтылды. Білімгерлер өз ойларын постерлерге салып, бір-бірімен өзара бөлісті. Сабақ барысында көңілді quiz ойнатылып, отбасы мүшелерінің тұрмыстық қарым-қатынасының маңызды ұстанымдар мен қағидаларына тоқтатылды. Әр білімгердің жүрегінде отан алдында, отбасы институтын құру туралы үлкен жауапкершілік сезімі ұялады.