МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ КАФЕДРАСЫ

Жалпы ақпарат

Қазіргі уақытта кафедраның  ПОҚ 11 оқытушыдан тұрады, оның ішінде 1экономика ғылымдарының докторы, 2 философия докторы (PhD), 2 экономика ғылымдарының кандидаты және 6 оқытушы ғылым магистрі академиялық дәрежесіне ие.

ПОҚ сандық және сапалық көрсеткіштері;

Кафедраның  білім беру қызметін келесі құрамда жоғары кәсіби деңгейімен ерекшеленетін ПОҚ білікті құрамы жүзеге асырады:

  1. Сыздыкбаева Нургуль Байшариповна-философия  докторы (PhD),кафедра меңгерушісі;
  2. Қалдияров Данияр Алтайұлы — экономика ғылымдарының докторы, профессор, Еуразия Халықаралық экономикалық академиясының академигі (2005);
  3. Байтаева Гульнара Рахметовна — э. ғ.к., қауымдастырылған профессор, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері (2009ж.), «Ы.Алтынсарин»;
  4. Кыдырбаева Эльмира Омирсериковна-философия докторы(Phd),қауымдастырылған профессор (доцент),»ЖОО үздік оқытушысы-2016″атағының иегері;
  5. Шомшекова Балхия — экономика ғылымдарының кандидаты,қауымдастырылған профессор, «Ы.Алтынсарин» 07.08.2014 ж., Медаль «25 лет Независимости РК» (2016);
  6.  Лемещенко Олеся Витальевна-экономика ғылымдарының  магистрі,оқытушы-дәріскер.
  7. Турысбекова Райхан Кундашовна — экономика ғылымдарының магистрі, оқытушы-дәріскер;
  8. Нуртаева Асель Какеновна — экономика ғылымдарының  магистрі, оқытушы-дәріскер;
  9. Кенжасарова Айгерим Муратовна — экономика ғылымдарының магистрі, оқытушы-дәріскер;
  10. Толамисова Анар Габдылкаримовна — экономика ғылымдарының магистрі, оқытушы-дәріскер;
  11. Жанысбаева Самал Бабаевна -экономика ғылымдарының  магистрі, оқытушы-ассистент;
  12. Тасыбек Милана Сайлауқызы — лаборант.
Кафедра тарихы

«Мемлекеттік басқару және менеджмент» кафедрасының өзіндік қалыптасу және даму тарихы бар. 1996 жылдан Саяси экономика және философия кафедрасы негізінде Экономика және менеджмент кафедрасы құрылды. 2002 жылы Экономика және менеджмент кафедрасы негізінде екі жаңа кафедра құрылды: "Экономика және құқық" кафедрасы, "Есеп және Қаржы" кафедрасы. 2010 жылы "Мемлекеттік басқару және менеджмент" кафедрасы құрылды.

Кафедра құрылған сәттен бастап оқытушылар экономика және басқару саласындағы түрлі конкурстарға, жобаларға, бағдарламаларға, экономика және басқару саласындағы бірқатар ғылыми-практикалық жобаларды әзірлеуге белсенді қатысады, оқытудың заманауи әдістері мен нысандарын зерделейді және пайдаланады.

Осы уақыт ішінде Мемлекеттік басқару және менеджмент кафедрасы университет пен аймақтың жетекші оқытушылары басқарды:

  • Шомшекова Б.К. – э. ғ. к., доцент 1996-1999 жж;
  • Блеутаева К.Б. – э. ғ. д., профессор. 2000-2004 жж.
  • Торегожина М.Б. – э. ғ. к., доцент 2005-2007 жж. 2009 жылғы "Қазақстанның үздік оқытушысы" грантының иегері;
  • Бисенова С.Ш. - э. ғ. к., доцент 2008-2010 жж.;
  • Тулешова Г.Б. - э. ғ. к., доцент 2010-2012 жж.;
  • Байтаева Г.Р. – э. ғ. к., қауымдастырылған профессор, 2013-2020 жж.;
  • Қыдырбаева Э. Ө. – философия докторы (PhD) , қауымдастырылған профессор. 2020-2023 жж.;
  • Лемещенко О.В. – экономика ғылымдарының магистрі,оқытушы-дәріскер, 2023 -2024жж;
  • Сыздыкбаева Н.- философия докторы (Phd), 2024ж бері басқарады. 
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

