ФИЗИКА КАФЕДРАСЫ

негізгі ақпарат

Кафедраның сандық және сапалық құрамы:

  • 2013-2014 оқу жылында – 13/11 адамның ішінде ғылыми атағы және дәрежесі бары -7 (54%).
  • 2014-2015 оқу жылында – 11/10 адамның ішінде ғылыми атағы және дәрежесі бары -6 (50%).
  • 2015-2016 оқу жылында – 12/10 адамның ішінде ғылыми атағы және дәрежесі бары -6 (50%).
  • 2016-2017 оқу жылында – 12/12 адамның ішінде ғылыми атағы және дәрежесі бары –6 (50%).
  • 2017-2018 оқу жылында – 11/11 адамның ішінде ғылыми атағы және дәрежесі бары – 7 (54%).
  • 2018-2019 оқу жылында – 11/11 адамның ішінде ғылыми атағы және дәрежесі бары -7 (54%).
  • 2019-2020 оқу жылында – 9/9 адамның ішінде ғылыми атағы және дәрежесі бары -5 (56%).
  • 2020-2021 оқу жылында – 9/9 адамның ішінде ғылыми атағы және дәрежесі бары -5 (56%).

Ғылым докторы дәрежесі бар оқытушылар саны – 1 адам

Ғылым кандидаты дәрежесі бар оқытушылар саны  – 1 адам

философия докторы (PhD)  – 1 адам

Профессор атағы (ЖАК) бар оқытушылар саны – 1 адам 

Профессор міндетін атқарушы – 3 адам

Доцент атағы (ЖАК) бар оқытушылар саны – 1 адам

Магистр академиялық дәрежесі бар оқытушылар саны – 4 адам 

Физика кафедрасында 1 ғылым докторы, профессор Е.С.Андасбаев; 3 ғылым кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а.: К.Т.Намазбаев, Г.К.Калжанова, Н.Ж.Жанатбекова, PhD Ә.Ә.Акжолова; аға оқытушылар, магистрлер: Б.Р.Сакибаева, Д.А.Тұрсынбаева, Ә.Б.Абдулаева, А.В.Шендель жұмыс атқарады.

Соңғы жылдары кафедрада оқу үрдісінде қолданылып жүрген оқу құралдары жарық көрді. Авторлары – К.Т. Намазбаев, Е.С. Андасбаев, Н.Ж.Жанатбекова, Ә.Ә.Ақжолова, Б.Р.Сакибаева, Д.А. Турсынбаева, Ә.Б.Абдулаева.

Кафедраның ғылыми дәрежелілігі 56% құрайды.

  • 5В011000-Физика мамандығы бойынша күндізгі бөлімде – 33 білімгер; 6В01503-Физика – 6, 6B01504 -Физика-информатика – 16, 7М01502-Физика – 13 магистрант, 8D01502-Физика білім беру бағдарламасы бойынша мамандығы бойынша – 4 докторант. 6В01503-Физика білім беру бағдарламасы негізінде ҚОТ бойынша – 2, Физика-информатика – 6B01504 – 5 білімгер оқиды.
  • Кафедрада 7 зертхана бар (механика, молекулалық физика, электр және магнетизм, оптика, атомдық физика, мектеп экспериментінің техникасы мен әдістемесі және астрономия).

Кафедрада ғылыми зерттеу жұмыстары  келесі бағыт бойынша жүргізілуде:

  • Физикалық заңдардың өндірісте қолданылуын зерттеу;
  • Қашықтан білім беру жүйесіндегі білім алушылардың цифрлық сауаттылығын дамыту.

 Басқа ЖОО келісім шарттар:

  1. ҚР «Нархоз Университеті» акционерлік қоғаммен ынтымақтастық келісім;
  2. Ресей Федерациясы, Курск қаласы «Оңтүстік-Батыс мемлекеттік университеті», ынтымақтастық келісім;
  3. ҚР, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетімен білім беру қызметтерін көрсету саласында өзара ынтымақтастық туралы келісім-шарт;
  4. ҚР, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетімен білім беру және ғылыми-зерттеу қызмет көрсету саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
  5. Польша, Лодзь қ. Лодзь университетімен келісім шарт;
  6. Румыния, Крайова қ., Крайова университетімен білім беру және ғылыми-зерттеу қызметін саласындағы өзара халықаралық ынтымақтастық туралы келісім.
  7. Ресей, Ежевский атындағы Иркутск мемлекеттік аграрлық университетімен білім беру және ғылыми-зерттеу қызмет көрсету саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.
кафедра тарихы

1973 жылы Талдықорған қаласында тұңғыш рет ашылған бірден-бір жоғарғы оқу орны – Талдықорған педагогикалық институты студенттер қабылдап, өз жұмысын бастады. Алғашқы кезде ол - физика-математика және филология - екі факультеттен құралды. Физика-математика факультетінде физика және математика кафедралары ұйымдастырылды.

