Жаңалықтар

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Bilim zhane Bolashak» IV халықаралық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының қорытындысы шығарылды

2026 жылғы 25 сәуірде І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде онлайн форматта «Bilim zhane Bolashak» IV халықаралық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының қорытындысы шығарылды. Іс-шараның ұйымдастырушылары – магистранттар мен докторанттарға арналған Eurasian Scientific and Methodological Journal “East-West” ғылыми-әдістемелік журналы және І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті. Байқаудың модераторы – EW ESMJ ғылыми редакторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің орыс …

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Bilim zhane Bolashak» IV халықаралық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының қорытындысы шығарылды Read More »

Құттықтаймыз!

2026 жылдың 19–24 сәуір аралығында Тараз қаласында бочча спорт түрінен Жамбыл облысының ашық турнирі өтті. Аталған жарысқа І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Қуаныш Аскарбеков қатысып І орынға ие болды. Қуанышты жүлделі орын алуымен құттықтаймыз! #SDG #ЦУР #ТДМ

Құттықтаймыз!

2026 жылдың 22–24 сәуір аралығында Шымкент қаласында жеңіл атлетикадан U-20 (2007–2008 жылы туған жастар арасында) Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған жарыста І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенттері өнер көрсетіп, жүлделі орыннан көрінді. 5000 м.қашықтықта жүгіруден Жансая Күнболатқызы І орын, Дагара Тумарбекова ІІ орын алды. Бұл жетістік – спортшылардың табанды еңбегінің …

Құттықтаймыз! Read More »

«Қазіргі қоғамның жаһандық трансформациялары: климаттық өзгерістер, көші-қон және тұрақты даму стратегиялары» халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Жетісу университетінде «Қазіргі қоғамның жаһандық трансформациялары: климаттық өзгерістер, көші-қон және тұрақты даму стратегиялары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараға қазақстандық және шетелдік ғалымдар, сарапшылар, оқытушылар, жас зерттеушілер мен студенттер қатысты. Олардың қатарында Цюрих университеті, Лунд университеті, GEO Knowledge Hub орталығы және Этвёш Лоранд университеті сияқты ғылыми ұйымдардың өкілдері бар. Жиынның мақсаты – климаттың өзгеруі, көші-қон …

«Қазіргі қоғамның жаһандық трансформациялары: климаттық өзгерістер, көші-қон және тұрақты даму стратегиялары» халықаралық ғылыми-практикалық конференция Read More »

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің халықаралық конференциясы

24 сәуірде І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде орыс тілі мен әдебиеті пәні оқытушыларының VI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. «XXI ғасырдағы орыс тілі мұғалімінің құзыреттілігін дамытудағы цифрландырудың рөлі» тақырыбындағы жиынды орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы Жетісу облысы білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Конференцияға Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің ғалымдары мен педагогтері қатысып, цифрлық технологиялар, жасанды …

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің халықаралық конференциясы Read More »

Жастар орталығы кабинетінің ашылуы

Жетісу университетінде студент жастарға арналған жаңғыртудан өткен заманауи жастар орталығының кабинеті қолданысқа берілді. Кабинет заманауи дизайнмен безендіріліп, соңғы үлгідегі компьютерлермен жабдықталды. Кабинеттің ашылу салтанатында ректор Ермек Бөрібаев сөз сөйлеп, орталықтың жастар үшін маңыздылығын атап өтсе, ардагер ұстаздар ақ батасын берді. Салтанатты шараға белсенді студенттер де қатысып, жаңа орталықтың мүмкіндіктерімен танысты. Бұл игі іс жастардың білімін …

Жастар орталығы кабинетінің ашылуы Read More »

«Президенттік тест» жарысы

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы, қызметкерлері және студенттері арасындағы жазғы «Президенттік тест» жарысы өтті. Жарысқа әр факультеттен 10 оқытушы және 12 студенттен қатысты. Қатысушылар ерлер арасында 2000 метрге, әйелдер арасында 1000 метрге жүгіруден, ал студенттер 100 метр қысқа қашықтыққа, сондай-ақ ұлдар 1000 метрге және қыздар 800 метр орта қашықтыққа жүгіруден жарысқа түсті. Жарыстың мақсаты …

«Президенттік тест» жарысы Read More »

«Шын жүректен…» ізгілік шарасы

Қазақстанның бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2026 жылды орнықты даму мақсатында халықаралық еріктілер жылы деп жариялады. Осыған орай Жетісу университетінде «Айналайын» балаларды қолдау орталығы мен университет арасындағы достық қарым-қатынастың 11 жылдығына арналған «Шын жүректен…» атты ізгілік іс-шарасы өтті. Аталған іс-шара университеттің әлеуметтік жауапкершілік саясатының маңызды бағыты ретінде ұйымдастырылып, қоғамда қайырымдылық мәдениетін нығайтуға, балаларға жан-жақты …

«Шын жүректен…» ізгілік шарасы Read More »

«Қазақтілді тілтанымдық контент пен цифрлық ресурстар» көшпелі семинар

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтымен бірлескен «Қазақтілді тілтанымдық контент пен цифрлық ресурстар» тақырыбында көшпелі семинар өтті. Семинарға Тіл білімі институтының, Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының, Тілдерді дамыту басқармасының қызметкерлері, университеттің профессор-оқытушылары және Талдықорған қаласы мен Ескелді ауданы мектептерінен 100-ге жуық мұғалім қатысты. Көшпелі семинар көрмесінде Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл …

«Қазақтілді тілтанымдық контент пен цифрлық ресурстар» көшпелі семинар Read More »

Жеңіске толы жарқын апта

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті студенттері республикалық деңгейдегі білім бәсекелерінде жоғары нәтиже көрсетіп, оқу орнының абыройын тағы бір мәрте асқақтатты. Әртүрлі бағыттағы зияткерлік сайыстарда бақ сынаған студенттер білімдері мен біліктерін сынға салып, үздіктер қатарынан көрінді. Атап айтқанда, 23–24 сәуір күндері Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті базасында өткен ҚР жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы …

Жеңіске толы жарқын апта Read More »