1) Бакалавриат

2) Магистратура

3) Докторантура

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ

         Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы оқу – әдістемелік семинарлар, силлабустар әзірлеу, оқу-әдістемелік әдебиеттер шығару, ашық сабақтар өткізу, кафедра оқытушыларының сабақтарға өзара қатысуы, ПОҚ біліктілігін арттыру түрінде жүзеге асырылады. 

          Оқу жоспарларына сәйкес Executive MBA білім беру бағдарламаларының магистранттары жыл сайын шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өтеді. 2024 жылғы 15-28 сәуір аралығында Executive MBA «Стратегиялық менеджмент», «Денсаулық сақтаудағы менеджмент», «Заң практикасындағы менеджмент», «Білім берудегі менеджмент» білім беру бағдарламаларының магистранттары Мемлекеттік басқару университетінде (Ресей Федерациясы, Мәскеу) «Маркетингті басқару негіздері» бағдарламасы бойынша оқудан өтті.

          8-12 қаңтарда 2024 жылы 6В04102 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару» 4 курс білім алушылары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Жас мемлекеттік қызмет мектебі» оқыту бағдарламасы бойынша оқудан өтіп, сертификаттар алды. 

      2022 жылдан бастап кафедра Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша Департаментімен тығыз жұмыс істейді.Оқу процесі жұмыс берушілерді тарта отырып жүзеге асырылады.

         6В04102 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару» БББ студенттеріне арналған сабақтарды: 2022-2023 оқу жылында — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Қобылан Манапов жүргізді.                                                                                                             

      Күндізгі оқу білімгерлеріне 2023-2024 оқу жылынан бастап — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облыс бойынша департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Самғат Бағланұлы Тарақ жүргізуде.

             Сондай-ақ виртуалды ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламалары шеңберінде басқа білім беру мекемелерінен әріптестерді тарта отырып ұйымдастырылады. Мәселен, 23.10.2023 ж. мен 25.11.2023 ж. аралығында 6В04109 – «Ақпараттық ресурстарды басқару» білім беру бағдарламасының студенттері үшін «Жобаларды басқару» пәні бойынша экономика ғылымдарының магистрі, Алматы Менеджмент Университетінің аға оқытушысы Наталья Валентиновна Кошкина сабақ өткізді. 06.11.2023 ж.бастап 30.11.2023 ж.аралығында 6В04102 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасының студенттеріне «Стратегиялық басқару» пәні бойынша сабақтарды экономика ғылымдарының докторы, Б.Н.Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей Славян университетінің профессоры Наталья Анатольевна Бровко өткізді.
            Executive MBA білім беру бағдарламалары бойынша сабақтарды өткізу үшін келесі оқытушылар шақырылды:
    Экономика ғылымдарының докторы, Ф. Корфантого атындағы Жоғарғы Силезия экономикалық университетінің профессоры (Польша) Stefan Dyrka
   Орталық Азия университеті Мемлекеттік басқару және саясат институтының аға ғылыми қызметкері Джунусова Мадина Алеевна
«NSB Technology» ЖШС директоры Айжан Абдимуталиповна Насибуллина
Экономика ғылымдарының кандидаты, Алматы Менеджмент Университетінің қауымдастырылған профессордың м.а. Жанар Сапаровна Рахимбекова
Философия докторы, Цукуба университетінің әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің профессоры (Жапония)Timur Dadabaev