Физика кафедрасының бірінші меңгерушісі болып, 1967 жылы Москваның физика-техникалық институтын, содан кейін осы институттың аспирантурасын бітіріп, физика-математика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алған Базар Қабдошұлы Дамитов істеді. Бұл кезде кафедра құрамында Алматыдан КазПИ-дің аспирантурасын бітірген Пошанова Дүйсегүл мен Новосибирск университетін бітірген Геффель Александр ғана болды.

1974-1976 жылдары кафедраға Алматыдағы КазГУ-ден физика-математика ғылымдарының кандидаты Сақыбаев Разах пен Ленинградтан аспирантура бітіріп, кандидаттық диссертация қорғаған Ағұлықов Айдар, Томск университетінің түлегі Крамер Петр, Талдықорғандағы мектеп-интернаттың тәжірибелі мұғалімі Серғазин Тілеубек, Алматыдан Абай атындағы КазПИ-дің аспирантурасын бітіріп Намазбаев Қанабек, Новосибирск университетінің түлегі Гельверт Андрей келіп қосылды.

  Кафедраның алғашқы екі-үш жыл ішінде оқу ісіндегі атқарған жұмыстары орасан зор болды. Осы аралықта біртіндеп механика, молекулалық физика, электромагнетизм, оптика және атомдық физика, астрономия зертханалары, физиканы оқыту әдістемесі, оқытудың техникалық құрал-жабдықтары кабинеттері құрылды. Бұл зертханалардың материалдық-техникалық негізін Кеңес Одағы мен Республикамыздың М.В. Ломоносов атындағы ММУ, С.М.Киров атындағы ҚазМУ, Қарағанды университеті сияқты орталық оқу орындарынан көмек ретінде келген аспаптар мен құрал-жабдықтар құрады.

1977 жылы кафедраға жас мамандар Елтай Абдіғалымов, Темір Тоқарбаев келіп қосылды. Осы жылдың жазында институттың алғашқы түлектері бітіре бастады.

1978 жылы физика кафедрасы екіге бөлінді: теориялық физика және техникалық пәндер кафедрасын Жамбыл қаласындағы Технологиялық институттан келген физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Жапаров Жомарт, ал жалпы физика және физиканы оқыту әдістемесі кафедрасын Алматы ядролық институтынан ауысқан физика-математика ғылымдарының кандидаты Нүрпейісов Жамбыл меңгерді. Бір жылдан кейін Ж. Нүрпейісовті бұрын КазМУ-де істеген физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Жұманов Кеңес ауыстырды.

Бұдан кейін кафедралар бірнеше рет қайта құрылды. Әр жылдары теориялық физика және техникалық пәндер кафедрасын Сақыбаев Разах (1979-1984, 1986-1990), Иконников Владимир (1984-1986), Қожамқұлов Болатхан (1991-1996); физика кафедрасын – Жәнібеков Елгелді (1981-1983), Оразалиев Өтеген (1983-1988), Рахымбеков Айтбай (1989-1996); физика-математикалық пәндер әдістемесі кафедрасын - Абдіғалымов Елтай (1987-1989), Намазбаев Қанабек (1995-1996). 1996 жылы үш кафедра бірігіп «Физика және физиканы оқыту әдістемесі» деп қайта құрылды, оны Рахымбеков Айтбай (1996-1998), Намазбаев Қанабек (1998-2004, 2008-2011), Шакенов Манат (2004-2006), Қалжанова Гүлмира (2006-2008), Шакенов Манат (2011-2012), Исаева Светлана (2012-2014) меңгерді. 2014 жылынан бастап кафедра меңгерушісі қызметінің міндетін атқарушы болып Турсынбаева Динара тағайындалды. 2015-2016 оқу жылында кафедраны Қ.Т.Намазбаев меңгерді. 2016-2017 оқу жылынан кафедра меңгерушісі қызметін п.ғ.к., қауымдастырылған профессор м.а. Назым Жанатбекқызы Жанатбекова атқарды. 2019 жылдың ақпан айынан 2020 жылдың наурыз айына дейін физика кафедрасы меңгерушісі қызметінің м.а. п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Қанабек Таубекович Намазбаев атқарып келді. 2020 жылдың наурыз айынан осы күнге дейін физика кафедрасының меңгерушісі қызметін PhD, аға оқытушы Әлия Әбдірайымқызы Ақжолова атқарып келеді.

Физика мамандығының түлектері:

  • Айымбетов Айдын – 2005 жылғы түлек, авиацияның генерал-майоры, вице-президент; АО «НК «Қазақстан Ғарыш Сапары»»;
  • Тукенова Сагымбала – 1979 жылғы түлек, Көксу ауданының Білім беру бөлімінің бастығы;
  • Ахметова Динара – 1990 жылғы түлек, АО «Стандартизация және сертификациялау Ұлттық орталығының» директоры;
  • Дарубаева А – 1993 жылғы түлек, Головацкий атындағы мектеп директоры;
  • Дуйсенбаев Кайсар – 1994 жылғы түлек, Қоғалы мектебінің директоры;
  • Нусупбеков Еркин – 1983 жылғы түлек, Майтобе мектебінің директоры;

Кафедрада әр түрлі жылдары жұмыс атқараған: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Кожамкулов Т.А., физика – математика ғылымдарының кандитаты, доцент Сакибаев Р.С., физика – математика ғылымдарының докторы, профессор Кожамкулов Б.А., педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Акитай Б.Е., педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Пошанова Д.П., физика – математика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Филько С.А., физика – математика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Халымұлы Рақмет, аға оқытушылар Досаева Т.Т., Тулегенов Д.Т., Тулегенова Д.Т. және т.б.

