Высшая школа физической культуры и искусства

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Әз Наурыз, берекелі болсын!» атты мерекелік іс – шара

30 наурыз 2022 жылы «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мерекесіне орай шығармашылық оқыту білім беру бағдарламасының оқытушысы Турганова Маржан Муратовна студенттермен «Әз Наурыз, берекелі болсын» атты мерекелік іс – шара ұйымдастырды. Іс – шараны қазақи салт-дәстүрмен шашу шашып бастау алып, артынан бата беріліп, көнерген сөздердің мағыналары айтылып, мақал – мәтел жарысы сынды сәті болды.  Жиналған …

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Әз Наурыз, берекелі болсын!» атты мерекелік іс – шара Read More »

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 50 жылдығы аясында» Ерлік апталығы»

2022 жылдың 14 наурызынан 19 наурызына дейін дене шынықтыру және өнер Жоғары мектебі І. Жансүгіров атындағы Жетісу  университетінің 50 жылдығы аясында «Ерлік апталығын» өткізді Акцияның мақсаты – оқушылардың бойында жоғары патриоттық сезімді, өз Отанына деген адалдық сезімін, ҚР мүдделерін қорғау бойынша азаматтық борыш пен конституциялық міндеттерді орындауға дайындығын тәрбиелеу. 2022 жылдың 14 наурызында № 4 …

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 50 жылдығы аясында» Ерлік апталығы» Read More »

ТОП-ТИР

16.03.2022 ж. Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің бастамасымен «Ұлттық Топ-Тир федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігімен  екіжақты меморандумға қол қойылды.ТОП-ТИР инновациялық ұлттық спорт түрі және әскери-патриоттық бағыттағы ойындар.Меморандумның мақсаты – cтуденттердің жүйелі Топ-Тир жаттығулары арқылы физикалық және психологиялық дамуын, өзін-өзі жүзеге асыру, денсаулықты нығайту және жағымды өмірлік құндылықтарды қалыптастыруына жағдай жасау және  қозғалыс дағдыларын дамыту. Бейнеге …

ТОП-ТИР Read More »

Республикалық «Дала сазы» байқауы

26.02.2022 ж. Талдықорған қ. «Бақытты елдің ұрпағы»  қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен Республикалық «Дала сазы» байқауында дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің I курс білімгерлері Бейбіт Мейірбек I орын, Балабекова Аруна II орын «Вокал» номинациясы бойынша ие болды. Сонымен қатар, байқау ұйымдастырушылары жетекшісі С.Онгарбаеваны білімгерлердің шеберлігін шыңдаудағы қосқан үлесі үшін алғыс хатымен құттықтады!

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын іске асыру» атты тақырыпта тәрбие  сағаты

2022 жылдың 28 ақпан күні І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің, дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің  тәрбие жұмысы бойынша үйлестіруші А.Кунбосынның ұйымдастыруымен жоғары мектептің белсенді білімгерлерімен тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын іске асыру» атты тақырыпта тәрбие  сағаты өткізілді. Тәрбие сағатқа жоғары мектептің «Саналы ұрпақ» клубының жетекшісі, оқытушы-дәріскер С.Онгарбаева қатысты. Іс-шараның мақсаты …

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын іске асыру» атты тақырыпта тәрбие  сағаты Read More »

Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің бітіруші түлектерімен онлайн кездесу

25.02.2022 ж. сағат 16.00-де І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің, дене шынықтыру және өнер жоғары мектебі мансап және жұмысқа орналастыру орталығының басшысы С.Смагулованың қатысуымен, 2021-2022 оқу жылы мемелекеттік білім беру тапсырысы, ауылдық квота бойынша білім алған бітіруші түлектеріне міндеттемені жұмыспен өтеу мәселелерін түсіндіру мақсатында онлайн форматта кездесу өткізді. Кездесу барысында бітіруші түлектер қойылған сұрақтарына толықтай жауап алды.

Семинар

«Студенттердің, магистранттар мен докторанттардың білімін критериалды бағалау және жазбаша бақылау бойынша емтихан материалдарын әзірлеу жүйесі» тақырыбындағы оқыту семинарларының бағдарламасына сәйкес, 2022 жылғы 24 ақпанда дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің оқытушы-дәріскері Р.Садуакасова жоғары мектеп оқытушыларына «Бақылаудың жазбаша нысандары бойынша білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері»семинарын өткізді. Семинар барысында Блум таксономиясы негізінде емтихан материалдарын дайындау, білім беру …

Семинар Read More »

Түлектермен кездесу

09.12.2021 ж. Дене шынықтыру және өнер факультетінде 4 курс студенттері және Алматы облысы Ішкі істер департаментінің қызметкерлерімен түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатында кездесу ұйымдастырылды.  Кадр қызметі бастығының орынбасары полиция майоры Е.Шалбаев ішкі істер қатарына  жұмысқа қабылдау ережелерін түсіндірді, сондай-ақ полиция подполковнигі А.Мухамадиева және «СОБР» жедел әрекет ету қызметінің қызметкері капитан О. Құрманғалиев сөз сөйледі. Ішкі істер …

Түлектермен кездесу Read More »

Жеңімпазды құттықтаймыз!

2021 жылдың 19 қарашасында   Орал қаласында әйелдер  арасындағы дзюдодан ҚР чемпионатында 78 кг салмақ дәрежесінде  1  орын иеленген Дене шынықтыру және өнер факультетінің 2 курс магистранты  Берликаш Камиланы  құттықтаймыз!

Академиялық адалдық

30.11.2021 ж. Дене шынықтыру және өнер факультетінің «Саналы ұрпақ» клубының жетекшісі С.Оңғарбаеваның ұйымдастыруымен «Академиялық адалдық» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Іс-шара шеңберінде дене шынықтыру және спорт, музыкалық білім беру бағдарламаларының 2 курс білімгерлері білім берудегі шыншылдық, сенім мен құрмет, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын сақтау мәселелерін талқылады. Іс-шараға университеттің «Саналы ұрпақ» жобалық кеңесінің төрағасы Е. Беисов қатысты.