      Білім беру бағдарламаларын әзірлеу, жаңарту және жетілдіру мақсатында 2024-2025 оқу жылында бакалавриат, магистратура және докторантура білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік басқару және менеджмент кафедрасының тұрақты жұмыс атқаратын білім беру бағдарламаларын әзірлейтін академиялық комитеттің  келесі құрамы:     
         — Жетісу облысы әкімінің орынбасары М.Кольбаев;
        -«Қайнар-АКБ» ЖШС Бас директордың бірінші орынбасары Е. Канаев ;
       — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы К. Манап;
       — «ГАКУ-Құрылыс» ЖШС басшысы Г. Кудиенко;
        -«Талдықорған қаласы әкімінің  аппараты» ММ  әкімінің кеңесшісі және Талдықорған қаласы бойынша әдеп жөніндегі  уәкіл Б.Абылхан;
        — Талдықорған қалалық облыстық ауруханасының директоры А.Монгол;
        -«Мармар Казахстан» ЖШС директоры  О.Закирулы;
        -«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасының директоры  Д.Оңалбаев;
        -«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» №16 орта мектеп-гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Т.Андриянова;
         -Алматы облысының  Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары А.Манасбаева;

      Әдістемелік семинарлар практик-мамандардың қатысуымен өткізіледі. Мысалы, 14.12.2023 ж. бизнес-тренер, кәсіби стратегиялық коуч, НЛП практигі Айжан Абдимуталиповна Насибуллина «Топтық динамика және топтық динамиканы басқару әдістері» тақырыбында онлайн семинар өткізді.

           Кафедра оқытушылары оқытылатын пәндер бейіні бойынша біліктілігін үнемі арттырып отырады. 2023-2024 жылдары кафедра оқытушылары келесі тақырыптар бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

     — Адам ресурстарын басқарудағы шығармашылық пен инновация
     — Менеджмент;
     — Білім мен ғылымдағы менеджмент;
     — Ғылыми-зерттеу қызметін және халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру;
     — Менеджменттің заманауи тәсілдері: басқаруда өзекті теориялар мен тәжірибелерді қолдану;
     — Өндіріс және қызмет көрсету саласының экономикасы;
     — Инклюзивті білім беру: оқыту әдістемесі мен ерекшеліктері.  

ҒЫЛЫМИ -ЗЕРТТЕУ ҚЫЗМЕТІ

         Кафедра саласындағы ғылыми қызмет ғылымиәдістемелік семинарлар, проблемалық үйірмелердің жұмысы, магистрлік   диссертацияларды талқылау, конференцияларға қатысу және сөз сөйлеу, ҚР Білім Министрлігі және халықаралық ұйымдар  қаржыландыратын жобалар мен гранттарға қатысу түрінде іске асырылады.
     Кафедраның ПОҚ ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі бағыты:Қазақстан Республикасында тұрақты даму перспективалары.

           2024 жылдың 6-13 мамыры аралығында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ғылыми жобасы бойынша зерттеу тобының мүшелері Д.А.Калдияров, С.С.Жакипбекова, Д.Нұрмуханқызы, А.Е.Беделбаева, М.А.Шмидт Цукуба университетіне (Жапония) ресми іс-сапармен барып, жұмыс бағдарламасы аясында білімгерлердің әртүрлі санаттары үшін оқу үдерісін ұйымдастыру мәселелерін, оқыту үшін қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз ету бойынша жапон университеттерінің тәжірибесін, сондай-ақ Цукуба университетімен серіктестік мүмкіндіктерін талқылады.

            Университеттің жас ғалымдары ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы жас ғалымдармен кездесуіне қатысты 2024 жылғы 23 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы жас ғалымдармен кездесу өткізді. Кездесуге ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев және жас ғалымдары қатысты. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті атынан жиынға Университеттің жас ғалымдар кеңесінің төрайымы Лемещенко Олеся Витальевна қатысты.