білім беру бағдарламалары
  • 6В01503(5B011000 ) - Физика (Бакалавр);
  • 6В01504 - Физика-информатика(Бакалавр);
  • 7М01502 (6М011000) – Физика (Магистратура);
  • 8D01502 - Физика (Докторантура).
Оқу-әдістемелік қызметі

Қазіргі кезде физика кафедрасында 9 оқытушы, 3 аға лаборант, 1 оқу ісінің шебері және 1 кафедра лаборанты жұмыс істейді. Профессор-оқытушы құрамында 1 техника ғылымдарының докторы, 3 ғылым кандидаты, 1 философия докторы (PhD), 4 ғылым магистрі қызмет атқарады. Кафедраның ғылыми дәрежелілігі 56% құрайды.

                                                         

Кафедрада механика, молекулалық физика, электр және магнетизм, оптика, кванттық физика, мектеп экспериментінің техникасы мен әдістемесі және астрономия оқу зертханалары бар. Олардың барлығы заманауи құрал-жабдықтармен және үш тілдегі (қазақ, орыс және ағылшын) зертханалық жұмыстардың сипаттамасымен қамтамасыздандырылған.

                                                   

Ғылыми-зерттеу қызметі

                                                                        

2018 жылдың 18-20 сәуір күндері М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде 5В011000-Физика мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары білімгерлерінің арасында Х республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізілді. Олимпиадаға Қазақстанның 13 жоғары оқу орнынан келген білімгерлер қатысты.

Физика және ФОӘ кафедрасының оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Ә.Б.Абдулаеваның жетекшілігімен білім жарысы нәтижесінде 3 курс білімгері Чалматаева Маржан жеке есепте І орынды иеленсе, Кәкімжан Ақерке мен Әлімбекова Аида сертификаттар алды.

         

8-10 маусым аралығында Астана қаласының Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен «Болашақ» қауымдастығы ұйымдастырған «StartUp Bolashak: Менің Арманым» атты стартап жобалардың ең ірі ұлттық байқауы өтті.

Алматы облысының атынан байқауға «StartUp Academy ZHGU»-де жетілуден өткен 17 стартап ұсынылып, олардың 13-ширек финалдың жеңімпазы атанып, шілде айының соңында өтетін жартылай финалға жолдама алды. 6М011000-Физика мамандығының магистранттары Жайлаубаева Назгүл Нұрланқызы мен Жақпаев Қуаныш Раимбекұлы п.ғ.к., қауымдастырылған профессор м.а. Есенғабылов Ілияс Жансеркенұлының жетекшілігімен жартылай финалға жолдама алды.

Менің «StartUp – 2017» жас ғалымдардың инновациялық идеялары атты конкурсының ақтық кезең қорытындысы бойынша 6М011000-Физика мамандығының магистранттары Н.Н.Жайлаубаева мен Қ.Р.Жақпаев І-жүлделі орынға ие болса, 5В011000-Физика мамандығының 3 курс білімгері Чалматаева Маржанның жобасы «Үздік өндірістік жоба» номинациясына ие болды.

                                                                                                 

«Жас ағаштар тамырландыратын биоқалып шығару»  жобасы

 

                                                                                                         

«Электрондық микроскоп»  жобасы

                                                                                                         

«Жалпы білім беретін мектептің физика пәні бойынша зертханалық жұмыстарына арналған құрал-жабдықтар» жобасы

 

                                     

Қазіргі заман мəдениетінің негізін құратын жетекші форма – ғылым мен білім. Ғылыми-техникалық революция заманында ғылым – мəдениеттің шын мəніндегі жетекші формасы, онсыз қазіргі материалдық жəне рухани игіліктерді өндіру мүмкін емес. Білімгерлердің шығармашылық қабілеттерін дамыту мен ғылыми-зерттеушілік іс-әрекетін жетілдіру үшін физика-математика факультетінде білімгерлердің ғылыми қоғамы құрылды.

19 қыркүйек күні аталған ғылыми қоғамның алғашқы жиналысы болып өтті. Ғылыми-зерттеушілік жұмысқа қызығушылық танытқан, әртүрлі сайыстарға, олимпиадаларға, конференцияларға қатысқысы келген білімгерлер осы қоғамның мүшелері болды.

Жиналыс барысында білімгерлер, еңбек нарығында жоғары білімі бар мамандардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін қасиеттер оқу процесі мен ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің бірлігі жағдайында ғана қалыптасады деген қорытындыға келді.

