Год: 2026

«Қазіргі қоғамның жаһандық трансформациялары: климаттық өзгерістер, көші-қон және тұрақты даму стратегиялары» халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Жетісу университетінде «Қазіргі қоғамның жаһандық трансформациялары: климаттық өзгерістер, көші-қон және тұрақты даму стратегиялары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараға қазақстандық және шетелдік ғалымдар, сарапшылар, оқытушылар, жас зерттеушілер мен студенттер қатысты. Олардың қатарында Цюрих университеті, Лунд университеті, GEO Knowledge Hub орталығы және Этвёш Лоранд университеті сияқты ғылыми ұйымдардың өкілдері бар. Жиынның мақсаты – климаттың өзгеруі, көші-қон …

«Қазіргі қоғамның жаһандық трансформациялары: климаттық өзгерістер, көші-қон және тұрақты даму стратегиялары» халықаралық ғылыми-практикалық конференция Read More »

«Қаржылық сауаттылық – табысты өмір кепілі»

Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы-ассистенті Д. Тохтахун «Қаржылық сауаттылық – табысты өмір кепілі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Іс-шара барысында студенттер қаржылық жоспарлау, жеке бюджетті тиімді басқару, жинақ жасау және қаржылық жауапкершілік мәселелері бойынша пайдалы ақпарат алды. Тәрбие сағаты білім алушылардың қаржылық мәдениетін арттыруға және қаржылық сауаттылықтың маңызын түсіндіруге бағытталды.

Қорытынды конференция

Физика-математика факультеті, Информатика және білімді цифрландыру кафедрасының 4 курс білімгерлері, ИҚ411, МИҚ411 топтарымен, 29-шы сәуір 2026 жылы, өндірістік практикасының қорытынды конференциясы өтті. Конференция барысында білімгерлер практика кезеңінде атқарған жұмыстары бойынша есеп беріп, жүргізілген сабақтар мен тәрбие жұмыстарының нәтижелерін таныстырды. Конференцияға оқытушылар: Жиембаев Ж.Т., Забиева К.Қ., Есейқызы А., Койшыбекова А.К., практикаға жауапты оқытушы Ермекова Н.С. қатысты. …

Қорытынды конференция Read More »

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР

       2026 жылғы 28 сәуірде І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті базасында республикалық деңгейдегі әдістемелік семинар 8D01301 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының докторанты А.С. Таурбекованың «Болашақ мұғалімдерді бастауыш білім алушылардың оқу сауаттылығын педагогикалық технологиялар негізінде дамытуға даярлау» тақырыбындағы докторлық диссертациясы аясында «Оқу сауаттылығы: мұғалім даярлығы және заманауи әдістер» тақырыбында өтті. Аталған іс-шараға І.Жансүгіров …

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР Read More »

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің халықаралық конференциясы

24 сәуірде І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде орыс тілі мен әдебиеті пәні оқытушыларының VI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. «XXI ғасырдағы орыс тілі мұғалімінің құзыреттілігін дамытудағы цифрландырудың рөлі» тақырыбындағы жиынды орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы Жетісу облысы білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Конференцияға Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің ғалымдары мен педагогтері қатысып, цифрлық технологиялар, жасанды …

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің халықаралық конференциясы Read More »

Педагогикалық практиканың қорытынды конференциясы

28.04.2026 жылы Дене шынықтыру және өнер факультетінің «Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне педагогикалық практиканың қорытынды конференциясы өткізілді. Конференцияның мақсаты – педагогикалық практика кезеңін қорытындылау, студенттердің кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін бағалау және практика барысында жинақталған тәжірибелерді талдау болды. Іс-шара барысында білімгерлер практика өткен білім беру ұйымдарындағы атқарған жұмыстары бойынша …

Педагогикалық практиканың қорытынды конференциясы Read More »

Жастар орталығы кабинетінің ашылуы

Жетісу университетінде студент жастарға арналған жаңғыртудан өткен заманауи жастар орталығының кабинеті қолданысқа берілді. Кабинет заманауи дизайнмен безендіріліп, соңғы үлгідегі компьютерлермен жабдықталды. Кабинеттің ашылу салтанатында ректор Ермек Бөрібаев сөз сөйлеп, орталықтың жастар үшін маңыздылығын атап өтсе, ардагер ұстаздар ақ батасын берді. Салтанатты шараға белсенді студенттер де қатысып, жаңа орталықтың мүмкіндіктерімен танысты. Бұл игі іс жастардың білімін …

Жастар орталығы кабинетінің ашылуы Read More »

«Киберқауіпсіздік және кибертәртіп» акциясы

Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы-дәріскері С.С. Онгарбаева «Музыкалық білім беру» білім беру бағдарламаларының студенттеріне «Киберқауіпсіздік және кибертәртіп» акциясы аясында тәрбие сағатын өткізді. Іс-шара барысында студенттерге интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік ережелері, жеке деректерді қорғау, кибермәдениет пен жауапты цифрлық мінез-құлық мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, заманауи киберқауіптердің алдын алу жолдары талқыланып, пайдалы кеңестер берілді. Аталған тәрбие сағаты …

«Киберқауіпсіздік және кибертәртіп» акциясы Read More »

Өндірістік-педагогикалық практика бойынша қорытынды конференция

Дене шынықтыру және өнер факультетінің «Музыкалық білім» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттеріне өндірістік-педагогикалық практика бойынша қорытынды конференция өтті. Аталған конференция студенттердің практика барысында жинақтаған тәжірибесін саралап, кәсіби дағдыларын көрсетуге бағытталды. Іс-шара барысында студенттер мектептерде өткізген сабақтары, тәрбие жұмыстары және музыкалық-шығармашылық іс-әрекеттері жөнінде баяндамалар жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті. Конференцияға қатысқан оқытушылар мен жетекшілер студенттердің жұмыстарына …

Өндірістік-педагогикалық практика бойынша қорытынды конференция Read More »

Өндірістік-педагогикалық практиканың қорытынды конференциясы

Дене шынықтыру және өнер факультетінің «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттеріне өндірістік-педагогикалық практиканың қорытынды конференциясы өткізілді. Аталған конференция педагогикалық практика кезеңін қорытындылау, білімгерлердің кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін анықтау және тәжірибе нәтижелерін ғылыми-әдістемелік тұрғыда сараптау мақсатында ұйымдастырылды. Конференция барысында студенттер практика кезеңінде атқарған жұмыстары бойынша есеп беріп, ашық сабақтар мен тәрбие жұмыстарының …

Өндірістік-педагогикалық практиканың қорытынды конференциясы Read More »