          І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне 2023жылдың 9 қазанында Линкольн қаласындағы Небраска университетінің профессорлары келді. «Қазақстанда агробизнесті дамыту бойынша білім беру бағдарламаларын жаңғырту» жобасын іске асыру шеңберінде құқық және экономика факультетінің профессор-оқытушылар құрамы және студенттері шетел профессорларымен кездесуі өткізді. Жобаға АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі демеушілік жасады. Жобаның негізгі мақсаты АҚШ пен Қазақстанның жоғары оқу орындары арасындағы әріптестікті дамыту және агробизнеспен айналысу бойынша білім беруге жәрдемдесу болып табылады. Осы мақсаттар аясында жоба үйлестірушісі және төрағасы, Nebraska Extension білімін тарату жөніндегі маманы, Небраска-Линкольн университетінің профессоры Эндрю Зимброф және кәсіпорындармен жұмыс істеу маманы Бреннан Костелло сөз сөйледі. Кездесуде Небраска-Линкольн университетінің оқыту процесі қарастырылып, сондай-ақ ENGLER агробизнесінде (https://engler.unl.edu/) кәсіпкерлікті дамыту бойынша білім беру бағдарламасының дәрісі оқылды.

          Басқарма Төрағасы — Ректор аппаратының басшысы Дания Нұрмұханқызы және Мемлекеттік басқару және менеджмент кафедрасының экономика ғылымдарының докторы, профессор Қалдияров Данияр Алтайұлы жоба шеңберінде Лунд университетінде 2023жылдың 01сәуірінен 31ші мамырға дейін құқық әлеуметтануы кафедрасына шақырылған зерттеушілер ретінде ғылыми тағылымдамадан өтті. «Central Asian Law: Legal Cultures and Business Environments in Central Asia» — бұл Еуропалық Комиссияның H2020 MSCA-RISE (жоба нөмірі 870647) бағдарламасы қаржыландыратын 4 жылдық зерттеу және оқыту жобасы, жүзеге асырылу мерзімі 03.01.2020 мен 02.2024 аралығында. Жоба Орталық Азиядағы құқықтық мәдениет, басқару және іскерлік орта арасындағы қарым-қатынас туралы жаңа білім мен саяси түсінік алуға бағытталған. Жоба Лунд университетінің (Швеция) базасында Еуропа мен Орталық Азияның 11 еліндегі 14 оқу орнымен бірлесіп жүзеге асырылуда.

Академиялық ұтқырлық

       Академиялық ұтқырлық-білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі бір академиялық кезеңге (оқу немесе өндірістік практикадан өтуді қоса алғанда), әдетте, семестрге немесе оқу жылына, өз ЖОО-да кредиттер түрінде игерілген білім беру бағдарламаларын белгіленген тәртіппен міндетті түрде қайта есепке ала отырып, оқыту немесе зерттеулер жүргізу үшін басқа жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) ауыстыру.

       Кез-келген заманауи университет үшін шетелдік және отандық басқа университеттермен ынтымақтастық маңызды. Бұл тармақ оның имиджінің, талапкерлер үшін танымалдылығы мен тартымдылығының көрсеткіші болып табылады, сонымен қатар адам қызметінің барлық салаларына, соның ішінде жоғары білімге әсер ететін интернационализация және жаһандану процестерінің табиғи салдары болып табылады. Жоғары оқу орындарының интеграциясы қазіргі заманғы жоғары білімнің негізгі үрдісі болып табылады.

       Қазақстанның және Еуропаның түрлі елдерінің оқыту жүйелерінің өзара қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік басқару және менеджмент кафедрасы шетелдік жоғары оқу орындарымен: Шыңжан Университетінің Экономика институтымен (ҚХР), Фатих университетімен (Түркия), им. В. Корфантого (Польша), Омбы гуманитарлық академиясы (РФ), Қырғыз Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы (КР), Алтай экономикалық университеті (РФ) тығыз байланыста.

          2023-2024 оқу жылында 06.11.2023-30.11.2023  аралығында сыртқы виртуалды академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында экономика ғылымдарының докторы, Б.Н. Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей Славян университетінің профессоры Наталья Анатольевна Бровко Zoom платформасы арқылы «Стратегиялық басқару» пәні бойынша 6В04102 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасының студенттеріне сабақ өткізді. Студенттер стратегияны әзірлеу, тестілеу және енгізудің ең тиімді әдістері мен құралдарымен танысты. Жүйелік, интуитивті, аналитикалық, сценарийлік және сыни ойлау элементтері пысықталды.