                                                                                     

2017 жылдың 22-желтоқсанында физика-математика факультетінде І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің профессоры Ж.Ж.Жапаровтың туғанына 75 жыл толуына байланысты «Физика және техника: өткенді бағалаймыз, болашақты қалыптастырамыз» атты ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

Семинар барысында шараға шақырылған қонақтар естелік әңгімелерімен бөліссе, магистранттар қазіргі мектептегі политехникалық білім берудің жағдайына талдау жасады.  

                                                                                      

Физика-математика факультетінің физика және физиканы оқыту әдістемесі кафедрасында келесідей ғылыми-зерттеу үйірмелері өз қызметін сәтті атқарып жатыр: эксперименттік физика және схемалық техниканы өңдеу бойынша «ФОТОН» үйірмесі және мектеп деңгейіндегі физикалық эксперимент және техникалық модельдеу бойынша «КВАНТ» үйірмесі. «ФОТОН» үйірмесінің жетекшісі – аға оқытушы Д.А.Тұрсынбаева, «КВАНТ» үйірмесінің жетекшісі – п.ғ.к., профессор К.Т.Намазбаев. Сонымен қатар, үйірме жұмыстарына өндірістік оқыту шебері Н. Tарихов пен аға лаборанттар Секен Оразбай және Біржан Байғазинов елеулі көмек көрсетіп отырды.

Факультетте үйірмелердің жұмысын атқаруға арнайы шеберхана бөлінген. Ол кафедра мүшелерінің күшімен жабдықталды. Үйірмеге қатысушылар оның жұмыстарымен сабақтан тыс уақытта айналысады. Үйірме сабақтарының арқасында олар теориялық білімдерін тәжірибелік жұмыстармен шыңдау мүмкіндігіне ие бола алады. Үйірмедегі жобалау жұмыстарын сәтті орындаған студенттер әртүрлі конкурстарға қатысып, жақсы нәтижелерге жетулері мүмкін. 2016 жылы студенттер мен магистранттар арасындағы ЖМУ-нің ғылыми жұмыстар конкурсында «Физика» мамандығының екінші курс студенттері Маржан Чалматаева және Ақерке Кәкімжанова екінші орынды иеленді, ал студент Арай Кожахметова үшінші орынға қол жеткізді, 2017 жылы аты аталлған студент Маржан Чалматаева Start-up жобалары республикалық байқауында І-орынды жеңіп алды.

                                                     

Физика-математика факультеті 2018 жылдың 28-наурызында Алматы облысы дарынды мектеп оқушыларының физика-математика ғылымдары және ақпараттық технологиялар бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының байқауын өткізді.

Байқауға физика, математика және ақпараттық технологиялар саласындағы ғылымның, технологиялар мен техниканың қазіргі дамуының өзекті бағыттарына сәйкес келетін ғылыми-зерттеу жобалары қатысты. Қатысушылар жас ерекшеліктері бойынша шектелмеді.

Ғылыми-зерттеу жобалары байқауында жеңімпаздар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталып, қатысушыларға сертификаттар берілді. Сұрыптаудан өткен ғылыми жұмыстар республикалық ғылыми жұмыстар конкурсына қатысуға және START – UP академиясына ұсынылды.

                                                                                        

31.03.2018 ж. Алматы облысы білім басқармасы мен облыстық әдістемелік кабинеттің, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің физика-математика факультеті физика және физиканы оқыту әдістемесі кафедрасы профессор-оқытушылар құрамының ұйымдастыруымен физика пәні мұғалімдері арасында облыстық М.В.Ломоносов олимпиадасы өтті. Олимпиадаға облыс мектептерінен 16 мұғалім қатысты. Талдықорған, Текелі қалаларының мұғалімдері өздерінің білікті маман екендіктерін көрсете алды. Олимпиадаға қатысқан физика пәні мұғалімдері өздерінің еңбегі мен іс-әрекеттерінің нәтижесіне деген қызығушылығын, кәсібилігін көрсетті.                               

2016 жылы Тогонрог қаласында «Вектор науки» ғылыми білім беру мекемесінің ұйымдастыруымен өткізілген «Полет мыслей» IV-халықаралық ғылыми жұмыстар олимпиадасында Сержанқызы Мөлдір, Жакпаев Қуаныш жүлделі 1-орынды, Жайлаубаева Назгуль, Жарилкапова Жанар жүлделі 2-орынды иеленді.                                       

5В011000 – Физика мамандығының 2 курс білімгерлері Чалматаева Маржан, Кәкімжан Ақерке І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің жас ғалымдар арасындағы «Өнімді инновацияларды жүзеге асыру» ғылыми-инновациялық ой пікірлер байқауына «Жас ағаштар тамырландыратын биоқалып шығару» атты жобамен қатысып, 2 орынды иеленсе, Қожахметова Арай «Жалпы білім беретін мектептің физика пәні бойынша зертханалық жұмыстарына арналған құрал-жабдықтар» атты жобамен қатысып, 3-орынды иеленді.                                                     

«5В011000 – Физика» мамандығының 2 курс білімгері Чалматаева Маржан Абай атындағы ҚазҰУнде өткен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Тұңғыш Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін» атты студент жастардың IV республикалық патриоттық форумына «Жас ағашты тамырландыратын құнарлы қондырғы жасау» тақырыбымен қатысып, сертификат иеленді.