      2023-2024 оқу жылында 23.10.2023-25.11.2023  аралығында ішкі виртуалды академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында экономика ғылымдарының магистрі, Алматы Менеджмент Университетінің аға оқытушысы Кошкина Наталья Валентиновна Zoom платформасы арқылы «Жобаларды басқару» пәні бойынша 6В04109 –  «Ақпараттық ресурстарды басқару» білім беру бағдарламасының студенттеріне сабақ өткізді.

     Сыртқы академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру мақсатында э. ғ. д., Қырғыз-Ресей Славян университетінің профессоры Бровко Наталья Анатольевна (Brovko Natalia) 12.10.2020 ж. — 28.11.2020 ж. аралығында келесі пәндер бойынша дәріс оқыды:

      1) 5В050700″ Менеджмент «мамандығының 3 курс студенттеріне арналған  «Инновациялық менеджмент» пәні бойынша;

       2) 7М04102 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 2 курс магистранттарына арналған «Шағын және орта бизнестегі экономикалық саясат» пәні бойынша.

     2020-2021 оқу жылында 18.01.2021-22.05.2021 аралығында академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 2-курс студенттеріне қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, «академиялық ұтқырлық терезесі» бағдарламасы бойынша келесі студенттер бір академиялық семестрге оқуға қабылданды:

1.Тұңғышбек Арман Мейрамұлы
2.Салхимбаева Эльмира Тулигенқызы
3. Муратова Салтанат Муратқызы
4. Бағынтаев Мирас Арманұлы

       Студенттермен алмасу бағдарламасы аясында «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының  2 курс студенттері Б. Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей Славян университетіне (Бішкек, Қырғыз Республикасы) 2020-2021 оқу жылының бір семестрінде 08.02.2021 ж. — 30.06.2021 ж. аралығында виртуалды форматта оқуға жіберілді:

  1. Жетпісбай Назерке Дастанқызы;
  2. Иманғабасова Зарина Болатбекқызы;
  3. Балтабеков Арлан Арнайұлы.
Әлеуметтік-тәрбие қызметі

       Кафедраның  тәрбие жұмысы ,тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес жүргізіледі .Тұрақты оқу-тәрбие жұмысын жүзеге асыру үшін барлық оқу кезеңі ішінде кафедраның кураторлары мен эдвайзерлері білім беру бағдарламаларын меңгеруге,көмек көрсетуге бағытталған студенттермен ұйымдастырушылық-әдістемелік және кеңес беру жұмыстары жүргізіледі.

       13.11.2024күні  І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде “Ашық есік” күні болды. Ашық есік күні-мектеп оқушылары өз армандарына бір қадам жақындап,”оқуға түссем” деген мақсаттарын жүзеге асыру үшін Жетісу университетінің жетістіктері мен мүмкіндіктерін көріп болашаққа жоспар құрды.Осы аталған іс-шараға құқық және экономика факультеті,мемлекеттік басқару және менеджмент кафедрасы да қатысты.

        2024 жылғы 13 қараша күні І.Жансүгіров атындағы Жетісу униерситетінде, Құқық және экономика факультетінің Мемлекеттік басқару және менеджмент кафедрасының ұйымдастыруымен Жетісу газетінің бас редакторы Әміреев Жұматай Оспанұлымен «Ана тіл – терең білім, тағылымды тәрбиенің кепілі» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге Мемлекеттік басқару және менеджмент кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы және Мемлекеттік және жергілікті басқару, Менеджмент мамандықтарының 1- 4 курс білімгерлері және университет белсенділері қатысты.
         Кездесудің мақсаты, еліміздің болашағы жастарды ұлтық сана — сезім, тілі мен құндылықтарына, ұлттық тәлім — тәрбие, білімге шақыру.

         Кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу мақсатында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің құқық және экономика факультетінің, Мемлекеттік басқару және менеджмент кафедрасының оқытушылары Толамисова А.Г., Кенджасарова А.М., Жанысбаева С.Б. 08.11.2024 ж.күні Талдықорған қаласының № 14 орта  мектеп-гимназиясының түлектерімен кездесу шарасы өтті. Өткен шара мақсаты- оқушыларға мамандық туралы түсінік беру, жоспарларын анықтау, қолдау беру, мамандық таңдаудың қыр-сырын меңгеру.

        07.11.2024күні Талдықорған қаласының №15 орта мектебінің бітіруші түлектерімен Құқық және экономика факультеті, мемлекеттік басқару және менеджмент кафедрасының оқытушылары С.Б.Жанысбаева мен А.М.Кенджасарова кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.Кездесу барысында оқушыларға мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру,сол таңдаған мамандықтары бойынша кейін жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жайлы хабардар етілді.
        Университеттің білім беру бағдарламалары, материалдық-техникалық базасы,жетістіктері мен студенттерге жасалып жатқан мүмкіндіктері жайлы ақпарат берілді.

        2024 жылғы 06 қараша күні І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің мансап және жұмыспен қамту орталығының басшысы Смагулова С.А мен  құқық және экономика факультеті,мемлекеттік басқару және менеджмент кафедрасының меңгерушісі Сыздыкбаева Н.Б. «Innoverse Taldykorgan» жеке меншік мектебіне кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.Шараға әр саланы таңдап отырған мектеп бітіруші түлектер қатысты.
        Іс-шара  барысында әр факультеттің  білім  беру  бағдарламалары ,жаңа қос дипломды білім беру бағдарламалары,академиялық ұтқырлық,көп тілді білім беру,ғылыми жобалар ,әскери кафедра және студенттік белсенді өмір туралы айтылды.Сондай-ақ ,қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша оқуды сәтті аяқтаған студенттерге Қазақстандық және Шетелдік диплом берілетіндігін айтып өтті.Университет туралы бейнероликтер көрсетіліп,университет логотипі белгіленген сыйлықтар,брошюралар таратылды.
       Алдағы уақытта оқушыларға ҰБТ-да сәтті өтіп,өздерінің таңдаған маман иесі болуына жылы лебіздерін білдірді.

      05.11.2024ж күні Талдықорған қаласының №4 орта мектеп ,Н.Островский атындағы № 8 орта мектеп 11 сынып оқушыларымен І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ,құқық және экономика факультеті,мемлекеттік басқару және менеджмент кафедрасының меңгерушісі Сыздыкбаева Нургуль Байшариповна мен оқытушы Турысбекова Райхан Кундашовна кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.  Кездесу барысында оқушыларға мамандық таңдауда бағыт берілді және Университеттің білім-беру бағдарламалары ,жетістіктері және студенттерге  қандай  мүмкіндіктері бар екені жайлы толық ақпараттар берілді.

              Ағымдағы жылдың 06 қараша күні І .Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің мемлекеттік басқару және менеджмент кафедрасының       ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті, мемлекеттік қызмет     басқармасының бас мамандары Шарипова Бақытгүл Қыдырбекқызы және Рахимбекова Айтолқын Дастанқызы мен Мемлекеттік және жергілікті басқару     және  менеджмент білім беру бағдарламаларының 1-4 курс білімгерлеріне Мемлекеттік қызметке түсу тәртібі тақырыбында қонақы дәріс өтті.

        30 қазан 2024 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу униерситетінде, Құқық және экономика факультетінің Мемлекеттік басқару және менеджмент кафедрасының ұйымдастыруымен Жетісу облысы Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дінтанушы, психологы Қанат Мұратұлымен «Лудомания – қоғам дерті» тақырыбына кездесу өтті. Іс-шараға Мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент білім беру бағдарламаларын 1-4 курс білемгерлері қатысты.