   

2019 жылы «Jetisý – Startup» инновациялық идеялар мен стартап жобалар байқауында Сагадинова Айдана Нурлановна мен Кулынтаева Асель Ержановнаның жетекшілігімен 6В01503 – Физика мамандығының 1 курс білімгерлері Богдан Али Серикулы мен Беимбетова Медина Биржановна «Smart-дрон» жобасымен 3 – орынды иеленді.

     

2020 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен 5В011000-Физика мамандығы бойынша ҚР ЖОО студенттері арасындағы ХІІ Республикалық пән олимпиадасында командалық есепте 1-орын алды. Қатысқан студенттер:  Исабаева Ажар, Байкадыров Олжас, Сулейменов Султан. Жетекшісі: Абдулаева Ә.Б.

академиялық ұтқырлық

16.10.2017-28.10.2017 ж. аралығында физика және ФОӘ кафедрасында А.А.Ежевский атындағы Иркутск мемлекеттік аграрлық университетінің (Ресей Федерациясы) энергиямен қамтамасыз ету кафедрасының профессоры,  техника ғылымдарының докторы Кудряшев Геннадий Сергеевич «Физикалық мәселелерді зерттеу үшін ғылыми білімдерді қолдану» өткен 5В011000-Физика мамандығы бойынша ҚР ЖОО студенттері арасындағы XII Республикалық пән олимпиадасында командалық есепте 1 орын алды. Қатысқан студенттері:  жетекшісі аға оқытушы Ә.Б. Абдулаева және «Электродинамикадағы математикалық әдістер» пәндері бойынша 6М011000 «Физика» мамандығы магистранттарына дәріс оқыды.

Профессор кафедраның профессор-оқытушылар құрамына ғылыми зерттеулердің жаңа әдістемелері бойынша кеңестер берді. Сонымен қатар магистрлік диссертацияның тақырыптары, білімгерлер мен магистранттардың академиялық ұтқырлығы, магистранттардың ғылыми тағылымдамадан өтуі, екіжақты семинарларды ұйымдастыру мәселелері, біріккен ғылыми жобалар мен бағдарламалар тақырыптары талқыланды.

«5В011000-Физика» мамандығы 2016 жылы наурыз айында арнайы реаккредитацияны ACQUIN халықаралық агенттігінде 2023 жылға дейін өтті. 

Университеттің шақыруымен Латвия университетінен Латвия ғылым академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Витаут Петрович Тамуж келіп, ашық дәріс өткізді.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 5В011000-Физика мамандығының білімгерлері алыс және жақын шетел жоғарғы оқу орындарында білім алуда.

2013-2014 оқу жылында ІІІ-курс білімгері Қонақбаева Самал академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Рига Техникалық Университетінде білім алды (Латвия).

2014 – 2015 оқу жылында академиялық ұтқырлық бағдарламасымен 4 курс білімгері Қуатбек Арай, Америка Құрама Штаттарының Теннеси Технологиялық университетінде оқып келді (АҚШ, Теннеси штаты).

2015-2016 оқу жылында 4 курс білімгері Атилгазы Мерей Стамбул қаласындағы Фатих университетінде (Түркия) және Ерлан Мөлдір Рига техникалық университетінде (Латвия) академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алды.

2019 жылғы күндізгі бөлім білімгерлерінің (бакалавриат, магистратура, PhD) халықаралық алмасу тізімі

Білімгердің аты-жөні

Оқу бағдарламасы

Оқу түрі (баклавриат, магистратура,  PhD)

Курс

Білімгер оқыған ел мен университет, оқу ұзақтығы

 1

Жайлаубаева Назгүл Нұрланқызы

6М011000- Физика

Магистратура

 2

Лодзинский университет,

г. Лодзь, Польша

01.10.18-17.02.19

2

Жакпаев Куаныш Раимбекұлы

6М011000- Физика

Магистратура

2

Лодзинский университет,

г. Лодзь, Польша

01.10.18-17.02.19

3

Хужабобоев

Ахмаджон Сайфуллахон оглы

5В011000 – Физика

Бакалавриат

4

Республика Узбекистан,  Андижанский  государственный университет

4

Бакишев Абдувохид Абдураимович

5В011000 – Физика

Бакалавриат

4

Республика Узбекистан,  Андижанский  государственный университет

Әлеуметтік-тәрбие қызметі

2017 жылы 20 қарашада физика-математика факультетінде бірінші курс білімгерлері арасында «Физика әлемінде» атты іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараның ұйымдастырушылары – кафедраның оқытушысы Д.Е.Қуатбаева және үшінші курс білімгерлері Гребенец Надежда және Жарақметов Әділет. Іс-шараның мақсаты – білімгерлер арасындағы достықты тәрбиелеу және дамыту. Ойын үш тілде өткізілді және ойын барысында білімгерлер физика саласы бойынша жан-жақты білімдерін көрсете алды және мақтау қағазымен марапатталды.