           І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Мемлекеттік басқару және менеджмент кафедрасының ұйымдастыруымен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің қолдауымен 23.10.2024ж. Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Тарақ Самғат Бағланұлы Мемлекеттік басқару және менеджмент кафедрасының  Мемлекеттік және жергілікті басқару білім беру бағдарламасының 2 курс студенттерімен (МЖБҚ211 тобы) ашық дәріс сабағы өтті. 
          Дәріс тақырыбы «Мемлекеттік ұйымдардың құжат айналымын басқару, Істер номенклатурасы», яғни  Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы  заңнамаға сәйкес ақпаратты талқылау. Сонымен қатар жас болашақ мемлекеттік қызметшілерімізге, Мемлекеттік қызмет бұл –  әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру ғана емес, ол ең алдымен мемлекеттік қызметшінің қоғам алдында жауапкершілікті сезініп, заң мен тәртіпке бағына отырып қызмет етуін түсіндіре білу. Дәріс сабағына Құқық және экономика факультетінің деканы Ғ.Б.Телеуев және ПОҚ оқытушылары қатысты.

     04.10.2024 ж. Менеджмент білім беру бағдарламасының 4 курс топ білімгерлері, мұғалімдер күні мерекесіне орай Мемлекеттік басқару және менеджмент кафедрасының профессор-оқытушылық құрамын және деканат қызметкерлерін мерекемен құттықтау іс-шарасын өткізді.

       2024 жылғы 02 қазан күні Мжбқ — 111, 211, 311 және Мқ — 111, 211 топтарында «Ұлттық тәрбие — ұлт болашағы» тәрбиелік бағыт-бағдарды ұстана отырып, “Қазақ халқының салт-дәстүрлері ” деген тақырыпта тәрбиелік сағат өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: Студенттердің халық дәстүрі туралы ұғымдарын кеңейту. Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт-дәстүрлерімен сабақтастығын түсіндіру; Тәрбиелік мәні бар салт-дәстүрлерді бойына сіңіру.

123

        2024 жылдың 18 қыркүйек күні І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде, құқық және экономика факультетінің мемлекеттік басқару және менеджмент кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Толамисов Амангелді Ғабдылкәрімұлымен «Менің жетістігім – менің нәтижем» атты онлайн дәріс өтті. Дәріске құқық және экономика факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы және Мемлекеттік және жергілікті басқару, Менеджмент, Құқықтану, Халықаралық құқық, Құқық қорғау қызметі мамандықтарының білімгерлері қатысты.

        2024 жылдың  27 ақпан күні Мемлекеттік басқару және менеджмент  кафедрасының  білімгерлері  Мжбқ 111,МҚ 111, Мжбқ 211, Мжбқ 311, МҚ 311 топтарының білімгерлері және топ жетекшілері «Басқаға қуаныш сыйлай білген – ең бақытты жан» атты қайырылымдылық шарамен Талдықорған қаласындағы, Ғарышкер шағын ауданында орналасқан «Бөбектер үйіне» барып қайтты. Өкінішке орай кіруге рұқсат етілетін адам саны шектеулі болғандықтан, 2 топ жетекшісі және әр топтан 2-3 білімгерлер барды.Жиналған қаражатқа  бөбектерге сыйлықтар алып, олармен билеп, ойнап, уақытты қызықты әрі пайдалы өткізіп қайтты.Қайтар кезде кейбір бөбектеріміз білімгерлерді жібергісі келмей, қоштасқанда жылап қалды.«Басқаға қуаныш сыйлай білген – ең бақытты жан» атты қайырымдық шарамыздың білімгерлерге тәрбиелікте, тәлімдікте пайдасы болды деп санаймыз. Қазағым жетімін мен жесірін жылатпаған дейді. Осы бөбектеріміз балалық шағында ауыр сынаққа түсседе, болашақтары жарқын болады деген үміттеміз. Қайырымдық шараны ұйымдастырған топ жетекшілері Турысбекова Р.К., Кенжасарова А.М., Толамисова А.Г.

Кафедра жетістіктері
2024ж.

Сыздыкбаева   Нургуль   Байшариповна-философия  докторы(Phd), «Қарызсыз  қоғам» жобасы аясында «Оқушылар мен студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру» курсы бойынша 36 сағаттық окытушы-тренерлерді дайындауға арналған  семинарға қатысқаны үшін алған сертификаты.

2023ж.

2022 жылғы "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын  э.ғ.к ,Шомшекова Балхия  Колмесовна Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нүрбектен марапатталуда.

2023ж.

Сыздыкбаева Нургуль Байшариповна-философия докторы (phd),Финляндия ,қолданбалы ғылымдар университетінің Хаме үйлестіретін kzemp/QCBS -03 педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту жобасы шеңберінде біліктілікті арттыру жөніндегі іс-шараларға (72)сағат қатысқаны үшін.

2022ж.

11.02.2022 ж. мен 25.05.2022 ж. аралығында э.ғ.д., профессор Д.А.Қалдияров Джордж Вашингтон университетінде (АҚШ, Вашингтон) «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде тағылымдамадан өтті.

2018-2020 жж.

Тұрдаш Мәдина Алматы облысы әкімінің "Көшбасшы-2020" Жастар сыйлығының "Үздік студент"номинациясының жеңімпазы атанды.

2016 ж.

Қалдияров Данияр Алтайұлы - экономика ғылымдарының докторы, профессор - "ЖОО үздік оқытушысы-2016" атағының иегері»

2016 .

Қыдырбаева Эльмира Өмірсерікқызы – кафедра меңгерушісі, PhD докторы , қауымдастырылған профессор (доцент), "ЖОО үздік оқытушысы - 2016" атағының иегері»

Біздің оқытушылар

Сыздыкбаева Нургуль Байшариповна

философия докторы (Phd) ,кафедра меңгерушісі

8(7282) 22-21-23

nurgul.010174@mail.ru

ТОЛЫҒЫРАҚ

    Калдияров Данияр Алтаевич

    э.ғ.д, профессор

    8(7282) 22-21-23

     kaldiyarov@gmail.com

    ТОЛЫҒЫРАҚ

    Байтаева Гульнар Рахметовна

    Э. ғ. к., қауымдастырылған профессор

    8(7282) 22-21-23

     baytaeva@mail.ru

    ТОЛЫҒЫРАҚ

    Кыдырбаева Эльмира Омирсериковна

    PhD докторы, қауымдастырылған профессор (доцент)

    8(7282) 22-21-23

     ekydyrbaeva@mail.ru

    ТОЛЫҒЫРАҚ

    Шомшекова Балхия

    Экономика ғылымдарының кандидаты

    8(7282) 22-21-23

    bshomshekova@mail.ru

    ТОЛЫҒЫРАҚ

    Лемещенко Олеся Витальевна

    Экономика ғылымдарының магистрі,оқытушы-дәріскер

    (7282) 222123

    olesya__lemeshenko@mаil.ru

      ТОЛЫҒЫРАҚ

    Турысбекова Райхан Кундашовна

    Экономика ғылымдарының магистрі, оқытушы- дәріскер

    Нуртаева Асель Какеновна

    Экономика магистрі, оқытушы - дәріскер

    Толамисова Анар Габдылкаримовна

    Экономика ғылымдарының магистрі, оқытушы - дәріскер

    8 (7282) 22 21 23

    zhantokab@mail.ru

    ТОЛЫҒЫРАҚ

    Кенджасарова Айгерим Муратовна

    Экономика ғылымдарының магистрі, оқытушы - дәріскер

    8(7282) 22-21-23

     9-aika@mail.ru

    ТОЛЫҒЫРАҚ

    Жанысбаева Самал Бабаевна

    Экономика ғылымдарының магистрі,оқытушы-ассистент

    8(7282)22-21-23

    ablay_n@mail.ru

    ТОЛЫҒЫРАҚ