             

Бүгінгі білім беру жүйесі модернизацияланған заманда көп тілді меңгертуге аса назар аударылып, жан-жақты жол ашылған. Сондықтан, келешекке терең біліммен қадам басып, әлемдік білім кеңістігінің құпияларына үңіліп, қоғамға бейім, өз қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген құзіретті тұлғаны қалыптастыру мақсатында 2017 жылдың 21 қарашасында физика және физиканы оқыту әдістемесі кафедрасының ПОҚ-ы ұйымдастыруымен университеттің № 1 жатақханасында «Шетел тілін меңгеру – заман талабы!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында білімгерлер шетел тілдерін меңгерудің кейбір құпияларымен танысып, белсенділік танытты.                   

2017 жылы 24 қарашада физика-математика факультетінде 5В011000-Физика мамандығы білімгерлерінің арасында «Жас физик» зияткерлік ойыны өткізілді. Зияткерлік ойынның ұйымдастырушылары – 6М011000-Физика мамандығының бірінші курс магистранттары Жайлаубаева Назгүл мен Жақпаев Қуаныш. Іс-шараның мақсаты – білімгерлердің физика бойынша білімдерін жүйелеу, өзара достықты тәрбиелеу. Ойын барысында Kahoot бағдарламасы арқылы білімгерлер физика саласы бойынша жан-жақты білімдерін көрсете алды және мақтау қағазымен марапатталды.                      

2017 жылдың 16 қазанында физика және физиканы оқыту әдістемесі кафедрасының ПОҚ-ы ұйымдастыруымен университеттің 45 жылдық мерейтойына орай «45 жылдық тарихы бар алтын ұя!» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағаттың мақсаты: білім алатын университетін мақтан ететін және болашағы үшін азаматтық жауапкершілігін сезінетін белсенді және шығармашыл тұлғаны қалыптастыру.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті бүгінде халқымызға дәйекті білім беріп, тәрбиелеп, сара жолға салған қара шаңырақ, еліміздегі еңселі де беделді оқу орындарының бірі болып табылады. 45 жылдық тарихы бар білім ордасы бүгінгі күні биік тұғырдан көрініп жүр. Сондықтан университеттің құрылу және қалыптасу тарихын білу университетте білім алып жүрген әрбір білімгердің міндеті.

Кураторлық сағат интеллектуалды ойын түрінде өтті. Іс-шараға 5В011000-Физика мамандығының бірінші және екінші курс білімгерлері қатысты. Ойын барысында білімгерлер университет тарихын жақсы білетіндіктерін көрсетіп, белсенділік танытты.                                           

04.12.2017ж. физика-математика факультетінде «XXI ғасырдағы ұлттық сана» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағаттың ұйымдастырушылары 5В011000-Физика мамандығының 4-курс білімгерлері және топ кураторы Б.Р.Сакибаева.

Кураторлық сағаттың мақсаты: азаматтықты, Қазақстандық патриотизмді, Отаны алдындағы жауапкершілікті тәрбиелеу.

Ұлттық сана дегеніміз сол ұлтты құрайтын халықтың әр адамының жеке тұрмыс-тіршілігінің сыртында өз ұлтының мүддесін, халқының тағ­ды­рын, ұрпағының болашағын ойлау қабілетінің ұлттық деңгейге көтеріліп, жалпы қоғамға тән ортақ сипатқа ие болған ұжымдық түрі, яғни ұжымдық сана. Ұлттық сана абстракты ұғым емес, ол ұлт тірлігінің тұрмыстық көрінісі, былайша айтқанда, сол ұлтты құрайтын халық­тың бүкіл ғұмырнамасының, әдет-ғұрпының, салт-дәстүрінің, әдебиеті мен мәдениетінің, өнерінің, тұрмыс-тіршілігінің тарихын білу дәрежесі, яғни халықтың өзін өзі жете танып, түсінуі. Ұлттық сана ұлттық дүниетанымға негізделеді. Ал ұлттық дүниетаным дұрыс таным-түсінік арқылы өріс жайып, ұлттық дәстүр арқылы өз болмысын танытады.                    

2018 жылдың 26 қаңтарында физика-математика факультетінің физика және ФОӘ кафедрасы ПОҚ-ы ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Т.Сарыбаевпен кездесу өтті. Кездесу барысында Елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы қарастырылды. Шараға физика-математика факультетінің 1 курс білімгерлері қатысты.

Жиында «Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Т.Сарыбаев Елбасының биылғы Қазақстан халқына Жолдауының мән-мағынасына тоқталып, физика-математика саласы бойынша жоғары білімге қатысты міндеттерді атап өтті.

Кездесу соңында білімгерлер Жолдау тапсырмаларын орындауға байланысты өздерінің қосатын үлестері туралы пікірлерін білдірді. Аталған кездесу өте әсерлі және жоғары дәрежеде өтті.                  

2018 жылдың 27 ақпанында физика-математика факультеті 5B011000-«Физика» мамандығының І курс кураторы Д.Е. Куатбаева «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Алматы облысының Қазақстан Халқы Ассамблеясының жоспарына сәйкес білімгерлер арасында «Жастар арасында патриоттық сезім мен жауапкершілікті арттыру» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді. Іс-шараға Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі Н.В.Якимчук, физика және физиканы оқыту әдістемесі кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы және физика-математика факультеті деканының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Р.Ж.Жексембаева, физика-математика факультеті кураторлар кеңесінің төрайымы Г.Мурсакимова қатысты. Тәрбие сағатының мақсаты – білімгерлерді Отанды сүюге, оны құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу; еліміздегі өскелең ұрпақтың туған жерге деген патриоттық сезімдерін ояту және одан әрі арттыру; жас ұрпақты елгезектікке, елжандылыққа тәрбиелеу.                  

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көтерген міндеттер аясында 2018 жылғы 16 наурыз күні 6М011000-«Физика» мамандығының 1 курс магистранттарының ұйымдастыруымен «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты – елдің 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуге кірісуі керектігі және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс деген мәселені көтеру.

Іс-шараға физика және ФОӘ кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, 5В011000-«Физика» мамандығының білімгерлері және факультеттің кураторлар кеңесінің төрайымы Г.А.Мурсакимова қатысты. Пікір алмасу барысында латын әліпбиінің ерекшеліктері талданып, оған көшудің барлық кезеңдерінде әрбір қазақстандық азамат өз үлесін қосуы қажеттілігі айтылды. Дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтті.                    

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылғы 28 наурыз күні 5В011000 – «Физика» мамандығының 1,3 курс кураторлары Д.Е. Куатбаева мен Р. Халымұлының ұйымдастыруымен «Табиғи болмысымыз бен ұлттық қорымызды сақтайық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты – ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Іс-шараға физика және ФОӘ кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, 5В011000-«Физика» мамандығының білімгерлері және факультеттің кураторлар кеңесінің төрайымы Г.А.Мурсакимова қатысты. Пікір алмасу барысында ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс екені айтылды. Дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтті.                    

2018 жылғы 9 сәуір күні физика және ФОӘ кафедрасы ПОҚ-ы мен Ғ.Орманов атындағы қітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Жақсы кітап – жан азығы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға 5В011000 «Физика» және 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының білімгерлері қатысты. Іс-шараның мақсаты – жастарды патриот болуға және адамгершілікке тәрбиелеу; ана тілге мұқият қарауға, оқу мәдениетін қолдау мен дамытуға, рухани мұраны сақтауға жәрдемдесу.

Пікір алмасу барысында «Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша таңдап алынған үш кітап талданды. Сонымен қатар, Ғ.Орманов атындағы кітапхана қызметкерлері кітапхананың кітап қорымен, электрондық оқулықтар базасымен таныстырды.

Оқу мәдениеттілігі алдымен оқуға деген көзқарас қалыптастырудан, оқырманнан кітап арқылы әлемді танып, оқудан өзіне пайда ойлауға тырысуынан басталатынын ескерсек, өткізілген іс-шара өте маңызды болып табылады.                  

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылғы 10 сәуір күні физика және ФОӘ кафедрасының профессор-оқытушылары құрамының ұйымдастыруымен «Өскелең ұрпақты рухани адамгершілік рухына тәрбиелеу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға «Нұр» мешітінің наиб имамы Жансерік Өмірсерікұлы Алпысбаев, сонымен қатар І.Жансүгіров атындағы ЖМУ жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер департаментінде дін істері жөніндегі маман Еркебулан Алимбатырұлы Немелбаев, физика-математика факультетінің кураторлар кеңесінің төрайымы Г.А.Мурсакимова қатысты. Іс-шара жастардың дінге қатысты сауатын ашу әрі деструктивті діни ағымдардың таралуының алдын алу мақсатында өткізілді. Тақырыпты талқылау барысында студенттер дін мәселесі бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтті.                    

2018 жылғы 12 сәуір күні 2 курс білімгерлеріне физика және ФОӘ кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз Қазақстан ғарышкері» тақырыбында көрме ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстанның ғарышкері Айдын Айымбетов жайлы кең мағлұмат бере отырып , білімгерлерге оның азаматтық-патриоттық тұлғасын таныстыру, шәкірттерді патриотизм үлгісінде тәрбиелеу. Іс-шараға физика және ФОӘ кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, 5В011000-«Физика», 5В073100-«Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығының білімгерлері және физика-математика факультетінің кураторлар кеңесінің төрайымы Г.А.Мурсакимова қатысты.

2018 жылғы 19 сәуір күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 5В011000-«Физика» мамандығының 2 курс білімгерлерінің кураторы Д.Е.Куатбаеваның ұйымдастыруымен «Жергілікті туризм» тақырыбында дөнгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жергілікті туризм және оның қалыптасу тарихымен танысу, Қазақстанның туристік ресурстарын анықтау, ұлттық туризмнің салыстырмалы сипатын беру және еліміз үшін бәсекеге қабілетті ұлттық туризм индустриясын құру, қазіргі экономикалық дағдарыстағы туризм индустриясының келбетін анықтау. Іс-шараға физика және ФОӘ кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Дөнгелек үстел жоғары денгейде өткізілді.                      

2018 жылғы 11 мамыр күні І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің №2 жатақханасында физика-математика факультетінің аға оқытушысы Э.С.Сергазинова мен Ә.Б.Абдулаеваның ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылық – ел тірегі!» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты – білімгерлерді ұлттық құндылық түсінігімен таныстыру, халықтық салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, мейірімді, қайырымды болуға тәрбиелеу. Пікір алмасу барысында білімгерлер өз ойларын ашық жеткізіп, қазіргі таңдағы ұлттық құндылықтарды сақтау жолдарына талдау жасады.

2018 жылғы 17 мамырда физика-математика факультетінде физиканы оқыту әдістемесі кафедрасының профессоры Қ.Т.Намазбаевтың ұйымдастыруымен «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты акция аясында 1-3 курс білімгерлеріне арналған семинар өтті.

Семинар мақсаты – болашақ мамандардың сыбайлас жемқорлық туралы түсініктерін қалыптастыру, адал еңбек етуге, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Іс-шараға физика және ФОӘ кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен 5В0111000-«Физика» мамандығының білімгерлері қатысты.

2019 жылдың 18 қазан күні Жаратылыстану факультетінде физика мамандығының 1,2 курс топ кураторлары М. Түсүпбаева мен А. Сагадинованың. ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты тәрбие сағатын өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.                     

                     

           

2019 жылы «Үздік куратор» байқауынан жүлделі I орынды жеңіп алған физика кафедрасының оқытушысы Түсүпбаева Мөлдір Бақытбекқызы.                            

КАФЕДРА ЖЕТІСТІКТЕРІ

Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Андасбаев Ерлан Сүлейменұлы 2012-2013 оқу жылында "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" мемлекеттік грантының иегері атанды»

2018-2019 оқу жылында педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Ж.Жанатбекова «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» төс белгісімен марапатталды.

2015-2016  оқу жылында п.ғ.к., академиялық профессор Намазбаев К.Т.  жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин» белгісімен марапатталды.

Физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Г.К.Калжанова «Қазақстан Республикасының  білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталды.

Университетіміздің ғылыми Кеңесінде Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуына, егемендігінің нығаюы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқаны үшін   І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті физика және физиканы оқыту әдістемесі кафедрасының профессорлары: техника ғылымдарының докторы Ерлан Сүлейменұлы Андасбаев, физика-математика ғылымдарының кандидаты Разах Сакибаев, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Қанабек Таубекұлы  Намазбаев «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Қазақстан республикасының Ғылым саласындағы ерен еңбегі үшін төс белгісімен педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а. Н.Ж.Жанатбекова марапатталды.

БІЗДІҢ ОҚЫТУШЫЛАР
Назым Жанатбековна

    Жанатбекова Назым Жанатбекқызы

    Жаратылыстану факультетінің деканы

    +7 (7282) 25-38-19
    (2233)
    n.zhanatbekova@mail.ru
    n.zhanatbekova@zhgu.kz

    ТОЛЫҒЫРАҚ

    Акжолова Алия

      Ақжолова Әлия Әбдірайымқызы

      Физика кафедрасының меңгерушісі

      +7 (707) 760-14-01
      (2246)
      aaa_25.24.79@mail.ru

      ТОЛЫҒЫРАҚ

      Канабек Таубекович

        Намазбаев Канабек Таубекович

        Академиялық профессор

        +7 (7282) 31-34-39
        (2246)
        kanabek_namazbaev@mail.ru

        ТОЛЫҒЫРАҚ

          Андасбаев Ерлан Сүлейменұлы

          Профессор

          +7 (7282) 22-16-06
          (2246)
          erl872@mail.ru

          ТОЛЫҒЫРАҚ

          Калжанова Гульмира

            Калжанова Гулмира Кенесовна

            Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығының директоры

            +7 (7282) 22-40-18
            (2246)
            kgk67@mail.ru

            ТОЛЫҒЫРАҚ

            449

              Сакибаева Бэла Разаховна

              Аға оқытушы

              +7 (7282) 25-54-14
              (2246)
              lola@mail.ru

              ТОЛЫҒЫРАҚ

              Динара Ахметовна

                Турсынбаева Динара Ахметовна

                Аға оқытушы

                +7 (7282) 22-17-79
                (2246)
                diko26@mail.ru

                ТОЛЫҒЫРАҚ

                Айгерим

                  Абдулаева Айгерим Бекмуханбеткызы

                  Аға оқытушы

                  +7 (7282) 32-40-93
                   (2246)
                  abdulaeva_aigerim@mail.ru

                  ТОЛЫҒЫРАҚ

                  Анастасия

                    Шендель Анастасия Владимировна

                    Оқытушы

                    son_14@inbox.ru

                    ТОЛЫҒЫРАҚ